6. «Жемқорлық – жабық құбылыс» социологиялық сауалнаманың нәтижелері.
Қазақстанда жоғарыдан төмен қарай сыбайластық нарығы қалыптасқаны жасырын емес. Осы орайда қоғамның жегі құртымен күреске Қазақстанның Социологтары және саясаттанушылары ассоциациясы (ҚҚСА) да кірісті. Жемқорлықпен күреске байланысты социологтар «Жемқорлық – жабық құбылыс» атты социлогиялық сауалнама жүргізді.
Осы зерттеу жұмысының нәтижесі заң қызметкерлері ортасындағы, әсіресе осыған дейін де айтылып келген жол полициясы қызметкерлерінің арасындағы жемқорлықтың басымдығын көрсетіп отыр. Сауалнамаға жауап берген респонденттер сонымен қатар, аудандық, қалалық және облыстық атқарушы органдарға да теріс баға берген. Үшінші орында білім және денсаулық сақтау саласы болса, төртіншіде банктер аталған.
Жемқорлық – социологиялық сауалнамаға оңайдан беріле қоймайтын жабық құбылыс. Қазақстанның социологтары және саясаттанушылары ассоциациясы халықты жемқорлыққа қарсы күрестің жүргізілуінен құлағдар ете отырып, пара алушыларға қарсы тұруға шақырады. Ол үшін социологтар, журналистер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің еңбектері қажет.
Жүргізген зерттеу жұмысының көрсеткіші бойынша пара алушылар Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарына қарағанда оңтүстік жағында басым болған. Неге?
Оған себеп көп. Біріншіден, әр жердің менталитетіне қарай бөлуге болады. Мысалы, оңтүстікте әсіресе болмашы нәрсеге бола бір-біріне сый-сыяпат жасағанды жақсы көреді. Бұл біртіндеп бойымызға еніп, енді дәстүрге айналып кеткен. Осы дәстүр мәселенің шешімін табуға арналған құралдың орнын басты. Осыдан барып жемқорлықтың қарапайым адамгершілік қарым-қатынастан туындаған өнім екенін дәлелдеуге болады.
Екіншіден, оңтүстікке құқықтық түсінік өте төмен. Керек десеңіз шенеуніктердің арасынан да заңдылықтары дұрыс түсіне бермейтіндер табылып жатады. Бұл да жемқорлыққа апаратын бір жол. Адамдар басына түскен мәселесін пара арқылы ғана шешуге тырысады. Оны заң жүзінде шешудің емес, шенеунікке пара берудің жолын іздестіреді.
Үшіншіден, оңтүстік депрессиялық аймаққа жатады.
Осы жерде айта кететін жайт, социологиялық зерттеу бойынша оңтүстікте тұратын жұмыссыз, тұрмысы нашар дегендердің өзі үлкен қалада тұратындардың деңгейінде пара береді екен. Демек, депрессиялық аймақ пен еліміздегі ең ірі қаланың парақорлық көрсеткіші бірдей болып отыр. Қазіргі таңда үлкен болсын, кіші болсын қалалардағы қалталы азаматтарымыз жетерлік. Сондықтан пара мөлшері бұл аймақтардағы құлқынға кететін ақша деңгейінің төмен емес екенін көрсетеді. Кей жерлерде бизнес дамуының да деңгейі байқалады. Зерттеуден байқалғаны параны көбінесе орташа айлық табысы 50 мың теңгені құрайтын азаматтар береді.
Қазақстандағы жемқорлықтың жалпы
көрсеткіші
Республикалық статусы бар қалалар, облыстар
|
Жемқорлықтың жайлауы
|
Пара берудің теңгемен көрсеткендігі орташа деңгейі
|
Жемқорлық рыногының көлемі (млн.теңгеге шаққанда)
|
Республика
Астана қ.
Алматы қ.
Ақмола қ.
Ақтөбе
Алматы обл.
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
|
64,2
66,9
69,9
64,7
58,5
59,9
64,4
46,8
81,4
75,8
74,7
53,2
70,1
72,1
47,5
55,1
70,7
|
79990
32669
126999
192854
419944
62437
39964
24464
124174
40791
32875
52510
100429
57861
16860
13107
126640
|
403
5,7
60,6
50,7
6,2
24,4
5,5
6,7
47,1
12,2
21,3
10,2
25,9
4,3
4,1
2,1
116,0
|
Достарыңызбен бөлісу: |