Сиырдың қысыр қалу себептері. Мүйізді ірі қара басының өсуіне сиырдың қысыр қалуы мен іш тастауының зиянды әсері мол. Сиырдың қысыр қалуының басты-басты себептері мыналар: сапасы төмен, биологиялық құны жоқ азықпен азықтандыру, малды серуенге шығармау, қораны желдетпеу, ұрықтандыруды дұрыс ұйымдастырмау, бұқаның ұрығын жете тексертпеу, сиырдын ұрықтанған-ұрықтанбағанын уақтылы (2 ай өткен соц) тексермеу және сиырдың жыныс жолдарында аурудың болуы т. б.
Бұзаулаған сиыр 1,0—1,5 ай өткен соң күйлемесе, онда ол сиырды мал дәрігерге апарып, мұқият тексеріс қажет. Қоңы төмен болған жағдайда, азықтық мөлшері мен сапасын жақсарта түскен жөн.
Сиырларды уақтылы ұрықтандырмау олардың қысыр қалушылығын көбейте түседі. Сиырдың күтіміне де баса назар аудару қажет. Сапасы төмен азық малдың іш тастауының бірден-бір себебі.