3. Тәрбиелеу концепциясы. Ынтымақтастық педагогикасының концептуалды ережелерінде маңызды тенденциялар бейнеленеді, оған сәйкес қазіргі мектептегі тәрбие дамиды:
Білім мектебін Тәрбие мектебіне айналдыру;
оқушы жеке тұлғасын бүкіл тәрбие жүйесінің орталығына қою;
тәрбиенің ізгілікті бағдары, жалпы адамдық құндылықтарды қалыптастыру;
баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
ұлттық және мәдени дәстүрлерді жандандыру;
жеке және ұжымдық тәрбиенің үйлесуі;
алға қиын мақсат қою.
Ынтымақтастық педагогикасының идеологиясы мен технологиясы білім беру мазмұнын анықтайды.
4. Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық педагогикасы мектепті басқа тәрбиелеу институттарына қатысты жетекші, жауапты орынға қояды, олардың іс-әрекеті педагогикалық мақсатқа сай қарастырылуы және ұйымдастырылуы керек. Жас ұрпақтың жеке тұлғаны қалыптастырушы маңызды әлеуметтік институттар мектеп, жанұя және әлеуметтік орта болып табылады. Оның нәтижелері тәрбиенің барлық үш көзінің бірлескен әсерімен анықталады. Сондықтан, құзыретті түрде басқару, ата-аналармен ынтымақтасу, баларды қорғаудың қоғамдық және мемлекеттік институттарына ықпал ету бірінші орынға қойылады.
Сұрақтар: Ынтымақтастық технологиялары. Еркін тәрбиелеу технологиялары. Эзотерикалық технологиялар. Ынтымақтастық педагогикасында төрт бағыт.
№11 Дәріс тақырыбы: Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой пікірлер. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI- XY ғ.ғ) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер.
А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі. 1 сағат
Дәріс тақырыбының мақсаты: Студенттерге Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой пікірлер. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI- XY ғ.ғ) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер.А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметіжайлы мағлұмат беру.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, Әл Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен мен қайнар көзі. Қазақ халық педагогикасы. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар. Ұлы Дала ойшылдарының педагогикалық ой пікірлері Қорқыт ата, Яссауй.
Қазақ даласындағы оқу-білім тарихының даму сатысы ғасырлар қойнауында жатыр десек артық айтқандық емес. Өйткені бүгінде педагогикалық ілімнің дамуы негізгі үш кезеңнен тұратыны анық. Олар:
1-кезең:
Алғашқы педагогикалық ілімнің пайда болып, қалыптасу кезі. ҮІІ-ХҮ ғ.ғ (орхон-енесей жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орда құлау дәуіріндегі ақындар –ойшылдардың ілімі қазақтың халық педагогикасын құрайды)
Ең алғашқы жазба түрлеріне орхон-енесей немесе ертедегі түрік жазбасын жатқызамыз. Тасқа ойып жазылған бұл деректер бізге ертедегі көшпенділердің тұрмысы, өмірі, мәдениеті туралы мәліметтерді жеткізді. ІХғ ауызша ежелгі түрік дәстүрлері аты аңызға айналған Қорқыт ата есімімен байланысты болса, ІХ-Хғ педагогикалық ілім қазақ даласының ұлы Әбу-Насыр Әл Фараби есімімен жалғасады.
ХІІІғ басында Орта Азия мен Қазақстан жеріне Шыңғысхан әскерлері кірді. Көп ұзамай-ақ бұл аумақтар Алтын Орда қол астына өтті. Фараби Отаны Отрар –орта ғасырдағы мәдени орталық болып гүлденген қала ( мұнда обсерватория, кітапхана, медресе, керуен-сарай болды) қарсылық көрсеткенімен 6-айдан кейін ол да құлады. Сөйтіп Отрардағы Александрия кітапханасынан кейінгі бай кітапхана өртеніп кетті.
2--кезең:
Қазақ хандығының құрылу кезеңінен Қазан революциясына дейінгі кезең.ХҮ-ХХғ (Асан қайғы, Шалкиіз, Бұхар жырау, Шал ақын, Абай, Ыбырай ой-ілімдері)
Қазақ халқының тарихында ерекше жағдай болды. ХҮ ғасырда (қазіргі Тараз облысының терр) Шу өзенінің алқабында ертефеодалдық типтегі - бірінші қазақ хандығы құрылды. Астанасы Түркістан қаласы болды.
Қазақ хандығы құрылып, қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін Түркістан сияқты қалаларда мешіттер жанынан медреселер ашылды. «Медресе» –араб сөзі, орта және жоғары оқу орны деген ұғымды білдіреді. Медресе тек мұсылмандық оқу үйрететін орталық қана емес, сонымен қатар мәдени орталық та болды. Мұнда атақты ақындар, ағартушы-демократтар білім алған. Медресе жанында ірі кітапханалар жұмыс істеген. Медресені бітірушілерге арнайы құжат берілген. Медресеге сабақ беруге молдалар Орта Азиядан, Бухарадан, Хивадан шақырылған..Медреседе діни сабақтан басқа заң тарихы, шешендік өнер, этика, философия, медицина сияқты ғылымдар оқытылған.
Медреседен дәріс алған шәкірттер ауылдық жерлерге барып балаларды оқытқан. Оқушылар күзде және қыста оқыған. Оқыту мерзімі -4жыл болған. Оқыту үрдісі- Құран кітабынан «Иманшарт» пен 28 әріптен тұратын араб әліппесін жаттаудан тұрған.
ХҮ-ХҮІІғ өзінің педагогикалық бағытымен Асан қайғы, Шалкиіз жыраулар ерекшеленді. Асан қайғы жырау қазақ халқының ертеңгі бақытты күн туралы армандаса, көшпенділер туралы, адамның жақсылығы мен жамандығы туралы Шалкиіз жырау (ХҮІғ) баяндады.
ХҮІІІғ Бұхар жырау, Шал ақын жырларымен педагогикалық ілім дамыды. ХҮІІІғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақтың ақ сүйектерінің балаларына арналған ресейлік тұңғыш оқу орны «Азиялық училище» деген атаумен 1789жылы Қазақстанның солтүстік облыстарын басқару орталығы Омскіде ашылды. Бұл оқу орынынан қазақтың атақты ғалымы Ш.Уәлиханов дәріс алған.
Сонымен қатар 1789жылы Орынбор қаласындағы мешіт жанынан «Хұсайния» медресесі, 1825жылы Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадеттер корпусы ашылған. Кадет корпусының алғашқы тәрбиеленушілері Ішкі Орда қазақтарының балалары болды. 1851жылы Орынбордағы кадет корпусын 8 қазақ жігіті бітіріп шығады.
Сонымен ХІХғасырдың аяғында қазақ даласындағы мынандай мектеп түрлері болған:
1. 2 жыл оқытатын ауылдық мектеп.
2.4 жыл оқытатын 1 класты болыстық мектеп. Ауылдық жердің мектептері осы болыстық мектептерге қараған. Әдетте бұл мектептер халықпен бірген қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүрген. Сабақ киіз үйде жүргізілген. Онда жиналмалы тақта, шот, оқу құралдарын салатын сандық болған.
3. 6 жыл оқытатын 2 класты орыс-қазақ училищесі.
ХІХғ қазақ балалары үшін білім сәулесін шашқан тұңғыш мектеп Жәңгір мектебі Қазақстанның батыс өңірінде білімнің қара шаңырағы болып есептеледі.
Оны 1841жылдың 6 желтоқсанында Кіші жүздің соңғы реформатор ханы Жәңгір қазақ балаларына арнап ашты. Мектеп үшін арнаулы ағаштан қиыстырылған әдемі үй тұрғызылады. Терезелері түстік бетке қараған бұл мектептің іші биік, кең де жарық екі үлкен бөлмеден тұрған. Оның бірі сабақ оқитын класс, екіншісі жататын орын-жатақхана болған. 1-кластық мектеп ретінде ашылған білімнің қара шаңырағындағы шәкірттердің саны небары 25 болған. Мұнда діни сабақтармен қатар орыс, араб, татар тілдері, арифметика, тарих, география сиқты негізгі ғылыми пәндер оқытылған. Мектептің бірінші мұғалімі әрі меңгерушісі дәрігер Константин Петрович Ольдекоп болып тағайындалған. Мектеп оқушыларының үлгерімі туралы журналды жылына үш рет ханға апарып, көрсетіп отырған.Оқылған пәндер бойынша оқушылар емтихан тапсырған, кластан класқа көшіру емтихандарына билер мен сұлтандарды ілестіріп, Жәңгір хан өзі қатысып отырған.
Мектепті жақсы аяқтаған шәкірттер Орынбордың Неплюев кадеттер корпусында білімін жалғастырған.
Жәңгір хан негізін салған білімнің бұл қара шаңырағы жылма-жыл өсіп, ұлғайып отырған. 1879жылы бұл мектеп 2-кластық,4 кластық қалалық меткеп деңгейіне дейін көтеріліп, ХХ ғ басында мұнда мектеп үшін арнайы Петерборда тәрізді ғимарат тұрғызылған.
Жәңгір мектебі бір жарым ғасырдан астам тарихымен ғана емес, халқымызға небір зиялы қазақ бергенімен де биік!
Ыбырай Алтынсарин қазақтан шыққан тұғыш педагог, бірінші рет қазақша оқу құралдарын жазып, ауыл балаларына білім беру ісіне із салып, педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан абзал жан. Ол 1864жылы халықтан жинаған қаржыға Торғайда тас балшықтан үй тұрғызып мектеп ашты. Мектептің кіре берісіне ескі қоңырауды іліп қойған.
«Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
ықыласпен тоқылық»-деп қазақ балаларын білім алуға шақырған. Күнде таңмен қоңырау сыңғыры қазақтың қара көздерін мектепке шақырған .Дәптердің орнына қайың қабығы қолданылған. Ы.Алтынсарин орыс графикасы негізінде өзі жасаған алғашқы қазақ әліппесінің авторы болып саналады Өйткені ол құрастырған жаңа әліппе негізінде қазақ тіліндегі алғашқы оқу кітабы 1879ж басылған.
Педагогикалық ілімнің 3-кезеңі:
Қазан төңкерісінен бүгінгі тәуелсіз Қазақстанға дейінгі кезеңді қамтиды.
1911жылы Ресейде 19-20 пайыз сауаттылар болса, Қазақстанда бірнеше пайыз ғана сауатты адамдар болған Сондықтан қазақтан шыққан зиялылар «Сауатсыздық жойылсын!» деген ұранмен Қазан төңкерісінен кейін «Қызыл керуендер» ұйымдастырып, жаппай сауатсыздықты жою істерін қолға алады. 1919жылы Бөкей Ордасында алғашқы педагогикалық «Мұғалім» журналы шығарылады. Бұл журнал ұлттық қазақ мектебін қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
1920 жылдары қазақ мектептеріне арнап оқулықтарды ғалымдар мен жазушылар жаза бастайды. «Әліппені»- Мағжан Жұмабаев , «Қазақ әдебиетін»- С.Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, «Қазақстан тарихын»- С.Асфендияров, Е.Бекмаханов бастаған авторлар тобы жазады.Ұлттық тәрбие мен оқыту үрдісі туралы Х.Досмұхамбетов, М.Дулатов тиімді ой-пікірлер айтады..
Біз қаладық қиындықпен
Кең сарайға іргені.
Біздің тілек сол сарайға
Кейінгілер кіргені, -
деп жырлаған ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин Қазақстанның батыс өңірінде бүгінгі Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің ашылуына себепші болған.
С.Сейфуллин Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып тұрған кезде 1923 жылы қазан айында Орал қаласына іс-сапармен келген. Ол туралы Тұрсынбек Кәкішевтің «Өнегелі өмір» топтамасымен шыққан «Сәкен Сейфуллин» кітабының (Алматы, «Жалын» баспасы 1976 ж.) 260 бетінде:
«Совнарком председателінің Оралға келуін асыға күткендер көп екен. Жаңалықтың жаршысы - журналистер алдымен жетіп, Сәкеннен интервью алып кетті. 1923 жылы 16 октябрьде «Кызыл ту» мен «Красный Урал» газеттерінде «Қазақ халқының өркендеуі туралы С.Сейфуллиннің ойы» деп Сәкеннің қолы қойылған пікірді жариялайды. «Артта қалған еңбекші қазақ халқы кәзір бостандықтың игілігін толық пайдалану үшін, адамзаттың жалпы бақытты өміріне бастайтын орыс пролетариаты және еңбекшілер шаруасымен терезесі тең болуы үшін еңбекші қазақ халқына таяу арада орыс еңбекшілерінің мәдени дәрежесіне көтерілуі керек. Ал бұл үшін көшпенділікті тастап отырықшылану, мал мен жер шаруашылығын өркендету, ағарту ісі мен кооперацияны жандандыру керек» деп көптен бері ойлап, насихаттап жүрген пікірлерін қысқаша қайырды. Уездік съезді өткізбек боп Жымпитыға жүріп кетті...», - деп көрсетіледі.
Қазақтар көп орналасқан аймақ болғанымен, облыс орталығы-Орал қаласында қазақша білім беретін бірде бір мектептің жоқтығы, қазақ балаларының облыс орталығындағы оқу орындарында бірен-саран ғана кездесуі ел болашағын, сан мың қаракөздің болашағын ойлаған абзал азаматқа үлкен ой салған болуы керек. Сол келген сапарында С.Сейфуллин
«Красный Урал» газетіне (1923 ж. 16 қазан № 233) мақала жазып, білім беру мәселесіне көп тоқталған және қазақ мектебін ашу туралы ұсыныс енгізген.
Осы ұсыныс орындалып, 1924 жылы қазан айында губерниялық атқару комитетінің көмегімен 1924 жылы Орал қаласында тұңғыш ұлттық мектеп- І және ІІ дәрежелі 7- жылдық мектеп пен жатақхана болып ашылған.
Мектеп Гурьев, Илецк, Калмыково, Жымпиты және тағы басқа уездердің балаларымен толықтырылған.
Соған қоса №1 балалар үйінен 40 бала, қазақ қыздар коммунасынан 16 қыз бала әкелінген. Мектепке сол кездегі Некрасов пен Почиталина көшесі бұрышынан қызыл тастан салынған үй берілген. Жатақханасы қазіргі М.Өтемісұлы атындағы гуманитариялық университеті маңында болған.
1924 жылдың аяғы мен 1925 жылдың басында оқушы саны 100-ге жетіп, жыл аяғында 160 бала болған.
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында «Қызыл Ту» газетінің (1925 жылы 16 сәуір №26) санында тұңғыш рет Оралда 7 жылдық мектеп-интернат ашылғаны және жергілікті бюджеттен 13500 сом бөлінгені туралы мақала жазылған. Ол мектептің ашылу мақсаты:
Қазақ балаларын өз ана тілінде оқытуды жақсарту;
Шалғай аудандарда тұратын еңбекшілердің балалары интернатта жатып, білім алуына мүмкіндік жасау;
Оқу-тәрбие процесін кеңейту үшін материалдық-техникалық базасын жасау.
1925-1927 жылдары аралығында мектеп кітапханасы жабдықталған. Мектеп оқушыларының өзіндік киім үлгісі болған: тік жағалы көк сатиннен тіккен бешпет-шалбар, көкшіл түсті сукнодан тігіліп, кеуде тұсына астар салып жылытылған шинель киген, басқа да жеңіл киімдермен, тамақпен қамтамасыз етіп отырған.
85 жылғы білім мен тәрбие беру жолында бұл мектеп есімдері көпке танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеп шығарған.
Бүгінгі таңда мектептің шежіресі ұрпаққа үлкен өнеге болмақ. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы 10 мамыр айында №11-мектепке келген сапарында «Республикадағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі» деп атап, үлкен үміт артып, сапалы білім мен тәрбие беруіне сенім білдірген.
Бір кезде жартылай панасыз балаларға арналып ашылған мектеп өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтеріліп отыр. Сондықтан сексен бес жылдан тұратын тарихы терең, шежіресі мол Орал қаласындағы білімнің қара шаңырағының өткен жолы өзге білім ошақтарына үлгі-өнеге.
Көрменің мақсаты.
Қазақстанда педагогикалық ілімнің даму жолдары туралы түсінік беру арқылы Қазақстанның батыс өңіріндегі білімнің қара шаңырағы Жәңгір мектебі мен Орал қаласындағы тұңғыш қазақ мектебі Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің - өткеніне құрметпен қарау, байырғы білім ордасының өмір жолы, бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы бүгінгі ұрпақты таныстыру.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қорқыт Ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иссауи, Ахмет Иүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Әбу Насыр әл –Фараби (IX ғасыр) ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері – Отырат (Фараб) қаласы. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», ұлы ғұлама ғалым.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінде алған. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктеме берген.
Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазды. «Кемеңгерлік меруеті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету» сияқты көптеген еңбектер қалдырған. Фараби өзінің «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактатында қала адамдарының жеке2 топтарына сипаттама берді. Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарына талдау жасап, тұрмыс салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтарды көрсетпекші болды. Адамдар2 бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болды; - дейді Фараби ізгілік бақыт туралы надан қала тұрғындарының білетіні байлыққа рахаттану, құмарлыққа ерік беру, мансап, сый-құрметке еліру болып табылады дейді. Ал «Азаматтық саясатта» ұжым туралы қайырымды қаламен қатар бұзылған қайырымсыз қала болатындығын ескертеді. Мұндай болмас үшін бірлесіп әрекет ету қажет дейді. Педагогикалық тұрғыдан адамдар арасындағы достық, қастық туралы ой-пікірлерінің маңызы ерекше:
1. Оның 1-і адал дос
2. айнымалы дос
Қастардың да 2 түрі болады.
1. Өшпендігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар;
2. Көре алмаушылықтан жауласқан адамдар.
Бұлардың бірінен сақтану керек екіншісі мен байыпты қарым-қатынас жасалған дұрыс. Ал бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды. Фараби нағыз ғалым принципшіл, құлық-сұмдықпен, өсек-аянмен ісі жоқ, жұртты алдап-арбуды білмейтін, ілтипатпен қарайтын, білімділігі өнегелі мінез-құлқымен безендеріліп тұрмаса болмайды, - дейді.
Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем немесе тым босаң болмауы керек. Мінезділік бақытты болудың шарты. Сондықтанда жанымен тәнін тәрбиелеуді бесігіннен бастаған абзал, - дейді.
Фарабидің ұғымында шәкірттерді тәрбиелеу үшін жете түсінетін, көреген-естігенін нәрселерін жадында сақтайтын, алғыр, аңғарынпаз, өткір сөз иесі, ойын анық жеткізе алатын, ішімдікке, құмарлыққа қанағатшыл, жаны асқақ ақшаға, жалған дүниеге жаны қас, әділетті жақтайтын болуы шарт –дейді.
Сонымен қатар, тәрбие мен білім беру, педагогика мен психология, этика ғылымдарының салаларына құнды пікірлер мен қағидалар айтқан. Әсіресе, жақсы мінез құлықты қалыптастыру және дағды мен әдетке ерекше мән берген.
Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т,б, тәлімгерлерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді.
Оқыту – баланың тілін дамыту, білім беру, үйрету арқылы асатын болса, тәрбиелеуге-шәкірттердің бойындағы жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығына тоқтала келіп, ғылым мен білімді және тәрбиені меңгерумен қатар, өзін өзі тәрбиелеу, ерік қайратты тәрбиелеуге мән береді.
әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары тураы айтқанда әртүрлі психологиялық тақырыптардағы, мысалы «Жан туралы», «Ақыл ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы», «Жанның мәні туралы», «Ақыл ой және ұғым» тағы басқа еңбектері күні бүгінге дейін өз маңызын жоғатқан жоқ.
Әл-Фарабидің тағылымдық –тәлімдік ойларының ішінде ерекше назар аударарлық мәселе – шешендік өнері туралы айтқан қағидалары. Шешендік өнеріне көз жеткізу дегеніміз адамның өзіне айтылғанды көкейюіне түю, сондай ақ оған ой жіберу арқылы адамға құлақ қою болып табылады.
Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесі Шығыстағы ілкі ортағасырлық мұсылмандықтың рухани мәдениет тарихында және бүкіл адамзат мәдениетінде ерекше орын алады. Әл-Фараби философиясы дүние тану мәселелерінде жан -жақты.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қорқыт Ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иссауи, Ахмет Иүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасырлық данышпандары – Қорқыт Ата, Әл-Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Қорқыт Ата тағылымы.
ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. “Кімге қазып жатырсыздар?” деген сұрауына “Қорқыттың көрі” деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де “Қорқыт ата шығармаларын” “Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атапа шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.
“Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да халық: “Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда” – деп тегін жырламаған.
Қандай ма қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.
Қорқыт атадан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек: “Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не
Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 ж.ж) өмір сүрген Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы.
Ахмет Яссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан».
Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |