Силлабус пән туралы ақпарат: Пәннің атауы: Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесін оқыту



бет1/10
Дата05.04.2024
өлшемі169,5 Kb.
#200552
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚТОӘ Силлабусс
5 практикалық Диана Қ, док


СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат:
Пәннің атауы: Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесін оқыту
Кредит саны:____6__
Курс, семестр: 4, 8
Шифр және Білім бағдарламасының (ББ) атауы: 6 В01701 қазақ тілі мен әдебиеті
Институт: Филология
Кафедра: Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі: Райгүл Сәдуақасқызы Рахметова – педагогика ғылымдарының докторы, доцент.
Қатынас ақпарат: (телефон, е- mail)8-705-181-23-27 raigul.67@mail.ru
2. Бақылау түрі (жазбаша емтихан)*
Бағалау критериялары: Үй тапсырмаларының немесе БӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
5. БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
Бақылау формасы: (жазбаша, ауызша немесе тест түрінде емтихан, топтық немесе жеке жоба, оқу-шығармашылық жұмыстарды ұсыну және т.б.).
Бағалау шкаласы* Қосымшада
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:
(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы:«Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесін оқыту» курсынан студенттер қазақ тіл білімінің салалары бойынша білімдерін тереңдетеді. Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттармен танысады. Мектептегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын игереді, оны оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысып, оны қолданудың жолдарын игереді.
«Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесін оқыту» курсының мақсаты – бітіруші курс студенттерін Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындау, мектептегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын игерту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет