Сынып математика ережелер натурал сандар және саны. Натурал сан


-ге – жазылуы жұп цифрлармен аяқталған натурал сандар бөлінеді. Мысалы: 12, 100, 1882, 1134 4-ке



бет3/9
Дата28.10.2022
өлшемі214,27 Kb.
#155430
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, микр лаб жаңа, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
2-гежазылуы жұп цифрлармен аяқталған натурал сандар бөлінеді. Мысалы: 12, 100, 1882, 1134
4-ке – жазылуында соңғы екі цифрларынан құралған натурал сан 4 ке бөлінсе немесе екі нөлмен аяқталса, берілген санда 4-ке бөлінеді. Мысалы: 128, 1980, 112, 25436
8-ге – жазылуында соңғы үш цифрларынан құралған натурал сан 8-ге бөлінсе немесе үш нөлмен аяқталса, берілген сан 8-ге бөлінеді. Мысалы: 8120, 1880, 45120
3-ке – жазылуындағы цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, берілген сол натурал сан 3-ке бөлінеді. Мысалы: 10245 ал 1+0+2+4+5=12 болады. Ал 12 саны 3-ке бөлінеді, демек 10245 саныда 3-ке бөлінеді.
6-ға – жазылуында соңғы цифры жұп болса және цифрлар қосындысы 3-ке бөлінсе, сол натурал сан 6-ға бөлінеді. Мысалы: 144810 саны жұп сан, және 1+4+4+8+1+0=18 болады. Содан 144810 саны 6-ға бөлінеді.
9-ға – жазылуындағы цифрлар қосындысы 9-ға бөлінсе, сол натурал сан 9-ға бөлінеді. Мысалы: 7893 саны 7+8+9+3=27 болады. Содан 7893 саны 9-ға бөлінеді.
5-ке – жазылуында соңғы цифры 0 немесе 5 цифрымен аяқталса,сол натурал сан 5-ке бөлінеді. Мысалы: 485, 770
10-ға – жазылуында соңғы цифры 0 мен аяқталса, сол натурал сан 10-ға бөлінеді. Мысалы: 1130, 190, 70
Дәреже – бірнеше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін көрсететін өрнекті айтамыз. Мысалы: 2*2*2*2*2= деп жазуға болады.
Санның квадраты – санның 2-ші дәрежесі. Мысалы: - он төрттің квадраты.
Санның кубы – санның 3-ші дәрежесі. – бестің кубы.
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу – оны тек қана жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу. Оны вертикаль сызық арқылы баған түрінде бөліп табамыз. Мысалы: 420=2*2*3*5*7
Берілген натурал сандардың ЕҮОБ-і деп, сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал сан. Мысалы ЕҮОБ(36,24)=12
Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды сол сандардың ЕКОЕ-сі деп атаймыз. Мысалы: ЕКОЕ(4,6)=12



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет