Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер


Президенттің жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасының талаптары



бет5/7
Дата27.04.2022
өлшемі88 Kb.
#141103
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-13765

5. Президенттің жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасының талаптары.
Президентіміздің жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасының жаңа тармақтары болашақта іске асатын болса, халық біршама жақсылыққа қол жеткізетін тәрізді. Бұл орайда Елбасының сегіз талабын атап өтпеске амал жоқ. Олар:

  1. Мемлекеттік қызметші биліктің өкілеттілігін пайдалана білуі қажет, бір-ақ, адал болуы шарт.

  2. Мемлекеттік қызметте өзінің жағдайына емес, мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеу керек. Мемлекет қаржысын жеке қалтасымен шатастырмаған жөн.

  3. Шенеунік «Қалай өмір сүріп отырсың?» деген сауалдан қорықпауға тиіс (Әгарәки газетте әлдебір айына 30-40 мың теңгелік жалақысы бар әкімсымақтың биік дуалды зәулім үйі мен шетелдік қымбат машинасының суреті басылатын болса, онда ол міндетті түрде жауап қайтарсың).

  4. заңдардың толық талаптарына сай өмір сүру керек.

  5. Қай қызметте болмасын халықтың сенімін жоғалтпау қажет.

  6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, байсалдылықтың, жұрт алдында өзін ұстай білушілктің (Елбасы бұл ретте боқтампаздыққа салынбау керектігін ескертті) өнегесін көрсетуі тиіс.

  7. Мемлекеттік қызметші ұжымды басқалардан бұрын өз қызметкерлерінен талап ететініндей, бағына білуді үйренгені жөн.

  8. Егерде мемлекеттік мүддесіне шығын келгелі тұрса немесе жемқорлыққа жол әзірленіп жатса, тез арада араласып, тиісті шара қолдану керек.

Бір сәт төмендегі деректерге назар аударалық.


Жемқорлығы үшін лауазымды шенеуніктердің үстінен 2007 жылы 1700-дей қылмыстық іс қозғалыпты.
2008 жылы республика бойынша 1581 жемқорлық қылмыс тіркелген. 520 жемқор сотталған. 990 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 69 сыбайлас жемқорлық фактісі - әкімдердің еншісінде. 18 әкім сот арқылы жазаланған.
2008 жылдың наурыз және сәуір айларында республикалық Кеңеске заңды және жеке тұлғалардан 45 ұсыныс келіп түсті. Бас прокуратураның құқықтық-статистика орталығының мәліметі бойынша үстіміздегі жылы еліміздегі 218 лауазым иесіне қатысты 332 қылмыстық іс қозғалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет