7. Қорытынды.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық бүгінде жүйелі сипат алған, яғни биліктің барлық сатысына енген, сол себептен оны түбегейлі жою қиынға соғуда. Соған қарамастан, онымен күрес жүріп келеді және болашақта да жүре бермек, өйткені бұл мәселе бедел үшін емес, Қазақстанның жарқын болашағы үшін аса маңызды. Жемқорлықпен күрестің нәтижелі болуы көбіне-көп билік пен қоғамның күш-жігерлерін біріктірумен байланысты.
Жемқорлық – бұл шын мәнінде де әлемнің барлық елдері күресіп отырған күрделі қоғамдық мәселелрдің бірі. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру бойынша стратегиялық мәселесіне жемқорлықпен күрестің де маңызы зор.
Иә, қазіргі уақытта мемлекеттік органдарға азаматтық қоғамның толыққанды қолдауынсыз жемқорлықпен күрес жүргізу өте қиын. Бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық құрылымдардың бытыраңқы әрекеттерінің де тиімділігі аз. Олардың қызметіне жүйелі түрде қоғамдық бірлестіктер мен саями партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын сондай-ақ орта және шағын кәсіпкерлер өкілдерін жұмылдырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |