Неліктен VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
6.2.2.1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;
6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.3.1 Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын бағалау
Барлығы: Ислам мәдениетінің өрлеу кезеңіндегі күнделікті ӛөірдегі өзгерістер мен жетістіктерді атайды;
Архитектура, философия, ғылым саласындағы жетістіктерді сипаттайды;
Көпшілігі: Арабтардың жаулап алуы нәтижесінде қалыптасқан халықаралық жағдайдағы ең негізгі және маңызды жетістіктерді анықтайды;
Кейбірі: «Алтын ғасыр» дәуірінің негізгі жетістіктерінің маңызын ӛздігінше тұжырымдайды
Ой шақыру Мұғалім араб мәдениетінің жетістіктерін көрсетеді.
Сұрақтар: Сіз осы суреттерден қандай әсер алдыңыз?
Неліктен VIII-XII ғғ. ислам мәдениетінің «алтын дәуірі» деп атайды?
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.
Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
1. Ислам өркениет жетістіктерін ғылым, мәдениет және күнделікті өмірдегі әсерін қарастыру;
2. Бұл кезең «алтын дәуірі» екендігін дәлелдеу.
3.«Алтын ғасыр» кезеңінде ислам мәдениеті өнертабыстарының жетістіктерін зерттеу.