Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер


Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестері және жұмыс істеу әдістері



бет4/7
Дата27.04.2022
өлшемі88 Kb.
#141103
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-13765
Силлабус ТЖТ 2 - курс Шет т (3), 32, Матем,география,орыс тілі және әдебиет пән-н Олимпиада
4. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестері және жұмыс істеу әдістері.
Елімізде жемқорлықпен күрес барынша ауқымды жүргізіліп жатқандығы белгілі. ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы Заң қабылданды. Мемлекеттік орган болып табылатын арнайы экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін агенттік құрылды. Күрделі капиталдарға амнистия жарияланып, мүліктерді жекешелендіру бағытында жеңілдіктер жасалынды. Алайда мұнымен жемқорлық азайған жоқ.
Мемлекет басшысының тапсыруымен «Нұр Отан» партиясының барлық аумақтық және аймақтық филиалдарында Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестер ашылды. Олардың басты міндеті - әр облыста, әр қала мен кентте, әрбір ауылда жемқорлық сипатқа кез келген фактілер мен көріністер төзімсіздік жағдайын қалыптастыру. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі әдістерінің ішінде мыналар бар:
Біріншіден, жемқорлық бойынша нақты фактілерді қарау және оларды тиісті органдарға жолдау.
Екіншіден, осы фактілер бойынша қабылданған шешімдердің іске асырылуына қоғамдық бақылау ұйымдастыру.
Үшіншіден, жемқорлық көрінісіндегі фактілерге және осыған жол беруші лауазымды тұлғаларға қоғамдық-саяси баға беруді қалыптастыру.
Төртіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарына Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кеңінен жариялау. БАҚ жемқорлықпен жаппай күрестегі қуатты ресурс бола алады.
Маңыздысы – Қоғамдық кеңестердің қызметі тек ашықтық, алқалылық және жүйелілік принциптеріндегі құқықтық алаңда жүргізілетін болады.
Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі басыңқылығы – қоғамымыздың белсенді де беделді барлық мүшелерінің, яғни қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, орта және шағын кәсіпкерлік өкілдерінің, ал болашақта – Қазақстан халқының ең ауқымды жіктерінің күшін біріктіру.
Қоғамдық кеңестер жұмысына жастар бойындағы күш-қуатты, ізгі максимализмді және әділдікке деген құштарлықты пайдалану қажет. Қоғамдық кеңестер заңдылықты бұлжытпай орындау принципін сақтай отырып, ашық жұмыс істеуге міндетті.
Сөйтіп, қоғамдық кеңес басшыларына үлкен жауапкершілік жүктеліп, олардың алдына маңызды міндет, яғни ешбір шенге, атақ пен лауазымға қарамастан жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу міндеті қойылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет