Практик психолог жұмысының ұйымы. Психолог жұмысының эффективті болуы үшін оған жеке кабинет және топтық зерттеу жұргізу үшін кеңістік керек. Кабинет автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі керек; яғни қажетті бағдарламасы бар компьютер, аудио – видео аппараттар, психодиагностикалық мәліметтерді және документтерді сақтайтын орындар болуы керекПсихологиялық сабақтар, факультативтер, ата – аналар мен мұғалімдерге арналған лекциялар әдеттегі оқу сыныптарында немесе арнайы психологиялық кабинеттерде жүргізіледі. Онда оқыту –методологиялық материалдар: психологиялық күнтізбе; психологтың хат жәшігі; бір күндік психологиялық кеңес; мұғалімдер, ата – аналар және әртүрлі жастағы оқушыларға берілетін ұсыныстар.
Психологиялық жеңілдеу сеанстарына арналған кеңістіктер және олар ерекше безендірілуі керек.
Практик психологтың жұмыс орны келесі блоктардан тұрады:
Іс -әрекетін жоспарлайтын документациялар;
Психодиагностикалық зерттеулер қорытындысын көрсететін документациялар;
Корректорлі – дамытушы жұмыстарды жоспарлау, ақпараттармен, инструменттермен қамтылған;
Әртүрлі тренингтерді жүргізуге арналған жоспарлар мен инструменттер;
Психологиялық диагностикалар, коррециялар, профилактикалар, кеңес беруші әдістер мен мәліметтік базалар;
Клиенттер мен олардың проблемалары жайындағы мәліметтер;
Психологиялық орталықтар жайында мәліметтер;
Практик психолог интернеті;
Кітапхана, картотекалар, видеотекалар.
Мұнда кабинет - жұмыс эффективтілігін жоғарлату, клиенттерге психологиялық комфорт орнатуға және психологпен сенімді қарым – қатынас орнатуға көмек береді.
Психологтың жұмыс жоспары – бір жылдық жоспар, айлық күнтізбелі жоспар, бір апталық және бір күндік жұмыс жоспарларынан тұрады.
Жылдық перспективті жоспар, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің стратегияларын бейнелейді; балардың психологиялық дамуының мақсаты мен міндеттері, даму қиындығының психологиялық себептерін анықтау; педагогикалық эксперименттердің бағытталуын анықтау. Бұл жоспар міндетті түрде мекеменің (мектеп, бала – бақша) перспективті жоспарларымен сәйкестендіріледі.
Күнтізбелік жоспарлар практик психолог жұмысында өзінің функцияларын толық көлемде іске асыруына көмек береді. Функционалды міндеттерді орындалуын реттеу үшін, іс - әрекеттің басымды бағытын қарастыру ұсынылады.
Дүйсенбі (психодиагностика). Психодиагностика және зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Сейсенбі (психологиялық кеңес беру). «Сенім телефоны», индивидуалды және отбасылық кеңес беру.
Сәрсенбі (психокоррекция). Психокоррекциялық және психопрофилактикалық жұмыс.
Бейсенбі (психопрофилактика). Қарым – қатынас тренингін жүргізу, психотерапиялық сеанстар, психологиялық гимнастика.
Жұма (психологиялық – педагогикалық пропаганда). Модельді курсстар, педконсилиум, педсовет жүргізу.
Әр күнге нақты жұмыс көлемі анықталынады. Аптаның бір күнін өзіндік білімге және психодиагностикалық материалдарды өңдеуге арнау керек. Психологтың профессионалды іс - әрекеті оның документацияларында көрінеді:
Мекеменің тәжірибелі – эксперименталды жұмысын психологиялық қамтамасыз ету жоспарлары нақты, өзекті тақырыптар (2-3 ж) бойынша болады.
Практик психологтың жылдық жоспары келесі бағыттар бойынша болады:
Балалар және тәрбиеленушілер ұжымдарын диагностикалау.
Педагогикалық процестер гуманизациясы, болжамдау және диагностикалау.
Балалар, оқушылар, педагогтар, ата – аналар және жетекшілермен кеңес беру жұмысы.
Балалармен коррекциялық жұмыс.
Мұғалімдер ұжымында психопрофилактикалық жұмыс.
Ұжымдық жұмыс.
Психолог жұмыс орнының циклограммасы.
Психолог жұмысының апталық (айлық) жоспары.
Психодиагностикалық документациялар.
Жүргізілетін жұмыстардың қысқаша жоспары.
№13 дәріс. Психологиялық қызмет стратегиясы
Дәрістің мақсаты: Психологиялық қызмет стратегиясын және психологиялық қызметтің тиімділігін түсіндіру.
Жоспары:
1.Практикалық психологтың қызметі тиімділігі
2. Психолог жұмысының жоспарлануы
Психолог қызметінің тиімілігі – бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әркеттестігін ұйымдастыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі психологтың тұлғасы: кәсібилігі, психологтың біліктілігі, адамдарға шынайы көмектесу ниеті қабылданған шешімдер мен әрекеттерге жауап беру, әрбір жаңа клиент проблемасының жеке –дара тарихы ұсынған жаңа міндеттерге деген шығарм –ашылық қатынас қызметі тиімділігінің негізгі факторы болып табылады.
Психологтың ие болуы тиіс жеке қасиеттерінің тізіміні клиентке көңіл білдіру оны сезіну қабілеті бастайды. Психологтарда жиі ұсақ –түек оқиғаларды үдету даярлығына сынайды.
Алайда психотерапия жекедегі мааңыздының анықталуын, ұсақ–түйектерді қалай қолдануға болатынын түсінуді болжайды.Психолог үш–төрт бөлшектерді бөліп алып қана көп нәрсені біле алады. Ал оның диалогқа– дербес реакциясын елемеуі құнды мәліметтерді алып тастаумн бірдей. Клиенттің әңгіме барысында хабарлаған мәліметтерден гөрі, сеанстың кезінде орын алған тірі материалмен жұмыс жасаған анағұрлым маңызды.
Психолог ұсақ–түйектерді анықтап, түсініп, қолдану үшін оларды езіну қабілетіне ие болуы тиіс. Оның өз–өзіне бұл тек мазасы кеткен әйел деп оларды елемеуі психотерапиядағы ең маңыздыны елемеу болып табылады. Психолог техниканы жақсы меңгерсе де, клиенттің толқығандығын, үн жұрқасының түскендігін, қауқарсыздығын сезінк қабілетін тұншықтыратын болса, оның маман ретінде жоққа шығаруға болады. Ол сол қабілетке ие болуға, сондай–ақ мінез–құлқын қадағалуға міндетті.
Көптеген психологтар адам қатынастарының өзегін оңай елеуге, олардың барлық реңктеріне күйзелуге қабілетті. Олар үшін өмірдің әрбір мезеті мағынаға толы. Олардың сеанстары онда айтылғандар мен істелгендер терең мағынаға толастайтын шешуші кездеулерге ұласады.
Басқа психологтар клиенттерге «техникалық» жағынан келеді. Олар үшін қорытынды, яғни проблеманың негізі әрі клиентке көмектесу үшін істелінуі қажет нәрселер маңызды. Олар осының барлығын оған тұрақты «кірігусіз» жасауға үміттенеді. Олар өздерінің сезімдеріне енбейді. Оларға жеке дара ерекшеліктерін оңай сезінетін, қысқа мерзімде қорытынды жасайтын қызметтестерінің экстрасенстер ретінде қарайды.
Клиенттің психологиялық ықпал процесіндегі тұлғалық өсуі проективті және басқа да әдістердің көмегімен анықталады. Диагностикалық әдістердің батареясы қолданылғанда сыналушылар таңдауының қалыпты таңдаудан айырмашылықтарының үйреншікті принциптерінен, сондай–ақ клиенттердің ахуалы жақсарған сайын олардың психологиялық көрсеткіштері нормаға жақындайтынынан бастайды. Психологиялық ықпалдың басында, процесін және соңында алынған орташа көрсеткіштер салыстырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997
2.Гулина М.А. Основы индивидуального психологического консультирования. СПб., 2000
3.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985
4.Кошчо Й. Служба психологической консультации. Вопросы психологии.1984
5.Меновщиков В.Ю. Введение в психологическое консультирование. М.,2000
6.Обозов Н.Н. Психологическое консультирование.СПб.,2000.
№14 дәріс. Практик психологтың басқа мамандармен өзара байланысы
Дәрістің мақсаты: Практик психологтың басқа мамандармен өзара қандай байланысы бар екенін анықтау
Жоспары:
Психолог және басшы. Психолог және медициналық қызметкер. Психолог және заңгер.Психолог және әлеуметтік қызметтер.Психолог және педагог
Тәжірибеленуші психолог күнделіткі адамдардың көптеген категорияларымен әрқилы қатынастарға түседі. Өзара әрекеттестік оның кәсіби іс –әрекетінің негізін құрайды. Өзара әрекеттестік бұл – адамдардың қарым –қатынас барысында бір –біріне өзара ықпал ету үрдісі; Басшы мекемедегі психологқа қатысты тапсырыс беруші немесе тікелей басшы ретіндегі жағдайда психологтың басшымен өзара әрекеттестігі айрықша бітістермен сипатталады. Басшы психологтың клиенттерінің бірі болған жағдайда басқару іс –әрекетінің сипатымен міндеттелген қиындықтардың мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Ұйымның басшысы диагностикалық немесе кеңес беруші бағдарламаларды жүзеге асыру үшін психологты тарту жайында шешім қабылдайды. Осыдан кейін ол не болм –аса басқа бір адам оның тапсырмасы бойынша кеңес беруші фирмамен немесе нақты кеңесшімен байланысады. Психолог және оны күтіп тұрған жұмыс үшін осындай алғашқы мезеттер маңызды; келіссөздердің деңгейі көзделген бағдарламаның және лған деген қатынастың күрделілігін айқындайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Басшының шақырылған маманмен тиімді қатысуға мүмкіндік беретін қатынастардың қалыптасуын барлық күшін жұмсайтынына психолог үміттене алады.
Кейбір басшылар кеңес беру жайында шешім қабылдағанда оның мақсатқа лайық болатынына толықтай сенімді бола бермейді. Олар «одан ненің шығатынын» көргісі келеді. Кейде олар «сәнге» немесе шет елдік іскер серіктерінің кеңесіне бағынады, демек жазбаша есепті алумен шектелуі мүмкін.
Біріккен жұмыс өзара қабалданғанда тіркеу түрі (келісім шарт, жазбаша немесе ауызша келісім) жайлы мәселе туындайды. Тек қаржы жағдайлары, есептесу реті, мерзімдер мен бағыныштылық қана тіркелетін ауызшы келісім өте кең таралған. Ауызша келісім өзара сенімділікті танытады. Сондай–ақ келісімнің заң тұрғысындағы қатаң түрі де талқыланады. Психологиялық келісім және іскер, әлеуметтік, қаржылық, ұйымдастырушы мәелелер үйлесетін келісім қажет.
Психологтың пайда болуы әлі де қызметкерлердің жоғары қызығушылығын тудыруда. Олардың ведомствалы және ведомствалылықтан тыс инспекциялардың өкілдерімен қарым–қатынастарының жеткілікті дәрежеде жағымсыз тәжірибесі бар да, әлеуметтік–психологиялық проблемаларды: өздерін, өз бөлімшелерін және тұтастай ұйымды бірігіп зерттеу дағдылары жоқ. Алдын ала кездесулердің өзі кейде ұйымда кеңес беру процесіне деген жасырын немесе ашық қарсылықты, толқынысты (әсіресе басқару персоналының тарапынан), бастамашылдығымен кеңес алу жайындағы мәселе көтерілген басшыға деген ыза туындауы мүмкін. Оның барлығы басшылықтың белсенді қатысуымен білікті психологпен жеткілікті дәрежеде тез жойылатын бастапқы мазасыздық пн нақты тұйықтықты қалыптастырады.
Тұлғаның даралық –психоло –гиялық құрылымы аурулардың барлығының динамикасына ізін қалдырады. Медициналық тәжірибе нақты жағдайларда аурудың ақырын психологиялық факторлардың шешетінін дәлелдейді. Демек, аурудың пайда болу мен жүру барысының психологиялық жағдайларын, сырқаттың емдеу шараларына реакциясын кәсіби тұрғыда зерттеу қажет.
Заңгерлік тәжірибедегі психологиялық ақпарат тергеу қызметінде, адвокаттық іс –әрекетте және сот өндірісінде қолданылады. Заңгерлік іс –әрекеттің қайсібір түріне қатысқан психологтың міндеті қоғамдық өмірдің әділет органдарындағы айрықша психологиялық проблемаларды шешуде оларға көмек көрсетуде. Оның басты қызметі кінәлілердің, куәлардың және жәбірленушілердің тұлғасы мен мінез –құлқының жеке –даралық ерекшеліктерін нақты да объективті бағалау үшін сәйкес деректердің жерттеу әдістері мен арнайы психологиялық білімдерді қолдануда. Көптеген басым жағдайда сарапшы –психолог ғылыми біліктілігінің шегінде анықталған деректердің кәсіби бағасын беруңі тиіс.
Тергеуші сияқты, адвокат та адамдар мінез – құлықтарының мотивтерін, олардың қабілеттерін, өзарақатынастарын және басқа да психикалық және әлеуметтік –психологиялық құбылыстарды және қылмысты мінез –құлықтың ерекшеліктерін сынауда, кінәнің дәрежесін, қайсібір қылықтардың орындалу мүмкіндіктерін бағалауда маңызды болуы мүмкін ғылыми – психологиялық тұжырымдау қажеттілгін кешіреді.
Заң мамандықтарының өкілдері психологқа сұраныстарын құруда адам мінез –құлқының жалпыланған үлгісіне, өзінің психологиялық факторлардың қылмыстық және заңға бағынатын мінез –құлықтағы рөлі жайындағы түсінігіне бағдарланады.
Психолог –сарапшының алдындағы міндеттерді шешу үшін оған қылмыстық істің материалдары ұсынылуы тиіс. Сот –психологиялық сараптаманың алдын ала тергеудің материалдары аз болар ерте кезеңдерінде жүргізген орынсыз. Сарапшының істің жағдайларымен танысуға, тергеу кезінде және басқа да да тергеуәрекеттеріне қатысуға, тергелушіге сараптаманың пәніне қатысты сұрақтарды қоюға, сараптаманы қызықтыратын мәліметтерді хабарлауы мүмкін куәгерлерді және басқа да адамдарды шақыруды сұрауға хұқы бар.
Егер сарапшы түйіндеуге оның құзырына ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігі жайлы қорытындыға келсе, ол осы мәселе жайында психологиялық сраптаманы белгілеген бөлімшеге, оған қандай құжаттардың қажет екендігін көрсетіп, хат түрінде хабарлайды.
Осылайша, хұқылы мінез –құлық мәселесі заңгерлік тәжірибе өкілдерінің, оған қызығушылық білдірген адамдардың және психологтың өзара әрекеттестіктерінің пәні болып табылады. Психологтың осы мәселені шешудегі рөлі хұқылы іс –әрекетте елемеуге болмайтын психологиялық ақпаратты ұсынуда, психологиялық деректер мен заңдылықтарды нұсқауда.
Практикалық психолог мектепке балалар, педагогтық және әлеуметтік психологиядан маман ретінде келеді. Ол өз жұмысында психикалық дамудың жас ерекшелік заңдылықтары мен жеке дара ерекшелігі жайлы, адам мінез –құлқының мотивтері мен психикалық іс –әрекетінің басталары жөніндегі кәсіби білімдеріне сүйенеді. Психолог – мектеп ұжымының тең хұқылы мүшесі әрі педагогтық процестің одан басқа ешкімнің кәсіби тұрғыда қамтамасыз ете алмайтын, атап айтқанда – оқушылардың психикалық даму динамикасын түсіндіріп, оның дамуына жоғары дәрежеде ықпал ете алмайтын қырына жауап береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997
2. Весник образования.-М.,1995.№7.
3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.
4. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000
№15 дәріс. Психологтың біліктілігін аттестациялау негіздері
Дәрістің мақсаты: Психологтың біліктілігін аттестациялау негіздері жайлы білімдерін дамыту.
Жоспары:
Психологтың нормативтік құжаттары. Балалардың құқықтары туралы конверциясы. «Білім беру» туралы ҚР Заңы. Психологиялық қызмет туралы Ереже. Іс-қағаздарды жүргізу ережелері. Психологиялық бөлме немесе психологтың қызмет ету кеңістігі. Психолог жұмысының уақыттық жүктемелері.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрлар даярлау нысаны;
2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
2-1) академиялық оралымдылық – оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру;
2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар;
2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
4) бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;
5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;
6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;
7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасының азаматтарын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыту немесе ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;
7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;
7-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – мүмкіндігі шектеулі адамдардың онсыз жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өмір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер көрсетуді қоса алғанда, білім алу үшін жағдайлар;
8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
10) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;
15) білім беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;
17-1) білім беру ұйымының ерекше мәртебесі – оқуға қабылдаудың тәртібін дербес анықтауға, өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға, оқу, ғылыми және әдістемелік қызмет саласында өзінің нормалары мен нормативтерін пайдалануға, білім туралы өз үлгісіндегі құжаттарды беруге мүмкіндік жасайтын жұмыс істеудің ерекше режимі;
18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;
18-4) докторантура – философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;
21) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-1) жоғары техникалық мектеп – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-2) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
21-3) инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;
22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;
25) институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
26) институционалдық аккредиттеу - білім беру ұйымының білім беру бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсынуы жөніндегі қызметін бағалау;
26-1) интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары – білім беретін оқу бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;
27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
28) интернатура-медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларын базалық медициналық білім беру шеңберінде бір немесе екі жылдық даярлау нысаны;
28-1) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау үшін үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, оларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балаларды, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияга әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйым;
29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
29-1) кәсіптік даярлау – техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытудың кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бір бөлігі;
30) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;
33) кешенді тестілеу - ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;
35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білім берудің немесе орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;
36) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
37) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының, оның ішінде білім беру гранттары көлемінің шекті саны;
37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
38-1) қосымша білім беретін мектептен тыс ұйым – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
39) қосымша білім беру – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі;
40) лицей – оқушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
41) магистр - жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;
41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;
41-2) магистратура – тиісті мамандығы бойынша "магистр" академиялық дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;
42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
45-1) мемлекеттік бітіру емтиханы – білім алушылардың жалпы орта білім беру курсын бітіргенін куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті талап болып табылатын, жалпы орта білім беру ұйымдарында оларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;
46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
47) оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және
оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеретін маман;
52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
53-1) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
53-2) тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы;
54) университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;
55) училище – мәдениет пен өнер саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
56) ұлттық бірыңғай тестілеу - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;
56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
57) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – тиісті мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже;
57-1) халықаралық мектеп – өз бетінше әзірлеген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымы;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
59) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
60) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.
Достарыңызбен бөлісу: |