Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»



бет2/15
Дата05.11.2016
өлшемі3,44 Mb.
#437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Дәріс сабақтары:
Тақырып 1. «Педагогика тарихы» курсының теориялық әдіснамалық негіздері. Педагогика тарихы курсы пәні және міндеттері. 1 сағат
«Педагогика тарихы» ғылым ретінде. Педагогика тарихы пәні, міндеттері. Педагогика тарихының әдіснамалық негізі. Педагогика тарихының философиямен, мәдениет тарихымен, азаматтық тарихпен, әлеуметтанумен, мәдебиетпен және басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихындағы тарихи педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері.
Тақырып 2. Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы. 1 сағат

Алғашқы қауымдағытәрбие генезисі тұжырымдамасы.Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы. Жанұяның пайда болуы. Жанұядағы бала тәрбиесі. Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.


Тақырып 3. Ежелгі мектеп пен тәрбие 1 сағат

Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу. Ежелгі Египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалықойлардың пайда болуы. Жерорта теңізіндегі Антикалық әлем тәрбиесі мен мектеп. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие Эллин дәуіріндегі тәрбие мен білім беру. Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.


Тақырып 4. Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар. 1 сағат

Византиядағы мектеп пен тәрбие. Тәрбие мен білім беру жүйесі. Византиядағы педагогикалық ойлар. Ортағасырлыұ Шығыстағы мектеп пен тәрбие. Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.



Тақырып 5. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XYII ғасырдың ортасы - XYIII ғасырдың аяғы) 1 сағат

Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар. XYII - XYIII ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар. Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары. Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу ағарту мекемелерінің жаңа типтері.

Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дж. Локк және Ж.Ж. Руссоның педагогикалық теориясы. К.А. Гельвецийдің педагогикалық мұрасы.
Тақырып 6. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие

(XIX - XXI ғасырлардағы мектеп пен тәрбие ) 1 сағат

Жалпы көзқарас. Философиядағы педагогикалық ойлар. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары. XIX - X I ғасырдың педагогикалық классиктері. И.Г. Песталоцийдің, А. Дистервергтің педагогикалық теориясы.


Тақырып 7. Ресей тарихындағы мектеп және тәрбие. X - X X ғасырлардағы Ресейдегі мектеп пен білім беру. 1 сағат

Ағарту ісінің дамуының бастау алуы. Ресейде хрестиандықты қабылдау және мектептер дамуының басталуы. Шіркеулік діни педагогика. Баланың жанұядағы тәрбиесі. Оқытудың типтері. Туысқандық мектептер, академиялар.


Тақырып 8. XYIII ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика. 1 сағат

Халықтық педагогика құралдары. Білім беру және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. Тұңғыш мемлекеттік тәрбие білім мекемелері. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп.



Тақырып 9. Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы 1 сағат

С.Т. Шацкий, П.П. Блонскийдің педагогикалық көзқарастары. А.С. Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. А.В. Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. Халық ағарту комиисариатының алғашқы тәжірибе мектептері.


Тақырып 10. Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика. 1 сағат

Ғылым мен гуманизм үшінші мыңжылдықтың әлемаралық құндылығы. Қазіргі педагогикалық технологиялар. Тұлғаға бағдарланған технологиялар. Негізгі тұжырымдамалық идеялар. Ынтымақтастық педагогикасы. Ш.А. аманошвилидің гумандық тұлғалық технологиясы. Орта және жоғары мектептің даму тенденциялары. Қазіргі жағдайдағы үздіксіз білім берудің ұлттық жүйксін дамыту мәселелрінің сипаты.


Тақырып 11. Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой пікірлер. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI- XY ғ.ғ) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер. 1 сағат

Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, Әл Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен мен қайнар көзі. Қазақ халық педагогикасы. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар. Ұлы Дала ойшылдарының педагогикалық ой пікірлері Қорқыт ата, Яссауй.


Тақырып 12. XY ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық ой - пікірлер. 1 сағат

Қазақ жырауларының (Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұхар жырау) жырларының тәрбиелік қолданбалы және идеялық эстетикалық мәні. Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі патша саясаты. Алғашқы орыс ұлттық мектептер.


Тақырып 13. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлар.1 сағат

Мұсылмандық мектептерді реформалау. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер. Ш. Уалиханов көзқарасындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы. Алтынсариннің педагогикалық пікірлері. А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.


Тақырып 14. Қазақстандағы мектеп пен педагогика (20-30 жылдар) 1 сағат

XX ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс. Ұлттық мәдениет және ана тілінде оқытатын мектептер ашу руралы ойлар. Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру. А. Байтұрсынов қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми педагогикалық қызметі. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Ж. Аймауытовтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық тәрбие және кәсіби білім беру, бастауыш мектептер үшін оқу пәндерін таңдап алу, оқушыларды артық жүктемеден арылту мәселелері. С. Көбеевтің педагогикалық мұрасы. Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері.


Тақырып 15. XX ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамыуның негізгі мәселелері. 1 сағат

Р.Г. Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. А.И. Сембаевтың мектептің тұтас, тарихи және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарастары мен идеялары. К. Бержановтың педагогикалық мұрасы.




Практикалық сабақтар

Тақырып 1. Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 1 сағат

Педагогика тарихы ғылым ретінде

Педагогика тарихының пәні және міндеттері

Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері



Тақырып 2. Ежелгі дәуірдегі мектеп пен тәрбие. 1 сағат

Ежелгі шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту

Месопотамиядағы мектеп және тәрбие процесі

Ежелгі Египеттегі мектеп

Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы

Тақырып 3. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. 1сағат

Я.А.Коменскийдің көзқарастарына жалпы сипаттама

Ұлы чех педагогының негізгі педагогикалық идеялары(табиғатқа сәйкестілік принципі, демократиялық және гуманистік идеялары, мектептің ана тілінде болуы

«Ұлы дидактика» еңбегін талдау

Я.А.Коменскийдің идеяларының мектеп пен педагогиканың дамуындағы маңызы



Тақырып 4. Джон Локктың педагогикалық көзқарасы және Ж.Ж Руссоның

педагогикалық теориясы. 1 сағат

Джон Локктың педагогикалық теориясының негізгі ерекшілігі

«Тәрбие жөніндегі ойлар» еңбегінің негізгі идеялары

Ағылшын философ педагогының дене және адамгершілік тәрбиесінің міңдеттері мен құралдары

Ж.Ж Руссоның педагогикалық теориясы

Ж.Ж Руссо бойынша жас кезеңдері олардың әрқайысындағы тәрбиенің ерекшеліктері

Ж.Ж Руссоның табиғи және еркін тәрбие теориясының мәні

Тақырып 5. Француз философ – материалистері К.А.Гельвеций және Д.Дидроның педагогикалық идеялары. 1 сағат

К.А.Гельвеций мен Д.Дидроның адам тұлғасы жәнетәрбиесінің мәніне көзқарастары

К.А.Гельвецийдің негізгі педагогикалық идеялары

Д.Дидроның педагогикалық көзқарастарына сипаттама

Франциз материалистерінің ағартушылық идеяларының маңызы

Тақырып 6. Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметі. 1сағат

Н.И.Пирогов бойынша жалпы адамзаттық тәрбиесінің мәні

Н.И.Пирогов бойынша халықтықтәрбие жүйесі

Мұғалім үшін оқытудың ережелері

Тәрбиенің мәні, мақсаты және принциптері туралы түсінік

Тақырып 7. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі мен мұрасы. 1сағат

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі

К.Д.Ушинский жеке тұлғаны қалыптастыру факторы ретінде еңбек тәрбиелік мәні туралы

Оқытудың дидактикалық негіздері

К.Д.Ушинский мұғалім және оның дайындығы туралы

Тақырып 8. Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарастары. 1 сағат

Л.Н.Толстойдың халыққа білім беру, тәрбие және мектепке көзқарасы

Ясная Поляна мектебінің ерекшелігі

Л.Н.Толстойдың бастауыш оқыту және халық мектебі теориясын дамытудағы педагогикалық еңбектерінің маңызы.



Тақырып 9. А.С. Макаренконың, В.А. Сухомлинсийдің педагогикалық ойлары және қызметі. 1 сағат

А.С. Макаренконың педагогикалық қызметі.

ХХғ ортасындағы ұлы педагогтың иеориясы мен тәжірибесіндегі еңбек тәрбиесі.

А.С. Макаренконың идеяларын қазіргі мектепте қолдану.

В.А. Сухомлинсийдің педгогикалық көзқарастарының негізгі қағидалары.

В.А. Сухомлинсий жеке тұлғаны және ұжымды қалыптстыруда өзін- өзі тәрбиелеудің рөлі.



Тақырып 10. Ы.Алтынсаринің педагогикалық қызметі. 2 сағат

Ы.Алтынсаринің негізгі педагогикалық идеялары.

Оқытудың дидактикалық негіздері.

Ы.Алтынсарин мұғалім және оның дайындығы туралы.

Қазақ хадқының ұлы педагогының педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі.

Тақырып 11. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі.1 сағат

А.Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми- педагогикалық қызметі.

А.Байтұрсынов бастауыш мектептің типтері туралы. Ана тілінде оқыту туралы.

А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары.



Тақырып 12. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі. 2сағат

М.Жұмабаевтың тәрбие мақсаты және тәрбие процесінің құрылымы туралы.

М.Жұмабаевтың көзқарасындағы халықтық принциптер.

Педагогика пәнінің құрылымы мен оның негізгі категориялары (ұғымдары)



Тақырып 13. Р.Г. Лембергтің педагогикалық ойлары және қызметі. 1 сағат

Р.Г. Лембергтің педагогикалық қызметі.

«Дидактикалық очерктер» еңбегінің дидактикалық идеялары.

Р.Г. Лембергтің жұмысындағы педагогика тарихы мәселелері.



7. «Педагогика тарихы» пәні бойынша тапсырмалардың

орындалу және өткізілу кестесі (СОЖ)




Сабақтың мақсаты мен мазмұны


Тапсырма

мазмұны


Ұсынылған

әдебиеттер


Сағат

саны


Бақылау

түрі


Тапсыру

мерзімі

1

Алғашқы қауымдағы тәрбиенің ерекшеліктері

Алғашқы қауымдағы тәрбиенің ерекшеліктерімен танысу

Қазақтың

тәлімдік ой-

пікір антологиясы. Қ.Жарықбаев М.,

1994

Джуринский А.Н. Зарубежная школа: история и современность-М., 1998



Дербісалиев С.

қазақ даласының жұлдыздары. А.,

1995. Жұмабаев М. Педагогикаы.

Алматы, 1991.

Аль- Фараби Избранные

трактаты. А., 1994 Жарикбаев К.Б.

Из истории

развития педагогической

мысли дореволюционным Казахстане А.,

1978


2

конспект


Қыркүйек 3- апта



2

Ортағасырлық ислам әлеміндегі педагогикалық ойлар мен оқытудың даму кезеңдері.

Ортағасырлық ислам әлеміндегі педагогикалық ойлар мен оқытудың даму кезеңдеріне шолу жасау

2

кесте

Қазан 2- апта


3

Ортағасырлық Қытайдағы мемлекеттердің даму кезеңдері.

Ортағасырлық Қытайдағы мемлекеттердің даму кезеңдерімен танысу

2

реферат


Қазан 3- апта



4

Ж.Ж. Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» педагогикалық еңбегіндегі тәрбие тұжырымдамасы.

Ж.Ж. Руссоның еңбегіндегі тәрбие тұжырымдамасымен танысу

2

бақылау


Қараша 1-апта



5

И.Г. Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы.

И.Г. Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы жайлы мағұлмат беру.

2

конспект

Қараша 3-апта

6

Мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов

тың педагогикалық идеялары.



Ә.Бөкейхановтың педагогикалық идеялары мен көзқарастары.

2

конспект

Желтоқсан 1-апта

7

М.Дулатов- педагог.

М.Дулатовтың педагогикалық қызметі.

3

бақылау

Желтоқсан 2-апта




Барлығы:







15









8. «Педагогика тарихы» пәні бойынша студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары мен орындалу кестесі (СӨЖ)




Сабақтың мақсаты мен мазмұны

Тапсырма

мазмұны

Ұсынылған

әдебиеттер

Сағат

саны

Бақылау

түрі

Тапсыру мерзімі

1

Н.Құлжанованың педагогикалық жүйесіндегі мектеп жасына дейіңгі бала тәрбиесі.

Н.Құлжанованың педагогикалық жүйесіндегі мектеп жасына дейіңгі бала тәрбиесі туралы мағұлмат беру.

Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Қ.Жарықбаев М., 1994

Джуринский А.Н. Зарубежная школа: история и современность-М., 1998

Дербісалиев С.қазақ даласының жұлдыздары. А., 1995. Жұмабаев М. Педагогикаы. Алматы, 1991.

Аль- Фараби Избранные трактаты. А., 1994 Жарикбаев К.Б. Из истории развития педагогической мысли дореволюционным Казахстане А., 1978


8 ұпай


реферат


Қыркүйек 4- апта



2

1960-1990 жылдардағы Қазақстандағы мектептер мен педагогиканың дамуы.

1960-1990 жылдардағы Қазақстандағы мектептер мен педагогиканың дамуы кезеңдеріне тоқталу

8 ұпай


баяндама


Қазан 1- апта



3

Шығыстың ежелгі өркениетіндегі алғашқы оқу орындарының пайда болу және дамуның негізгі факторлары.

Шығыстың ежелгі өркениетіндегі алғашқы оқу орындарының пайда болу және дамуның негізгі факторларына анықтама беру.

8 ұпай


конспект

Қазан 4- апта

4

Шетелдерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мектептер мен педагогикалық ойлардың дамуы.

Шетелдерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мектептер мен педагогикалық ойлардың дамуына тоқталу

8 ұпай


конспект

Қараша 1-апта

5

Тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ ұлттық мектептерінің мәселелері.

Тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ ұлттық мектептеріне сипаттама беру

8 ұпай


конспект

Қараша 2-апта

6

ХХІ ғасырдағы білім беру стратегиясы.

ХХғ мен ХХІғ білім беру стратегияларын салыстыру

5 ұпай

кесте

Желтоқсан 2-апта




Барлығы:







45 ұпай







9. Студенттердің білімін бағалау жүйесі.

Пәнді игеру бүкіл өтілген материалды қамтитын ауызша емтиханмен аяқталады.Емтихан тесті сұрақтан тұрады.

Емтиханға жіберілудің шарты бағдарламада көрсетілген тапсырмалардың барлығын орындау болып табылады.Қорытынды баға қою кезінде екі межелік бақылауда жинаған ұпайлар есепке алынады.

Межелік бақылау-60%

Емтихан-40%


Әріптік жүйемен бағалау

Ұпай

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйедегі бағалау

А

4, 0

95-100

Өте жақсы

А-

3, 67

90-94

В+

3, 33

85-89

Жақсы

В

3 ,0

80-84

В-

2 ,67

75-79

С+

2 ,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2, 0

65-69

С-

1, 67

60-64

Д+

1, 33

55-59

Д

1, 0

50-54

Ғ

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Бағалау саясаты мен процедурасы.

Жұмыстың барлық түрін ең жоғарғы ұпай,айып және ынталандыру ұпайлары қамтиды.Сабақты босату-сіздің оқуға ынтаңыздың көрсеткіші,сондықтан пән бойынша қорытынды баға шығаруда есепке алынады.

Тапсырма уақытында орындалмас,бағаңыз бір ұпайға кеміп отырады Оқытушы әрқашан да сабақта кім жоқ екенін белгілеп отырады. Сіздің міндетіңіз-сабаққа қатысу,оқу.Кездейсоқ жағдайлар, ауырып қалу ғана себепті деп саналады.

Барлық тапсырмалар орындалып,кестеге сәйкес өткізілуі керек. Дәрісханада орындаған жұмыстарыңыз есепке алынады.Кестеге сәйкес оқытушымен үнемі кеңесіп тұруыңыз керек. Сабаққа жақсы қатысу,белсенділік таныту,тапсырмаларды және мерзімінде орындау аттестация мен емтиханда көмегін тигізеді.

Емтиханда тест түріндегі сұрақтарға жауап бересіздер.Барлық сұрақтар дәрісхана,өздік жұмыстарына негізделеді .Аралық бақылау баршаға міндетті,өтілген тақырып бойынша алынады.Төмендегідей жағдайларға байланысты жұмыс қабылданбайды:

-біреуден көшіріп алу,

-сіз үшін басқа біреудің орындауы,

-жұмысты белгіленген уақыттан тыс өткізу.

Сабақ босатуға,кешігуге,дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы мен студенттерді сыйламауға болмайды.



Рейтингті есептеу




Жұмыс түрлері

Ұпай саны




Ағымдағы бақылау

СОЖ


СӨЖ

Аралық бақылау



60 ұпай





Емтихан

40 ұпай




Барлығы:

100 ұпай



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет