Субтропикалық белдеу.Субтропика белдеуінде ылғалды орман аймағы – 20%, ксерофитті орман және бұталық дала аймағы 30%, шөлейт және шөл аймағы 50% құрайды. Субтропикалық ылғалдыорман аймағының аумағы – 370 млн. га.Субтропикалық ылғалдыорман аймағында сары және қызыл топырақтар кең таралған. Олар жауыншашын мөлшері – 10002500 мм, 10 0Стан жоғары температура жиынтығы 4000-8000° құрайтын жағдайларда қалыптасқан. Тропикалық белдеу. Тропикалық егіншілік ауданы әлем егіншілігінің 20% құрайды. Бұл белдеуде өсетін көп дақылдар басқа жерлерде өспейді. Тропикалық жағдайда бір жылда дақылдардан үш өнім алу мүмкіншілігі бар. Тропикалық ылғалды-орман жерлердің жалпы ауданы 2230 млн. га құрайды. Бұл жерлердің топырақтары екі аймаққа бөлінеді: біріншісі – қызылсары ферраллит топырақтар аймағы, екіншісі – муссонды тропикалық ормандар мен биік шөпті саванналардың қызыл топырақтар аймағы. Топырақ-климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді. Олардың атмосфералық ылғалдануының және өсімдік дүниесінің ерекшеліктері болады. Топырақ-биоклиматтық облыстары келесідей:
-орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс;
-далалық, ксерофитты-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық облыс;
-шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ облыс.
2)Топырақ жамылғысы құрылымы деген ұғымды қалай түсінесіз? Анықтама беріп көріңіз. Жауап: Топырақтың жер бетіндегі географиялық таралу заңдылықтарын тұжырымдай отырып, топырақ жамылғысы көптеген факторлардың әсерінен түзілетінің және оның құрылымы мен қасиеттері географиялық ортаның әсерінен қалыптасатынын көреміз.
Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы Жер бетінің кеңістігінде
əр түрлі топырақтардан қалыптасады. Топырақ жамылғысының құрылымы туралы ұғым белгілі бір аумақта кездесетін топырақ түрлерінің құрамын, олардың таралу формасын және өзара орналасу ерекшеліктерін сипаттайды.