Силлабус пән туралы ақпарат: Пәннің атауы: Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесін оқыту



бет2/10
Дата05.04.2024
өлшемі169,5 Kb.
#200552
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚТОӘ Силлабусс
5 практикалық Диана Қ, док
Пәннің негізгі міндеттері:

қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту;

  • болашақ мамандарға қазақ тілін оқытудың жолдарын игерту (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды (жиынтық, қалыптастырушы бағалау) үйрету, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын (рубрика, модерация) табуға баулу);

  • өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.

6В01701 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы
бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН 10 - тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады;
ОН 11 - қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгереді, педагогикалық тәжірибеде орынды қолданады;
4. Курстың академиялық саясаты. Академиялық тәртіп ережелері: Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады.
Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, жобалық жұмыстар мен тапсырмаларды және т.б.) орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау қажет. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар: Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау. Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет