Сыбайлас жемқорлықтың елдің саяси
дамуына тигізетін әсері.
Сыбайлас жемқорлықтың саяси салдарына келетін болсақ, ол мемлекеттік саясаттың бағытын жалпы ұлттық дамудан олигархиялық топтардың басқаруын қамтамасыз етуге көшеді. Бұл мемлекетті басқарудың демократиялық негізін әлсіретеді және халықты мемлекеттік шешімдер қабылдау үрдісінен шеттетеді. Нәтижесінде биліктің халық алдындағы лигитимдігі жойылып оны күшпен құлату қаупі төнеді. Осы жерде ескеретін бір мәселе, ол 2006 жылғы Қырғызстандағы «қызғалдақ төңкерісі» мен Тайландтағы Т.Чинавата үкіметін тақтан тайдырудағы негізгі басты себептердің бірі, ол аталған елдердегі сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейге жетуі, яғни қарапайым халықтың биліктің езгісіне шыдамының таусылуынан болған жағдай.
Билікке деген сенім азайып, ол қоғамнан шеттей түседі. Биліктің заңдылығына қауіп төнумен қатар, билік пен халық арасындағы алшақтық басқару шешімдерінің сапасын төмендетеді, бұл өз алдына ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұрғаны сөзсіз. Нәтижесінде байланысты үзіп алған Орталық қоғамда болып жатқан үрдістер жайында шынайы ақпарат алудан айырылады. Осыдан барып билік қауқарсыздана бастайды, қоғамның Орталықтың жүргізіп отырған саясатына серпілісі туралы ақпаратқа сүйене отырып, стратегиялық бағыт пен нақты шешімдерге өзгерістер енгізе бастайды.
Саяси бәсекелсетік төмендейді, бұрмаланады және мағысанын жоғалтады. Азаматтардың демократиялық құндылықтардан көңілдері қалады. Мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал ететін демократиялық институттардың ыдырау қаупі пайда болады. Сонымен қатар, саясат пен экономиканың арасындағы тығыз байланыстарды ескерсек, онда демократиялық негіздердің күйреуі Қазақстанды әлемдік өркениет дамуының соңында қалдыратыны сөзсіз.
Әлита және түрі топтар арасында қарама-қайшылықтар шиеленісе түседі, өйткені сыбайлас жемқорлық әлеуметтік және экономикалық топтардың өз мүддері үшін күресте оның заңды саяси жолдарын жауып тастайды , оның негізгі себебі қоғамдық-саяси ымырашылдықтың негізін қалайтын шынайы «ойын тәртібінің» толығымен жойылуында. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы саяси және кландық топтардың бір-бірімен қақтығыстарында екіншісіне соққы беретін, тиімділігі жоғары құрал ретінде қолданылады.
Елдің халықаралық қауымдастық алдында беделі түседі, оған экономикалық және саяси оқшаулану қаупі төнеді. Сонымен қатар, соңғы онжылдықтағы әлемдік тәжірибені қарайтын болсақ, шететтілген мемлекеттер үшін сырттан араласу қаупі бірден ұлғая түседі. Қазақстанның геосаяси және геоэкономикалық мүмкіндіктерін ескерсек, мұндай қауіптердің бірнеше есе артатыны белгілі.
Есірткі бизнесімен, адам саудасымен, заңсыз қару-жарақ сатумен байланысты халықаралық лаңкестік пен ұйымдасқан қылмыстың кең етек жаюларына жағдай туындайды. 2001 жылы 10-шы Халықаралық жемқорлыққа қарсы конференция барысында, Интерполдың Бас хатшысы Рональд Нобль: «Ешкім лаңкестікке қарсы күресті жемқорлықпен күреске бөле алмайды, өйткені олардың түп-тамыры бір. Біз бүгін жаңа заңдар қабылдай отырып, бірлесіп қарсы тұруымыз қажет. Бірақ полиция мен кеденді жемқорлықтан арашалап алмай, біздің бұл әрекеттеріміз нәтижесіз болары сөзсіз. Бүгінде жұмыс жасап жатқан тамаша қауіпсіздік қызметтері жемқорлықпен сыбайлас болса, онда олар қауқарсыз. Жемқорлық бүкіл әлемде миллиондаған адамдарды құрбан етуде, қайыршылыққа жетелеп, дәрменсіздік пен үмітсіздікке соқтыруда. Мұндай жағдай, бірінші кезекте қылмыстық мақсаттарын іске асыру жолында одақтастар іздегендер үшін жағымды орта қалыптастыруда» деген еді.
Қорыта келгенде, жемқорлықтың саяси салдары елдің ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор қауіп төндіретінін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |