Сиырдың физиологиялық жетілуі Қыятов Ф. Б. Вс-301


Сиырды қолдан ұрықтандыру



бет4/7
Дата10.02.2022
өлшемі27,21 Kb.
#131377
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сиырдың физиологиялық жетілуі Қыятов Ф.Б. ВС-301

Сиырды қолдан ұрықтандыру. Соңғы ширек ғасырда мүйізді ірі қара шаруашылықтарында кең тарағаң прогрессивті тәсіл. Басқа тәсілдермен салыстырғанда көптеген артықшылығы бар. Бұл тәсілді қолданғанда әйгілі асыл тұқымды бір бұқамен жүздеген, мыңдаған сиырларды ұрықтандыруға болады. Бұқа бір ретте 6 — 8 см3 ұрық береді. Осы ұрықпен 10 сиырды қолдан ұрықтандыруға болады. Демек, жылына 2000—3000 сиыр ұрықтандыруға болады. Ал 6—8 см3 ұрықты арнайы ерітінді қосып, сұйылтса, онда бір бұқа ұрығымен он мыңдаған сиыр ұрықтандыруға болады. Сонымен қоса айтатын жай — сиырдың қысыр қалуы сирейді, бұқаны күтуге қажет шығын азаяды, асыл тұқымды бір бұқадан мыңдаған ұрпақ алуға мүмкіндік туады.
Ұрықтандыру әдістеріне:
1. Сиырдың жыныс жолын кергіш айна қолданып ұрықтандыру.
2. Моно-цервикальды әдіс (арнайы қолғап киіп, ұрык толы қысқа пипетканы сиырдың жыныс жолына қолмен апару).
толы қысқа пипетканы сиырдың жыныс жолына қолмен апару).
3. Ректо-цервикальды әдіс (қолды сиырдың тік ішегіне сұғып, ұрық толтырылған пипетканың жатырға түсуін қолмен туралап апару).
Бұл әдіс айтылған әдістердің ішіндегі ең тиімдісі. Ұрықтандыруды жүргізетін техниктің өз ісінің маманы, тәжірибелі, тыңғылықты болуын талап етеді. Жеке меншік сиырларды да күйлегенде осы маңдағы шаруашылықтың ұрықтандыру пунктіне апарып, ұрықтандырып алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет