Сиырдың физиологиялық жетілуі Қыятов Ф. Б. Вс-301


Сиырдың күйлеуі және оның қайталану циклы



бет2/7
Дата10.02.2022
өлшемі27,21 Kb.
#131377
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сиырдың физиологиялық жетілуі Қыятов Ф.Б. ВС-301

Сиырдың күйлеуі және оның қайталану циклы. Сиырдың күйінің келуі жатырдағы пісіп-жетілген фолликул бөліп шығаратын жыныс гормондары әсерінен болады, Сиырдың күйлеуі 18 сағатқа созылып, 6 сағаттан 36 сағат ішінде өтеді.
Күйі келген сиырдың тынышы кетіп, орын таппай, азыққа тәбеті шаппайды, сүтін азайтып жібереді. Егер байлауда болса, сиырдың күйтін өткізіп алмау үшін қораға серуенге шығарып тұрған дұрыс. Күйі келген сиыр, әдетте айналасындағы; сиырлар артылса да қозғалмайды, қарсылық көрсетпейді.
Сиырдың күйті басталардан 15 сағаттай бұрын оның сыртқы жыныс органдарынан жыныс шылымы ағады, ол орта есеппен 30 сағатқа созылуы мүмкін.
Ад жатырдағы фолликулдан аналық клеткалар сиырдың қүйті басталғанынан 24 сағат өткенде шығады. Демек, сиырды ұрықтандырудың ең қолайлы уақыты сиырдың күйлеуінің екінші жартысы.
Бұқаның жыныс клеткалары сиырдың жыныс жолдарында 8-ден 24 сағатқа дейін тіршілік ете алады. Сондықтан сиырды арасына 10—12 сағат салып, екі рет ұрықтандырған дұрыс. Ұрықтандыруды сиырды сауар алдында жүргізген жөн. Себебі ондайда сиырдың ұрықтану сапасы арта түседі деген болжам бар. Сиырдың күйлеу циклы қатаң сақталып, әрбір 21 күнде қайталанып. отырады. Әрбір цикл 12—40 күнге созылуы мүмкін. Күйлеу циклының қайталануына сиырдың арық немесе семіз болуы да әсер етеді. Сиыр арық болған жағдайда күйлеу циклі аралығы ұзара түседі. Сиырдың қатар келген екі күйлеуі арасындағы уақыт мөлшерін жыныстык цикл деп атайды.
Жыныстық циклдың бұзылуына сиырдың денсаулығы, буаздығы, қоңынын жоғары-төмендігі және тағы басқа жағдайлар әсер етеді.
Сиырды ұрықтандырудың тәсілі мен техникасы. Ұрықтандыруға дені сау, жақсы өсіп-жетілген, салмағы дұрыс, күйіне келген сиыр мен тайыншаны қосады. Практикада сиырларды ұрықтандырудың ең көп тараған тәсіліне мыналар жатады:
1. Бұқаны табында сиырмен бірге ұстау
2. Күйлеген сиырға бұқаны жекелеп қосу
3. Сиырды қолдан ұрықтандыру
Бұқаны сиыр табынында бірге ұстағанда бір маусымда бір бұқа 30—40 сиырды ұрықтандыра алады екен. Аталған тәсіл көбінесе етті бағыттағы мал өсіретін шаруашылықтарда көп тараған. Бұл тәсілді қолданған шаруашылықтарда табынға бір жұмада бір бұқа қосады да, жұмасына бұқаға бір тәулік демалыс береді. Бұқаны түнге қарай табыннан бөліп алып, күтімге қояды.
Қанша айтқанмен, жұмысы көп, тиімділігі аз бұл тәсіл өз маңызын жойып, келешекте қолдан ұрықтандыру тәсілімен толық алмастырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет