Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары
(1715-1771)
Гельвеций “Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын “Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.
Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.
Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.
Феодалдық мектептегі оқытудың схоластикалық әдістерін қатты сынай отырып, Гельвеций оқыту көрнекті болу керек және мүмкіншілігіне қарай баланың жеке тәжірибесіне негізделу керек, оқу материалы, оның айтуынша, шәкірттерге қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті деген болатын-ды.
Гельвецийдің айтуынша, барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді.
Гельвеций қоғамдық тәрбиенің жанұя тәрбиесінен артықшылығын дәлелдеп берді.
Гельвецийдің пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды немесе қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар-қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.
Гельвецийдің ілімі тарихи прогрессивті сипатта болды және утопистік социализмнің идеялық қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Сұрақтар: Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дж. Локк және Ж.Ж. Руссоның педагогикалық теориясы. Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары
№6. Дәріс тақырыбы: Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XIX - XX ғасырлардағы мектеп пен тәрбие ) 1 сағ.
Дәріс тақырыбының мақсаты: Студенттерге Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XIX - XX ғасырлардағы мектеп пен тәрбие ) жайлы мағлұмат беру.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Жалпы көзқарас. Философиядағы педагогикалық ойлар. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары. XIX - X I ғасырдың педагогикалық классиктері. И.Г. Песталоцийдің, А. Дистервергтің педагогикалық теориясы.
И.Г.Песталоццидің педагогикалық теориясының негіздері. Ж.Ж.Руссоның “Эмиль” және “Қоғамдық шарт” еңбектері Иоганн Генрих Песталоццидiң (1746-1827) педагогикалық қызметіне ерекше әсер етеді, 1769 жылы “кедейлер үйін” ашқанда, оған елуге жуық жетім және панасыз балаларды жинап, оқытып, тәрбиелейді.
Оқушылар ауылшаруашылық және тоқыма кәсібімен шұғылданып еңбек еткенімен, тапқан еңбекақылары арқылы мектеп ұстап тұрамын деген ойын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Өзі оқушыларға білім бере отырып, оқуға, жазуға, есептеуге үйретіп, оқуды еңбекпен ұштастыруына тура келді. Оқуды еңбекпен ұштастыру баланы жан-жақты тәрбиелеудегі басты құрал деп санады.
И.Песталоццидің педагогикалық жүйесінің басты арқауы – оқушыларға элементарлық білім беру идеясы болды. Бұл идея бойынша оқыту, тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бірте-бірте күрделендіре түсуі керек делінді. Бастауыш білім беру әдістемесінің негізін қалаудағы оның еңбегі зор болды. Ол ана тілін оқыту үрдісінде оқушының сөйлеу дағдысын және сөздік қорын байытуда әріптерді қосып оқытуды ұсынды. Ана тілін оқытуды көрнекілік ұстанымына негіздеп жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді мақұлдады. Жазуға үйретуде И.Песталоцци балаларды әр әріптің элементтерін жазуға және ұзақ жаттықтырумен қатар орфографиялық дұрыс жазуға бейімдеді.
Швейцариялық И.Песталоцци “Лингард және Гертруда” атты әлеуметтік-педагогикалық романында халықтың шаруашылықты өнімді еңбекпен ұйымдастыру және балалардың адамгершілік қасиеттерін дұрыс тәрбиелеу арқылы елдің тұрмысын жақсарту идеясын көтерді. Осы романнан кейін педагогикалық идеялар көлемін одан әрі дамытып, “Гертруда балаларын қалай оқытады”, “Аналар кітабы”, “Бақылау әліппесі”, “Сан жөнінде көрнекті ілім” шығармаларында И.Песталоцци бастауыш білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін айқындап берді.
И.Песталоццидің дүниеге әлеуметтік-педагогикалық көзқарасы демократиялық негізде болып, оқыту мен тәрбие барлық адамдарға бірдей мектепте жоспарлы түрде берілуі тиіс деген пікірді ұстады. Білім беру барысында оқушының бақылауына, тәжірибесіне сүйеніп ұйымдастыру, білімді жүйелеп жалпылауға икемдеу жағын ойластырды. Мысалы, бақылау арқылы оқушының есту, көру, сезіну, т.б. түсініктері негізінде ойлау қабілеті мен сөйлеу дағдысы дамиды. Пәндерді оқыту арқылы оқушы білім алса, алған білімдері оның ой-санасын дамытып, айналасындағы құбылыстарды тануға мүмкіндік береді. Құбылыстар мен заттар элементтерден тұратындықтан, олардың санын, формасын және аты-жөнін оқушылар білуі тиіс.
Оқыту үрдісінде өлшеу арқылы оқушы заттың формасын, санау барысында санын есептесе, тілін дамыту арқылы заттың, нәрсенің атын еске сақтап тілмен айтып жеткізеді. Сөйтіп, атақты педагог элементарлық білім беру өлшеу, санау және тілді меңгеруімен сипатталады деп санады. Ол алғаш рет дамыта-тәрбиелей оқыту идеясын ұсынды, бастауыш білім берудің жеке әдістемелері мен алғашқы оқытудың жалпы негіздерін жасады.
И.Песталоцци оқушының қалыптасуында тәрбиенің ролін жоғары бағалап, отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастырғанда бірдей талап қойса, оның нәтижелі болатындығына күмән келтірмейді. Тәрбиенің мақсаты баланың барлық табиғи күшін, қабілетін жан-жақты дамытуда деп түсінеді.
Фридрих Вильгельм Адольф Дистервегтің педагогикалық идеялары. Германияда мұғалімдердің мұғалімі, белгілі неміс педагогы Адольф Дистервег (1790-1866) халық педагогикасын насихаттаушы болды, өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп “Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық” атты кең мазмұнды еңбегін (1835) жазды. Ол бүкіл Еуропаға, Ресейге кең тараған шығарма болды.
А.Дистервег бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды жетілдіру мәселесімен өмір бойы шұғылданып, 1827 жылдан бастап “Тәрбие, оқыту жөнінде Рейн беттері” атты журнал шығарып тұрды. Оның жазған шығармаларының көпшілігі халық мектептерінің мұғалімдеріне арналды. Оның өзі де Рейн облысындағы Мерсе қаласындағы мұғалімдер семинарын басқарып, отыз жылдай директорлық қызмет атқарумен қатар педагогика, математика және неміс тілінен сабақ жүргізді.
Пруссия үкіметі 1854 жылы қабылдаған мектепті толығымен шіркеуге бағындыру және бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемін азайтып, дін сабағының жүктемесін негізгі сабақ ретінде көтеруді міндеттеген болатын. Ол реакциялық заңға қарсы шығып, баспа және депутаттар палатасының трибунасы арқылы жоғарыда аталған заңның халыққа қарсы екендігін айтты және оған белгілі өзгеріс енгізуге үкіметті мәжбүр етті.
А.Дистервег халық педагогикасын оқу-тәрбие үдерісіне ендіруге атсалыса жүре, сословиелік тәрбиеге қарсылығын көрсеткен. Мектептің алдында тұрған басты мақсат – жастарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу және тәрбиенің мазмұны – адамдар арасындағы бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынастағы сүйіспеншілікке балаларды әдеттендіруіміз керек деп санаған. Тәрбиенің мәні – баланың табиғи мүмкіндіктерін дер кезінде байқап, дамуына қозғау салып, өзін-өзі тәрбиелеуге себепші болуда деп И.Песталоццидің пікірін қызу қолдады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр баланың дара өзгешіліктерін, зейін, ес, ойлау қабілеттерін мұғалімдердің білу керектігін атап көрсетті.
Ал оқу үрдісінің негізгі міндеті оқушылардың ақыл-ойын және қабілетін дамыту, оқыту арқылы баланы жан-жақты қалыптастырумен бірге, білім бере отыра, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуді міндеттейді. Оқушылардың ақыл-ойларын дамытуда жаратылыстану мен математиканың ролін жоғары бағалап, оған қоса тарих, география, ана тілі мен әдебиетін бірлікте оқыту барысында бұл үрдістің мән-мағынасы одан да бетер артатынын айтады.
Ол бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемдерін кеңейтіп, жаратылыс, география, физика мен геометрия пәндерінен білім берумен қатар орта мектепте мамандыққа байланысты білім берілуін жақтады.
Сұрақтар: И.Г.Песталоццидің педагогикалық теориясының негіздері. Фридрих Вильгельм Адольф Дистервегтің педагогикалық идеялары.
№7. Дәріс тақырыбы: Ресей тарихындағы мектеп және тәрбие. X - XІX ғасырлардағы Ресейдегі мектеп пен білім беру 1 сағ
Дәріс тақырыбының мақсаты: Студенттерге Ресей тарихындағы мектеп және тәрбие. X - XІX ғасырлардағы Ресейдегі мектеп пен білім беру жайлы мағлұмат беру.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Ағарту ісінің дамуының бастау алуы. Ресейде христиандықты қабылдау және мектептер дамуының басталуы. Шіркеулік діни педагогика. Баланың жанұядағы тәрбиесі. Оқытудың типтері. Туысқандық мектептер, академиялар.
Шығыс славяндарда алғашқы тапсыз рулық қоғам кезінде және кейіңгі дәуірлерде де тәрбие мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Балаларды егін егуге, аң аулауға, қолөнеріне, әскери өнерге үйретті. Ертедегі словяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты, қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өлкелеу ұрпақты тәрбиеледі. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді.
Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы кәмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Жанұяда және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қаумының аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті.
Мұнын бәрі еңбек әрекетінің арқасында іске асырылды. Қатаң табиғатпен күресте күшті, шебер еңбекші, жақсы егінші,сонымен бірге өз мекенің жаудан қоғай алатын батыл әскер керек болды. Балаларды тәрбиелеуде мақал-мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, өлең шын мәнісінде тәрбие құралы болды. Бұлардың педагогикалық мәнін ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский өте жоғары бағалады. Халықта жазьа әдебиеті пайда болғанға дейін ауыз әдебиеті жастарды тәрбиелеуде үлкен рөль атқарды. Тарихи деректерге қарағанда ХІІІ ғасырда Шығыс славяндарда ана тілінде жазуы болған. Олардың ішінде латын, гірек тілдерін білуші адамдар кездеседі. 988 жылы Киев русінің Кирилл мен Мефодийдің әліппесінің орыс жеріне таралуына әсер етті. Орыс тіліне жақын ескі болгар тілінде кейін славян тілінде қолдан көшірілген кітаптар тарай бастады. Орыс жеріндегі алғашқы дің иелері гректер болды, кейін шіркеу және монастырь жанынан дің иелерін даярлайтын мектептер ашыла бастады. Монастырьларда дін қызметкерлерін даярлаумен қатар кітаптар көшірілді, осының негізінде алғашқы кітапхана пайда болды. ХІ ғасырда Киевке әйелдер монастырында әйелдер училищесі ашылып, 300 қыз бала оқуға, жазуға, ән айтуға, іс тігуге үйретілід. ХІ – ХІІ ғасырда Киев мемлекетінде қалдан жазған бірнеше діни-моральдық мақалалар жинағы пайда болды. Олардың ішінде педагогикалық мақалалар кездеседі. ХІІ-XV ғасырларда орыс жері татар-монғол басқыншыларының қол астында болды. Татар-монғол жаулауы орыс жерін көп күйзеліске ұшыратты. Балаларға адамгершілікке тәрбиелеуде шығыссловяндардың оның бай ауыз әдебиеті ерекше роль атқарады: ертегілер, өлеңдер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе- әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті. Бұл – халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауызша ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік құбылыстармен таныстырады, оларға жанұялық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді.
Ертегілер, батырлар жырлары балаларды еңбекті сүюге, оларды ортасына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді.
Орыстың ұлы классик – педагогі К.Д.Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: “Ол халық-ауыз әдебиеті шығармаларынан” орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көрсетеді.
ІХ ғасыр Батыс Еуропа жерінде мықты Киев мемлекеті пайда болды, феодалдық құрылыс қалыптасты. Х ғасыр аяғында князьдардың енгізген ресми мемлекеттік діні – христианство – осыған көмектесті.
Князьдар мен шіркеу халық арасында аударма жинақтарды таратты, онда әртүрлі діни әдебиеттерден алынған мақалалар мен педагогикалық сипаттағы үзінділер болды. Балаларда құдайдың алдында қорқыныш сезімін тәрбиелеу, сөзсіз үлкендердің діниелерінің және бастықтардың еркіне бағыну ұсынылды. Балалардың жас кезінен бастап, діни салттарды орындау, құдайға құлшылық ету, ораза ұстау тәрбиенің құралдары деп есептелді.
ХІ ғасырда Киев мемлекетінде дружинниктердің, боярлардың, князьдардың арасынан білімді адамдарды даярлау үшін мемлекеттік мектептер ашылды. Князьдар мен шіркеу діниелерін даярлайтын мектептер ұйымдастырды.
Орыс мемлекетінде сауаттылық жоғары бағаланды. Орыстың батырлар жырларының барлық кейпкерлерінде батырлар сауатты адамдар ретінде бейнеленеді.
ХІІ ғасырдың басында тамаша әдеби-педагогикалық ескерткіш болып табылатын “Владимир Монамахтың балаларына өсиеті”. Ақылды мемлекет қайреткері Владимир Мономах оның балалары батыр, ержүрек, өз жеріне берілген болып өсуіне қамқорлық жасады. Ол балаларын білімге және кітапқа құрметпен қарауды бойына сіңіруге ұмтылды, бес тілді меңгерген және ол үшін шетелден құрметке ие болған өз әкесіндей болуға еліктеу қажет екендігін айтты.
Мономах тәрбиенің негізгі мақсаты – балаларға құдайдың және діниелерінің алдында қорқынышты сендіру, православиялық шіркеудің әдет-ғұрыптарын қатаң орындауды үйрету. Владимир Мономах балаларына қалай өмір сүруді үйретті. Балаларын Отанын сүюді, Отанын жаулардан қорғауды, батыр, ержүрек болуды талап етті. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірлерге қамқор болуды үйретті. Сонымен қатар Владимир Мономахтың балаларына Ресейде мәдениет пен педагогикалық ой-пікірдің дамуының жоғары деңгейде екендігін дәлелдейтін тамаша ескерткіш болып табылады.
Орыс князьдіктері ХІІІ ғ.екі ғасырдан астам уақыт монгол-татар басқыншыларының қоластында болды. Басқыншылар орыс халқына көптеген қайғы-қасіретті басынан кешіруге мәжбүр етті. Көптеген материалдық және мәдени құндылықтар жойылды. Басқыншылар ертедегі орыс қалаларын жоқ қылып жіберді, сонымен қатар қаншама кітапханалар, мектептер, кітаптар, ескерткіштер көптеген мәдени құндылықтар жойылып кетті.
Бірақ, археологиялық қазбалар көрсеткендей, тіпті осы қиын кезеңнің өзінде орыс мәдениеті одан әрі дами түсті, жергілікті халықтардың арасында сауаттылық жан-жақты тарала түсті, әсіресе, солтүстік княздіктерде, мысалы: Новгород жерінде, Тверь және Владимир княздіктерінде, жаңа күшейіп келе жатқан Москва княздіктерінде.
Сауаттылықпен халық арасында айналысқан адамдарды “сауаттылық шеберлері” деп аталды. “Сауаттылық шеберлері” баланың әкесімен немесе туысқандарымен келісім бойынша үйінде немесе оқушының жанұясында сауаттылыққа үйретті. Кей жағдайда сауаттылық шеберлерінде біруақытта бірнеше бала оқыды, сонымен шағын мектептер ұйымдастырылды. Әліппеге, діни оқуға үйретті, халық ауыз әдебиетінің шығармаларын пайдаланды.
Батыс Еуропа мектептерінен айырмашылығы, егер онда барлық оқыту латын тілінде жүргізілсе, Ресейде сауаттылыққа оқыту ескі словян тілінде іске асты, оқушылардың ауызша сөйлеу тіліне жақын болды.
Москва қаласының төңірегіне орыс княздіктерінің саяси бірігуі, бірыңғай орталықтандырылған орыс мемлекетінің ұйымдасуы товар-ақша қатынастарының және қалалардың өсуінің күштеріне, Ресейде қолөнермен өнеркәсіптің, мәдениеттің және ағарту ісінің дамуына көмектесті.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ Москвада дарынды шеберлер тамаша храмдарды тұрғызды, оларды қабырғаларында бейнелеу өнерінің керемет өрнектерімен безендірілді. Монастырлар мен княздіктердің сарайларында кітап сақтайтын орындар жасалынды, көптеген грек кітаптары алынды, оның кейбіреулері ескі словян тіліне аударылды.
ХҮІ ғ. Москвада кітап бастырып шығару пайда болды, көптеген кітаптар басылды, оның ішінде оқу-кітаптары, мектептер ашылды.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ тәрбие туралы анық түсінік беретін ескерткіштердің бірі – “Домострой”. Онда бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық, жанұялық және шаруашылық қатынастарын бейнелейді. “Домостройда” көптеген және әртүрлі христиан діні моралінің ережелері айтылады. Балаларда құдайға сүйіспеншілікті оның алдында қорқынышты тәрбиелеуді діниелерін қастерлеу, сөзсіз үлкендерді сыйлауды талап етті. Сонымен қатар балаларды кішіпейілділікке, үй жұмыстарына және қолөнерге оқыту, аналар қыздарын үйрету, ал әкелері – балаларын үйрету ұсынылды.
Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер.
ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. халық ағарту ісінің тарихына құнды үлес қосқан тамаша оқиға болып табылатын Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептердің пайда болуы. “Туысқандық” – бұл орын, украин және белорусь халықтарының поляк католиктік езгісіне қарсы күресте бірігу орталықтарының ролін атқаратын ерекше бірлестіктер. Ресейдің Батыс және Оңтүстік – Батыс жерлері ол кезде Польша – Литва мемлекетінің құрамында болатын-ды. “Түпнұсқалық” бірлестігі поляк пандары мен католиктік діниелеріне, олардың поляктандыру және католик дінін енгізу мақсатындағы ұмтылыстарына қарсы бағытталған әртүрлі шараларды іске асырды. Солардың ең негізгілерінің бірі ретінде православие діні және туысқандықтың ұлттық тәуелсіздігі үшін католиктік шіркеуге қарсы күресте өз мектептерін ашып, оны кеңінен пайдаланды. Жарғысы бойынша, туысқандық мектептерге барлық сословиенің балалары қабылданды.
Мектептің жарғысы мұғалімдерден балаға ерекше мән беру және ізгілікпен қарау, олардың арасында ата-аналарының жағдайына қарай айырмашылық болмау керектігін талап етті. Қатаң, “тирандық” жазалауға тыйым салынды.
Туысқандық мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі қалыптасты, мектепте ойластырылған әдістемелік жұмыстар іске асырылды. Мектептерде жеке оқыту емес, оқушылардың топтық оқытуы ұйымдастырылды. Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептерінде сынып-сабақ жүйесі қалыптасты.
1586 жылы бірінші украин туысқандық мектебі Львов қаласында пайда болды. Одан кейін Виленск, Брест, Могилев, Луцк, Киев және басқа да Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептер ашылды. Туысқандық мектептердің ректоры және мұғалімдері туысқандықтың жалпы жиналысында сайланылады.
Туысқандық мектептерде бірінші орында славян тіліне оқыту қойылады. Туысқандық мектептерде сонымен қатар грек және латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика оқыталады. Осы пәндердің толық курсы тірі қалалардағы (Львов, Луцк, Могилев, Вильне, Киев) туысқандық мектептерде оқытылды.
Украина мен Белоруссия туысқандық мектептері тәжірибесінде тәрбиенің негізгі құралы ретінде халық ауыз әдебиеті пайдаланылады.
Мектеп өмірін дұрыс ұйымдастыру, сынып-сабақ жүйесінің элементтерін пайдалану, балалардың қатысы мен үлгерімін ескертудің дұрыс қойылды және т.б. өте құнды және жаңа болып табылады. Бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Туысқандық мектептердің демократиялық белгілері өз кезінде алдыңғы қатарлы мектептер ретінде Коменскийдің “Ұлы дидактикасының прогрессивті қағидаларымен” үндесіп жатыр.
ХҮІІ ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.
ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Москвада көтеріңкі білім беретін мектептердің саны артты. Жаңа грек-латын мектептері ашылды, сонымен қатар грамматикалық деп аталынатын мектептер де жұмыс істеді, онда сауат ашу, ескі словян және грек грамматика, риторикасы, математикасы пәндері оқытылды.
1686 жылы Москва славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияның көптеген шәкірттері оқулықтың авторлары академияның және басқа мектептердің оқытушылары болды, сонымен қатар ХҮІІІ ғ. Петрдің ағартушылық реформаларының белсенді қатысушылары. Академияда білім алғандардың ішінен орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлері шықты. Олардың қатарында ХҮІІІ ғ.бірінші жартысында орыс мектептерінде кеңінен қолданылған арифметикадан тамаша басшылықтың құрастырушысы Леонтий Магницкий, ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов, белгілі жазушы А.Д.Кантемир, архитектор Баженов және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері оқыды.
1755 жылы Москва университетінің ашылуымен жоғары оқу орны ретінде өз мәнін жойды және діни академияға айналды.
Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының өсуі, типографияларды ұйымдастыру оқу әдебиетін шығаруға қолайлы әсер етті. Ол көбее бастады, ол жан-жақты болды. Көп тиражбен әліппелер және т.б. мектептер үшін балалар кітаптары шыға бастады.
Бірнеше рет қайта басталып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды.
ХҮІІ ғ.жартысында Епифаний Славинецкий “Балалар тәртібінің ережелері” атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын-ды. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.
Епифаний Славиницкийдің кеңестері сол кездің өзінде психологиялық тұрғыдан негізделген еді. Кітапта баланың дене жағынан дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек көңіл-күйін сақтауға көмектесетін көптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық қылықтары туралы айта отырып, Епифаний Славиницкий баланың сыртқы мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің көрінісі болып табылатындығын атап көрсетті.
Балаларға адамгершілікке тәрбиелеуде шығыссловяндардың оның бай ауыз әдебиеті ерекше роль атқарады: ертегілер, өлеңдер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе- әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті. Бұл – халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауызша ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік құбылыстармен таныстырады, оларға жанұялық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді.

Монастырь, шіркеу жанындағы мектептер қирады. Осы дәуірдің өзінде орыс жерінде хат таныту ісі жүргізілді. ХІV – XV ғасырларда саутты адамдар жергілікті жерлерде балаларды жиып оқытты. Олар қолодан жазылған кітаптар арқылы хат танытуға 2-3 жыл уақыт өткізді. Жазу құралдары болмағындықтан, жазуды меңгеру қиынға түсті. ХІV – XV ғасырларда Новгород экономикасы мен саудасы дамыған ірі мемлекет болды. Қолөнері жақсы дамыды, шетелдермен ірі сауда жасалды. Новгород қаласында кітап көшірушілер көп болды. Бұл қолөнерінің бір түрі болып саналады. Новгород жеріндегі ірі монастырьларда кітап көшірілді. Новгород жерінде сауатты адамдар көп болды, кітаптар кең тарады. XV ғасырдағы Новгород сөздіктері біздің заманымызға дейін жетті. XVІ ғасырда Москва княздығының басшылығымен орыс жері бір орталыққа бағынған мемлекет болып құрылды, ал кейін Волга өзенінің бойы, Сибир жері қосылғаннан кейін, орыс халқының басшылығымен көп ұлтты Ресей мемлекетіне айналды. Мемлекет феодалдық болды. ХІV – XVІ ғасырларда діңи-моральдық бағыттағы мақалалар жинағына педагогикалық мазмұнда жазылған мақалалар да енген.
Туысқандық мектептер: XVІ ғасырда және XVII ғасырдың бірініш жарытсында Украина мен Беларуссия Поляк-Литва мемлекетінің қарамағында болды. Поляк пандары украйн мен беларус халықтарының қанап, поляктандыруға тырысты. Поляк қанауына қарсы украйн мен беларустар діңи ұлттық ұйымдар (братства) құрды. Бұл ұйымдар демократиялық принципте құрылды, мәселелер жалпы жиналыста көпшілік дауспен шешілді. Бірақ ұйымның басшылығы бай адамдардың қолында болды. Ұлттық қанауға қарсы күрес құралдырының бірі туысқандық мектеп болды, олар поляктардың католик мектептеріне қарсы ұйымдастырылды. Алғашқы украин туысқандық мектебі 1586 жылы Львовта ашылды. Мектептің ректоры мен мұғалімдері ұйымның жалпы жиналысында сайланды. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланды. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен шарт жасайтын болды. Ол шартта мектептің баланы неге үйрететіні, ата-ананың мектеп алдындағы міндеті (ата-ана бала мектепті бітірмей баланы оқудан алмайды, баланың оқуға үзбей баруына кедергі келтірмейді және т.б) анықталды. Уставта мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылған.
Мұғалім ақылды, ұстамды адам болуы керек, ашушаң, біруді күңдейтін, орынсыз сөйлейтін адам болмауға тиіс. Мектепке барлық сословиенің балалары алынды. Панасыз балалар ұйымның есебінен оқытылды. Туысқандық мектеп уставында (5 параграф) мұғалімдерге демократиялық талаптар қойылды: мұғалім балаларды бірдей оқытып, бірдей жақсы көрді, байдың балалары мен кедей балаларына бірдей қарады. әркімнің шамасына қарай оқытты. Бұл мектеп мұғалімдері XVІ – XVII ғасырларда бірнеше славян тілі грамматикасын құрастырып, баспадан шығарды. Туысқандық мектептерде грек, латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геометрия, астраномия, музыка оқытылды. XVІ – XVII ғасырлардағы Украина және Беларуссия туысқандық мектептеріндегі оқу жұмысын ұйымдастыруда класс сабақ жүйесінің элементтері болды. XVII ғасырда көптеген шығармалар басылып шықты. Олардың ішінде діни емес, сатира түрінде жазылғандары, көрнекті адамдардың өмірі туралы шығармалар да болды. Қолдан жазылған әліппелер шығарылды, кітап баспасы дамыды. Орыс теңізшілері солтүстікте және Азияның шығысында ірі географиялық жаналықтар ашты. Славян санауынан арабтың цифрлық сануына көшудің математика ғылымының дамуында үлкен мәні болды.
Ресейдегі XVIIІ ғасырғы ағарту ісінің дамуы: XVII ғасыр әсіресе оның екінші жартсы Россияда ағарту ісінің дамуында елеулі кезең болды. Бұл XVIIІ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту формаларына дайындық еді. XVII ғасырда шіркеу және монастырь жанындағы бастауыш мектептердің саны көбейді. Бұл мектептерде оқуға және жазуға үйретті. Тек қана ер балалар жеті жастан бастап жоғарыда аталған мектептерде оқыды. Әр бала үлгергенінше жеке оқыды. Мұғалім баланы класста жеке оқытты. XVII ғасырдың екінші жартсына дейін қолдан көшірілген кітаптармен оқытылды. XVII ғасырдың екінші жарытысында Москвада бірнеше грек латын мектептері пайда болды. 1687 жылы Москвада славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияны ашуда ағайынды білімді гректер Лихудылар үлкең еңбек сіңірді. Олар жоғарғы кластарда риторика және филасофиядан сабақ берді, грек және латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулық құрастырды. Кейін олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты.
Осының үлгісімен XVII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды. Мәскеуде славян-грек-латын академиясы дін иелерін даярлап қана қойған жоқ, оны бітірушілер медицина мектептеріне, ал кейбірулері университетке түсіп оқыды. А.Д.Кантемир, архитектор В.И.Беженов және т.б. XVII ғасырдағы мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер сол университетте оқығандар. 1755 жылы Москва университеті ашылғаннан кейін ол діни академияға айналды. XVІ ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында Москвада алғашқы баспадан шыққан кітаптар діни кітаптар болды. Ал мектепте қолдан көшірілген кітаптармен оқыды. Кейбір әліппелер әрі әліппе, сонымен қатар грамматика, арифметика, тарих, табиғаттану пәндерінің оқулығы болды. Украинада XVII ғасырда Павма Берында құрастырған анықтама-сөздік басылып, онда 4000 сөзге түсінік берілді. 1634 жылы Москвада Василий Бурцевтің әліппесі басылды. 1694 жылы Карион Истоминнің суретті әліппесі шықты. Бұл әліппенің әр беті бір әріпке арналды.
XVII ғасырдың екінші жартсында орыс педагогикасының елеулі ескерткіші – «Балалар тәртібінің ережелері» дүниеге келді. Бұл еңбекте 164 сұрақ –жауап берілген. Соның ішінде балалар өзін үйде, қонақта, басқа адаммен жолыққанда, мектепте қалай ұстауы жөнінде ережелер бар.
Шығыс славяндарда алғашқы тапсыз рулық қоғам кезінде және кейіңгі дәуірлерде де тәрбие мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Балаларды егін егуге, аң аулауға, қолөнеріне, әскери өнерге үйретті. Мұнын бәрі еңбек әрекетінің арқасында іске асырылды. Қатаң табиғатпен күресте күшті, шебер еңбекші, жақсы егінші,сонымен бірге өз мекенің жаудан қоғай алатын батыл әскер керек болды. Балаларды тәрбиелеуде мақал-мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, өлең шын мәнісінде тәрбие құралы болды. Бұлардың педагогикалық мәнін ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский өте жоғары бағалады. Халықта жазьа әдебиеті пайда болғанға дейін ауыз әдебиеті жастарды тәрбиелеуде үлкен рөль атқарды. Тарихи деректерге қарағанда ХІІІ ғасырда Шығыс славяндарда ана тілінде жазуы болған. Олардың ішінде латын, гірек тілдерін білуші адамдар кездеседі. 988 жылы Киев русінің Кирилл мен Мефодийдің әліппесінің орыс жеріне таралуына әсер етті. Орыс тіліне жақын ескі болгар тілінде кейін славян тілінде қолдан көшірілген кітаптар тарай бастады. Орыс жеріндегі алғашқы дің иелері гректер болды, кейін шіркеу және монастырь жанынан дің иелерін даярлайтын мектептер ашыла бастады. Монастырьларда дін қызметкерлерін даярлаумен қатар кітаптар көшірілді, осының негізінде алғашқы кітапхана пайда болды. ХІ ғасырда Киевке әйелдер монастырында әйелдер училищесі ашылып, 300 қыз бала оқуға, жазуға, ән айтуға, іс тігуге үйретілід. ХІ – ХІІ ғасырда Киев мемлекетінде қалдан жазған бірнеше діни-моральдық мақалалар жинағы пайда болды. Олардың ішінде педагогикалық мақалалар кездеседі. ХІІ-XV ғасырларда орыс жері татар-монғол басқыншыларының қол астында болды. Татар-монғол жаулауы орыс жерін көп күйзеліске ұшыратты.
Монастырь, шіркеу жанындағы мектептер қирады. Осы дәуірдің өзінде орыс жерінде хат таныту ісі жүргізілді. ХІV – XV ғасырларда саутты адамдар жергілікті жерлерде балаларды жиып оқытты. Олар қолодан жазылған кітаптар арқылы хат танытуға 2-3 жыл уақыт өткізді. Жазу құралдары болмағындықтан, жазуды меңгеру қиынға түсті. ХІV – XV ғасырларда Новгород экономикасы мен саудасы дамыған ірі мемлекет болды. Қолөнері жақсы дамыды, шетелдермен ірі сауда жасалды. Новгород қаласында кітап көшірушілер көп болды. Бұл қолөнерінің бір түрі болып саналады. Новгород жеріндегі ірі монастырьларда кітап көшірілді. Новгород жерінде сауатты адамдар көп болды, кітаптар кең тарады. XV ғасырдағы Новгород сөздіктері біздің заманымызға дейін жетті. XVІ ғасырда Москва княздығының басшылығымен орыс жері бір орталыққа бағынған мемлекет болып құрылды, ал кейін Волга өзенінің бойы, Сибир жері қосылғаннан кейін, орыс халқының басшылығымен көп ұлтты Ресей мемлекетіне айналды. Мемлекет феодалдық болды. ХІV – XVІ ғасырларда діңи-моральдық бағыттағы мақалалар жинағына педагогикалық мазмұнда жазылған мақалалар да енген.
Туысқандық мектептер: XVІ ғасырда және XVII ғасырдың бірініш жарытсында Украина мен Беларуссия Поляк-Литва мемлекетінің қарамағында болды. Поляк пандары украйн мен беларус халықтарының қанап, поляктандыруға тырысты. Поляк қанауына қарсы украйн мен беларустар діңи ұлттық ұйымдар (братства) құрды. Бұл ұйымдар демократиялық принципте құрылды, мәселелер жалпы жиналыста көпшілік дауспен шешілді. Бірақ ұйымның басшылығы бай адамдардың қолында болды. Ұлттық қанауға қарсы күрес құралдырының бірі туысқандық мектеп болды, олар поляктардың католик мектептеріне қарсы ұйымдастырылды. Алғашқы украин туысқандық мектебі 1586 жылы Львовта ашылды. Мектептің ректоры мен мұғалімдері ұйымның жалпы жиналысында сайланды. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланды. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен шарт жасайтын болды. Ол шартта мектептің баланы неге үйрететіні, ата-ананың мектеп алдындағы міндеті (ата-ана бала мектепті бітірмей баланы оқудан алмайды, баланың оқуға үзбей баруына кедергі келтірмейді және т.б) анықталды. Уставта мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылған.
Мұғалім ақылды, ұстамды адам болуы керек, ашушаң, біруді күңдейтін, орынсыз сөйлейтін адам болмауға тиіс. Мектепке барлық сословиенің балалары алынды. Панасыз балалар ұйымның есебінен оқытылды. Туысқандық мектеп уставында (5 параграф) мұғалімдерге демократиялық талаптар қойылды: мұғалім балаларды бірдей оқытып, бірдей жақсы көрді, байдың балалары мен кедей балаларына бірдей қарады. әркімнің шамасына қарай оқытты. Бұл мектеп мұғалімдері XVІ – XVII ғасырларда бірнеше славян тілі грамматикасын құрастырып, баспадан шығарды. Туысқандық мектептерде грек, латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геометрия, астраномия, музыка оқытылды. XVІ – XVII ғасырлардағы Украина және Беларуссия туысқандық мектептеріндегі оқу жұмысын ұйымдастыруда класс сабақ жүйесінің элементтері болды. XVII ғасырда көптеген шығармалар басылып шықты. Олардың ішінде діни емес, сатира түрінде жазылғандары, көрнекті адамдардың өмірі туралы шығармалар да болды. Қолдан жазылған әліппелер шығарылды, кітап баспасы дамыды. Орыс теңізшілері солтүстікте және Азияның шығысында ірі географиялық жаналықтар ашты. Славян санауынан арабтың цифрлық сануына көшудің математика ғылымының дамуында үлкен мәні болды.
Ресейдегі XVIIІ ғасырғы ағарту ісінің дамуы: XVII ғасыр әсіресе оның екінші жартсы Россияда ағарту ісінің дамуында елеулі кезең болды. Бұл XVIIІ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту формаларына дайындық еді. XVII ғасырда шіркеу және монастырь жанындағы бастауыш мектептердің саны көбейді. Бұл мектептерде оқуға және жазуға үйретті. Тек қана ер балалар жеті жастан бастап жоғарыда аталған мектептерде оқыды. Әр бала үлгергенінше жеке оқыды. Мұғалім баланы класста жеке оқытты. XVII ғасырдың екінші жартсына дейін қолдан көшірілген кітаптармен оқытылды. XVII ғасырдың екінші жарытысында Москвада бірнеше грек латын мектептері пайда болды. 1687 жылы Москвада славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияны ашуда ағайынды білімді гректер Лихудылар үлкең еңбек сіңірді. Олар жоғарғы кластарда риторика және филасофиядан сабақ берді, грек және латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулық құрастырды. Кейін олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты.
Осының үлгісімен XVII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды. Мәскеуде славян-грек-латын академиясы дін иелерін даярлап қана қойған жоқ, оны бітірушілер медицина мектептеріне, ал кейбірулері университетке түсіп оқыды. А.Д.Кантемир, архитектор В.И.Беженов және т.б. XVII ғасырдағы мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер сол университетте оқығандар. 1755 жылы Москва университеті ашылғаннан кейін ол діни академияға айналды. XVІ ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында Москвада алғашқы баспадан шыққан кітаптар діни кітаптар болды. Ал мектепте қолдан көшірілген кітаптармен оқыды. Кейбір әліппелер әрі әліппе, сонымен қатар грамматика, арифметика, тарих, табиғаттану пәндерінің оқулығы болды. Украинада XVII ғасырда Павма Берында құрастырған анықтама-сөздік басылып, онда 4000 сөзге түсінік берілді. 1634 жылы Москвада Василий Бурцевтің әліппесі басылды. 1694 жылы Карион Истоминнің суретті әліппесі шықты. Бұл әліппенің әр беті бір әріпке арналды.
XVII ғасырдың екінші жартсында орыс педагогикасының елеулі ескерткіші – «Балалар тәртібінің ережелері» дүниеге келді. Бұл еңбекте 164 сұрақ –жауап берілген. Соның ішінде балалар өзін үйде, қонақта, басқа адаммен жолыққанда, мектепте қалай ұстауы жөнінде ережелер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |