Сұрақтар: Ежелгі Египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалықойлардың пайда болуы. Жерорта теңізіндегі Антикалық әлем тәрбиесі мен мектеп. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.
№4. Дәріс тақырыбы: Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар 1 сағ.
Дәріс тақырыбының мақсаты: Студенттерге ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар жайлы мағлұмат беру.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Византиядағы мектеп пен тәрбие. Тәрбие мен білім беру жүйесі. Византиядағы педагогикалық ойлар. Ортағасырлыұ Шығыстағы мектеп пен тәрбие. Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.
XIV — XVI ғасыр тарихқа Қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатын. Бұл кезең феодалдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің алғашқы қауымдарының пайда болуымен мануфактураның сауданың дамуымен, сол кездегі прогрессивтік таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады, ол ертедегі дүние мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің өрлеу кезеңімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады.
Қайта өрлеу дәуірі кезінде өмір туралы діни түсініктерге қарсы жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. XIV — XVI ғ.ғ. мәдениетте ең негізгі көңіл бөлінген мөселе адам болғандықтан, ол гуманистік деп аталды (латын тілінен аударғанда humanus — адамды сүю деген мағынаны білдіреді).
Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді. Гуманистердің жариялаған «адамға табынуы», адамды сүюі, қастерлеуі тек үстем таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар мен жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды. Педагогтар-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды төрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды.
Гуманистердің айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты сынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке түлға ретінде сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және балалардың ақыл-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады.
Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы, Индияға теңіз жолын ашу т.б. ұлы жаңалықтармен ерекшеленеді.
Қайта өрлеу дәуірінің педагогикалық ой- пікірлер өкілдері
Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодалдық құрылыспен алмасуына алып келді. Ол, алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте қүлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодалдық құрылыстың негізіне феодалдардың, дін иелерінің жерге жекеменшігі кірді. Феодалдық қүрьглыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батыс еуропалық қоғам өмірінде ерекше рөл атқарды. Шіркеу бұқара халықты басып — жаншуды жақтап отырды.
Католиктік дін иелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке. Монастырлардың жанында монастырлық мектептер, шіркеулерде — приходтьщ мектептер ашьщды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды даярлады. Бүл мектептердің мүғалімдері — монахтар мен дін иелері ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында төрбиеледі, оларды оқуға және жазуға үйретті, олар үшін жат латын тілінде оқытты, қүдайға қүлшылық ету латын тілінде жүргізідді. Мүнда оқыту өте қиын, әрі үзақ болды. Балаларға үлгермегені және аз-кем тәртіпті бүзғаны үшін өте ауыр дене жазасын беріп отырды.
Епископ соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор мектептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде «жеті еркін өнер» деп аталатын пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни философияньщ алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды дін иелері даярланды.
Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті «рыцарлық қасиеттерді» меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзаласу, садақ ата білу, аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білу міндетті болмады. Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оларды діни рухта тәрбиеледі, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті.
XII- XIII ғ. Батыс Еуропада қолөнердің, сауданың дамуы жөне қаланың өсуі, негізінен мәдениеттің пайда болуына көмектесті. Қалалықтар феодалдық езгіге және католиктік шіркеуге қарсы күресті.
Қалаларда қолөнершілер өз балалары үшін цехтық мектептер аша бастады, ал купецтер — гильдейлік мектептер үйымдастырды. Қала халқының күшімен ашылған бұл мектептерде ана тілінде оқуға, санауға жөне жазуға ерекше мән берілді. Ал мектептерде дін үстемдік ете алмады. Цехтық және гильдейлік мектептер кейін қалалық бастауыш мектептерге айналды, оқыту саласында шіркеудің үстемдігін әлсіретті және бұзды.
Әртүрлі елдерде Қайта өрлеу дәуірі кезінде педагогикалық ой-пікір әрқилы дамыды, өр елдің дамуының ерекше белгілерін бейнеледі.
Витторина да-Фельтре
Италияда антикалық философияның белгілі білгірі, гуманист Витторина да-Фельтре (1378 — 1446) «Қуаныш үйі» деп аталатын мектеп ұйымдастырды. Бүл мектепті ұйымдастырудың негізіне гуманистік педагогиканың қағидалары жатқызылды. Мектеп тамаша сарайда, табиғат аясында ашылды. Ғимараттың барлығы мектептің қажеті үшін, Виттаринаның айтуынша, арнайы қайта жабдықталған болатын. Орта ғасырлық мектептерден айырмашылығы жаңа мектепте жарық пен ауа көп болды. Әсіресе, оқушылардың дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Оқытудың негізгі пәндері болып табылатын классикалық тілдер және классикалық әдебиет басты назарда тұрды, балалар математикамен, астрономиямен айналысты, табиғатқа саяхат жасады. Балалардың ойындарына, дене және рухани күштерін дамытуға көңіл бөлінді. Барлық балаларға тегіне қарамастан, әкелік қамқорлық жасалды. «Қуаныш үйі» үстем тап өкілдерінің балаларына арналғанмен, онда аз мөлшерде болса да, кедей балалары оқып, білім алды. Гуманизм идеялары Италиядан Францияға енді.
Франсуа Рабле
Қайта өрлеу дөуірі педагогикалық ой-пікірінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, француз жазушысы-гуманисі Франсуа Рабле (1494 — 1553) болды. Өзінің белгілі «Гаргантюа және Пантагрюль» атты романыңда ортағасырлық схоластикалық тәрбиені қатты сынға алды және оған бала үшін тәртіппен ойластырылған гуманистік тәрбиені, жан-жақты білім беруді, өз бетімен ойлауды дамытуды, шығармашылықты жөне белсенділікті қарсы қоя білді.
Рабле романда король қалай өз баласы Гаргантюаны тәрбиелеу үшін ғалым-схоластыларды шақырғандығы, олар баласына бөрін жаттауды талап еткендігін әңгімелейді. Од мүмкіншілігі келгенше кейбір схоластикалық кітаптарды басьшан аяғьша дейін, одан керісінше айтьш беру салдарынан ештеңе де білмей шыққандығы айтылады.
Содан кейін әкесі схоласт-мүғалімдерді қуып жіберіп, орнына гуманист-мүғалімдерді шақырады, олар біршама өзгерістер енгізеді. Гаргантюа көп уақытын дене жаттығуларына арнады, ғылымдарды дұрыс және бірізді оқып-үйренді. Гаргантюа табиғатты бақылай бастады, табиғатқа серуенге шығып, өсімдіктерді жинап, гербарий жасады; астрономияны, аспандағы жүлдыздарды бақылау арқылы зерттеді. Оқу үрдісі өңгіме, кітаптарды оқу, көрнекі қүралдарды пайдалану арқылы жүргізідді. Гаргантюа бірнеше саздық аспаптарды ойнай білуді жөне ән салуды үйренді. Білімді меңгеру саналы іске асты. Рабле оқытудың көрнекілік идеясын жақтаушылардың бірі болды. Ол оқытуды қоршаған ортадағы шындықпен байланыстыру туралы кеңестер берді.
Томас Мор
Адамзат рухының қайта өрлеуінің тамаша көрінісі болып табылатын жас ұрпақты еңбек іс-әрекеті үрдісіңде тәрбиелеу туралы ойды алғаш рет айтқан ағылшын ойшылы-гуманисі Томас Мор (1478 — 1535) болды. Ол білім беру теориясын еңбекпен байланыстыру идеясын ұсынды. Томас Мор өзінің белгілі «Мемлекеттің дұрыс құрылысы туралы және жаңа Қиял аралы туралы Алтын кітабында» (1516) еуропалық ойшылдардың ішінде алғаш рет екі негізгі және маңызды қағиданы ұсынды: адамзат қоғамының көркеюі үшін өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар мен жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды.
Педагогтар-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды төрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды.
Гуманистердің айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы менгеруін қамтамасыз ету қажеттшігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты сынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке тұлға ретінде сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және балалардың ақьш-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар үсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады.
Қайта өрлеу дәуіріңде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы, Индияға теңіз жолын ашу т.б. ұлы жаңалықтармен ерекшеленеді.
«Барлық ерлер мен әйелдердің бір ғана ортақ ісі бар, -деп жазды Т.Мор,- ол жер шаруашылығы, одан ешкім де бас тарта алмайды. Оған балалық кезеңнен бастап оқиды, кейбіреулері мектепте теорияны меңгеру барысыңда қалаға жақын далада ойнау үшін шығады, онда олар көріп қана қоймайды, сонымен қатар дене жаттығулары арқылы жұмыс істейді».
Мордың замандастарына өте маңызды идея болғаны балаларды тек қана ана тілінде оқыту, алынатын білімнің негізінен ғылыми-жаратылыстану мазмұны туралы. Мор дене тәрбиесіне ерекше мән берді, ол дене төрбиесінің афиналық жүйесін үстанды. Өте қызықты әрі прогрессивті идеяларды үсынуда өз замандастарынан көш ілгері болды. Атап айтсақ, оқыту үрдісінде көрнекілікті қолдану және барлық ересектер үшін олардың айналысатын кәсібіне қарамастан, әруақытта да өзіндік білім алуын жетілдіріп отыру идеяларын күн тәртібіне қойды.
Томазо Кампанелла
Томазо Кампанелланың педагогикалық идеялары оның «Күннің қаласы» деп аталатын еңбегінде айқын байқалады, бұл еңбек белгілі дәрежеде оған дейінгі ойшылдардың, ойшыл-гуманистердің, оның ішінде Томас Мордың идеяларын одан әрі дамыту болып табылады.
«Күннің қаласы» — бүл мемлекет қиял мемлекеті сияқты қоғамдық қағидалар негізінде қүрылған, міндетті жөне жалпыға бірдей еңбекке, азаматтарға ғылым және өнермен айналысуға барлық мүмкіншіліктер жасалған.
Кампанелла Морға қарағанда жетілген қоғамда бала тәрбиелеу жүйесін толық қарастырды. Оның айтуынша, мемлекет жұбайларды іріктерде де бақылау жасап отыруы керек, оның мақсаты «ерлер мен әйелдердің үйлесуі дұрыс тұқым беруі керек» деген қағиданы үстанды.
Кампанелла 2 жастан бастап балаларға қоғамдық тәрбие берілуі керектігін ал 3 жастан бастап дұрыс сөйлей білуге және әліппеге үйрету қажеттігін, көрнекілікті кеңінен қолдануды үсынды. Осы жас кезінен бастап балалардың күшейтілген дене тәрбиесін беру, 8 жастан бастап, әр түрлі ғылым негіздерін жүйелі меңгертуді жон санады. Ғылым негіздерін меңгеруді әртүрлі шеберханаларға қатысумен үштастыру, тәрбиеленушілерге техникалық білім беру үшін және болашақ мамандықты саналы таңдай білу мүмкіншіліктері үшін қажеттігін атап отті. 12 жастан азаматтарға әскери дайындықты бастау керектігі, оның жынысына қарамастан, соғыс бола қалған жағдайда әйелдер оздерінщ балаларымен қатыса білуі қажеттігін атап корсетті.
Алғашқы социалист-утопистердің педагогикалық идеялары прогрессивті педагогикалық теориялардың одан әрі қалыптасуына елеулі әсер етті.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай - ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі коғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген моках Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің кезқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекетгік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондыктан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары — халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де кұдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты.
XX ғасырда феодализм ысырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс — реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—1527) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы". Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздықпен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.
Сұрақтар: Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.
№5. Дәріс тақырыбы: Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XYII ғасырдың ортасы - XYIII ғасырдың аяғы) 1 сағ.
Дәріс тақырыбының мақсаты: Студенттерге Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XYII ғасырдың ортасы - XYIII ғасырдың аяғы) жайлы мағлұмат беру.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар. XYII - XYIII ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар. Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары. Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу ағарту мекемелерінің жаңа типтері.
Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дж. Локк және Ж.Ж. Руссоның педагогикалық теориясы. К.А. Гельвецийдің педагогикалық мұрасы.
Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты – логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi – дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты – табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я.А.Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я.А. Коменскийдің қоғамда байлығына немесе жыныс айырмашылығына қарамай, жалпыға бiрдей, ана тiлiнде оқытатын мектептер ашуды қолдауы, ұлы педагогтың гуманистiк және демократиялық ұстанымда болғандығын дәлелдейдi. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негiзiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет болашағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi.
Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды. “Табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” – оқытудағы құрғақ жаттау мен догмалық бiлiмге қарсы, баланың табиғатын, оқу мүмкiндiктерiн ескерiп, бiлiм мен тәрбие беретiн ұстаным. Ол өмiрге қажеттi күнделiктi iстерге пайдалы бiлiмдердi берудi ұсынды. Сол себептен мектептiң мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, адамның адамдық қасиетi тек тәрбие арқылы қалыптасады дедi. Я.А.Коменский оқушыларға жан-жақты бiлiм беруде жас ерекшелiктерiн ескерiп, бiр-бiрiмен байланысқан оқытудың 4 сатылы кезеңнен тұратын оқу жүйесiн ұсынды. Олар: баланың туылған күнiнен бастап 6 жасқа дейiнгi аралықта үйiнде “Ана мектебiнде” тәрбиеленуi; 6 жастан 12 жасқа дейiн әрбiр қауымдастықта “Ана тiлi” мектебiнде оқуы; 12 жастан 18 жас аралығында оқушылар әрбiр қаладағы латын мектебiнде бiлiм алуы; 18 жастан 24 жасқа дейiнгi жастардың әр мемлекеттегi академияларға түсiп оқуы.
“Ана мектебiнде” балалардың сезiм мүшелерін, айналасын, қоршаған өмiр жайлы алғашқы түсiнiктерiн, тiлiн және қол iскерлiгiн дамыту қарастырылуы тиiс. “Ана тiлi” мектебiнде оқушыларға көп мәселелердi қамтитын арифметика, география, тарих, мемлекет құрылысы мен экономикалық өмiр және әржақты қолөнермен таныстыру, жүйелi, нақты бiлiм берiлуi керек. Сонымен бiрге “Қасиеттi жазу” мәтiндерiн оқыту, балаларға дiни тәрбие қоса жүргiзiлуi қажет. Гимназияда немесе латын мектебiнде латын тiлдерiмен бiрге нақты пәндер: математика, физика, жаратылыстану оқылса, оқушылардың өздiктерiнен оқитын: тарих, этика, көршiлес елдердегі жаңа тiлдерден сабақтар және жалпы бiлiм беру курстары: риторика мен диалектика өткiзiлуi тиiс.
Ал, академияда бүкiл ғылымдардың жетiстiктерiнен бiлiмдер беретiн – пансофия оқытылуы қажет делiндi. Сол кездегi мектептерде латын тiлiнде оқитын болғандықтан, Коменский бастауыш мектепте сабақтар ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген пiкiр айтты. Ол ана тiлiнде оқыған оқушылардың ақыл-ойын дамытуға мүмкiндiк туады, басқа тiлдердi үйрену ана тiлiнiң негiзiнде жүргiзiлсе ғана жемiстi болады деп санаған.
Я.А.Коменский мектептер үшiн оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау алдағы тұрған басты мiндет деп санап, оқулықтар жатық тiлде нақты және дәл, әр ғылым мен өнер жайлы оқу материалдарын балалардың өздерi мұғалiмнiң көмегiнсiз түсiнуге лайықты болуын қолдады.
Айтылған талаптар деңгейiнде “Ана мектебi”, “Тiлдер мен барлық ғылымдардың ашық есiгі”, “Физика”, “Астрономия”, т.б. оқулықтары жазылды. Соның iшiндегi Я.А.Коменскийдiң есiмiн дүние жүзiне жайған оқулық - “Ұлы дидактика” едi. Бұл кiтапта оқу iсiне қойылатын дидактикалық талаптар жеке-жеке сараланған: оқушыларды бiлiм алуға ынталандыру; оқу материалдарын бiртiндеп күрделендiру; тұрмысқа, шаруашылыққа қажеттi бiлiмдердi беру; бала табиғатын ескерiп, шамасы келетiн оқу материалын оқыту; игере алатын оқу материалын саналы түрде қабылдауға жағдай туғызу; материалдарды түсiндiруде баланың өмiрден алған сезiмдерiне, түйсiктерiне сүйену арқылы оқу тәрбие жұмысын жандандыру.
“Ұлы дидактиканың” педагогикалық ойды және жаңа мектептiң оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы маңызы – дидактикалық ұстанымдардың жүйеленуiнде. Олар оқытудың көрнекiлiгi, саналы оқу, оқытудың жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi, сатылы оқу, оқушының жас ерекшелiктерiн ескеру, оқытудың негiздiлiгiнен тұрады.
Бұл дидактикалық ұсынымдардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мысалы, көрнекiлiк ұстанымының мәнi – дүниенi тану сыртқы сезiмге байланысты, түйсiкте болмаған нәрсе, зат ойда болмайды, сондықтан нәрсе мен зат бақылау, ақиқаттығы мен анықтылығы тек сезiм арқылы дәлелденедi. Сол себептi де сезiмнен тыс нәрселер мен заттардың (мәселен, аспан әлемi, жер асты байлықтары, жер бетiндегi өсiмдiктер мен жануарлар, т.б.) жасанды формаларын суреттерiн, бейнелерiн салыстыра отырып оқыту қажет.
Оқушының алған бiлiмi тиянақты ұстанымда болса, оның бiлiмi жүйелi, өзара байланысты, ой қисыны дәйектi және берiк болады. Оқытудың жүйелi және бiрiздiлiк ұстанымы бiлiмнiң “жалқыдан жалпыға”, “белгiлiден белгiсiзге”, “жеңiлден қиынға”, “нақтыдан абстракты ойға” қарай игерiлуi оқулықтың басты ережесiн құрайды. Я.А.Коменский бiлiм беру iсiн ұйымдастыруды дүниежүзi бойынша алғашқы рет жүйелiлiкпен дәлелдедi. Оқу жылын тоқсандарға бөлiп, оқу күнiн, күнiне қанша сабақтар өту, тоқсан аяғында оқушыларға демалыс беру, балаларды бiр мезгiлде қабылдау, оқушылардың бiлiмдерiн тексеру, сыныптан сыныпқа көшiру тәртiптерiн енгiздi. Сонымен бiрге ол сабақтың құрылымын анықтауда жаңалық ашты. Мысалы, өткен оқу материалын сұрау, жаңа тақырыпты өту, қайталау және жаттығулар жүргiзу, оқушылар бiлiмiн тексеру, сабақты жоспарлау, тәртiп, т.б. оқу сапасын арттыруға себепшi болды деп айтуға құқығымыз бар.
Джон Локктың педагогикалық идеялары. ХVII ғасырда Англиядағы революциялық қозғалыстың қарқындап тұрған кезiнде жаңа заманның ұстаған бағыт-бағдары схоластикалық оқу жүйесiн сынға алып, баланың табиғи бейiм қабiлеттерiн дамытуға назар аударды. Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың (1632-1704) саяси-әлеуметтiк, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер еттi. Ол Оксфорд университетiн бiтiрiсiмен 1658 жылдан бастап сол оқу орнында оқытушылық қызмет атқарды. Кейiннен жаратылыстанумен айналысып, медицинаны зерттеп, ғылыми жұмыстармен шұғылданды.
Д.Локктың философиялық көзқарасының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары әсер етiп, таным теориясын зерттеп, табиғат дүниесiндегi нақты құбылыстарды тану тұрғысынан сенсуалистiк жолды ұстанды.
Д.Локктың сенсуалистiк философиясы схоластикалық және дiни уағыздардағы елестеулер мен идеяларға және адамгершiлiк қасиеттердiң адамның туысынан пайда болатындығы жайлы көзқарасқа қарсы тұрды. Оның дәлелдеуiнше, идеялар және мемлекеттi билеу қабiлетi туғаннан болмайды, қайта адамның дамып жетiлуiндегi тәрбиеге байланысты. Сөйтiп, Локктың көзқарасы өз кезiнде прогресшiл мәнге ие болды.
Бiрақ Д.Локктiң философиясы дуалистiк ерекшелiгiмен сипатталынады. Оның ойынша сыртқы тәжiрибемен бiрге ақылдың өзiндiк әрекетi болып саналатын iшкi тәжiрибе де болады. Ол объективтiк дүниенiң бiздiң санамызда елестеуi ақиқат-шындық бола алмайды деп күмәнданады.
Д.Локктың педагогикалық көзқарастары “Тәрбие жөнiндегi ойлар” және “Ақылды тәрбиелеу туралы” атты еңбектерiнде ашылған. Оның пiкiрiнше, тәрбиенiң мақсаты өз жеке басының iсiн ойластырып, жүйелеп орындайтын, өз мүддесiн iске асыруда бар мүмкiндiктерiн қосатын ақсүйектердiң балаларын тәрбиелеу. Ақсүйектердiң жас ұрпақтарына тәрбиенiң бiр саласынан ғана тәрбие бермей, дене және адамгершiлiк тәрбиелері берiлуiн қолдады.
Д.Локк мектептердегi оқу-тәрбие жұмыстарына көңiлi толмай, қайта мектеп оқушыларды терiс мiнез-құлыққа итермелейдi, сондықтан ақсүйек баласының үй тәрбиесiнен бiлiмдерi мен дағдылары мектептен артық деп санаған.
Ол дене тәрбиесiн ерекше бағалаған, “мықты дене, мықты рух” болса, дене күшi мықты, ауа-райының құбылысына бейiм, қатаң режимге тәрбиелеудiң қажеттiлiгiн айтып, баланы ерлiкке және табандылыққа үйрететiндiгiн ескертедi. Локк шығармаларында адамгершiлiк тәрбиенi кеңiрек қарастырады. Ол адамгершiлiк қасиеттер мен сапаларға: кiшiпейiлдiлiкке, ұстамдылыққа, әдiлеттiлiкке және сақтыққа тәрбиелеу керек деп есептеді. Ол сондай-ақ, ақыл-ой тәрбиесі білімді, іскер адамды қалыптастырады, еңбек тәрбиесі өнерді игеруге септігін тигізеді деп санады.
Атақты француз жазушысы, ағартушы-философ, педагог Жан Жак Руссо (1712-1778) ХVІІІ ғасырдағы төңкеріс қарсаңындағы интеллигенцияның дарынды өкілінің бірі болды. Ол Париждегі алдыңғы қатарлы интеллигенцияның өкілдері Дидро, Даламбар, Вольтер, т.б. байланыс жасап, солардың ықпалында “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” (1754 ж.) және “Қоғамдық шарт” (1762 ж.) деген шығармалар жазып, әлеуметтік теңсіздікке қоғамдық мәдениеттің төмендігіне, жай халықтың ауыр тұрмысының әсері барын айқын ашып береді. Ал 1762 жылы “Эмиль, немесе оны тәрбиелеу” туралы соңғы шығармасында жаңа адамды тәрбиелеудің және оның тәрбиесінің педагогикалық жүйесін ұсынады. Бұл атақты роман король шенеуніктері мен дін басыларының ыза-кегін туғызды. Соның нәтижесі, Париж парламенті “Эмильді” өртеу туралы қаулы қабылдап, ақыры оны жойып тынды. “Қоғамдық шарт” шығармасында халықтың қамын қамтамасыз ететін үкімет, сондықтан да шарт бойынша адамдар өз құқықтарын үкіметке тапсырады делінген. Руссоның пікірінше, бастапқы қоғамдық шарт бойынша үкімет халыққа қызмет жасап отыруы тиіс, ал егер, олай болмаса, корольдың бізге қажеті жоқ деген пікірді айтады. Адамды адам қанауы болмасын, оған бостандық, теңдік және бауырмашылдық қарым-қатынастары бар қоғамдық құрылыс, яғни ұсақ жеке меншіктің, жер иелері мен қолөнершілер қоғамдық құрылымы керек деп армандайды.
Адам еңбегі арқылы өмір сүріп, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей білуге тәрбиеленуі қажет. Жеткіншектерді табиғатқа сәйкес жас ерекшелігін ескеріп, жеке бастарын қадірлеп, олардың қызығушылықтары мен ішкі талап-тілектерін тәрбие үрдісінде басшылыққа алуды міндеттейді. Отбасындағы тәрбие еркін, табиғи болуы керек және тәрбие табиғат, адам, заттар арқылы іске асады деп тұжырымдады.
Ж.Ж.Руссо баланың өсу және әр кезеңдегі даму
ерекшеліктеріне қарай: баланың туған күнінен 2 жасқа толғанға дейінгі; 2-ден 12 жасқа дейінгі кезең; 12-ден 15 жасқа және 15 жастан ержеткенге дейінгі кезеңдерге бөледі.
Ж.Ж.Руссо өзінің саяси және философиялық көзқарастарына қарай екі жасқа дейінгі балаға дене тәрбиесін беріп, денесін шынықтыру керек. Баланың 2-12 жастар аралықтарында денесін шынықтырумен қатар, сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру қажет. Бірақ, осы жаста балаға оқуға, ойлантып-толғандыруға, жаттатуға болмайды, өйткені адамгершілік және оқу материалдарынан ұғым-түсініктер жасауға қабілеті жоқ дегенді дәлелдеумен болды. Бозбала 12-15 жас аралықтарында өзін-өзі билеу дәрежесіне жетіп, ақыл-ой деңгейі өскендіктен, білім бергенде оқушының қызығушылығы мен талабына сай айналасын қоршаған дүниеге, байқап сезуіне байланысты жағрапия, астрономия, табиғаттану пәндерін ерекше оқыту керек дегенге назар аударады. Оның оқыту әдістемесінен айтқан кеңесі: балаға оқу материалын түсінбейінше, жаттатпау; білімді ой елегінен өткізіп, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру қажет деген пікірді ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |