Ондық бөлшекті 10, 100, 1000, ... сандарына бөлу үшін бөлгіштің жазылуында неше нөл болса, ондық бөлшектегі үтірді сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек. Мысалы: 0,154:100=0,00154 4,2:100=0,042
Ондық бөлшекті 0,1 0,01 0,001 ... сандарына бөлу үшін бөлгіштің жазылуында үтірден соң неше цифр болса, ондық бөлшектегі үтірді сонша цифрға солға қарай жылжыту керек. Мысалы: 0,154:0,1=1,54 4,2:0,1=42
Ондық бөлшекті қандайда үлеске дейін дөңгелектегенде, айтылып жатқан үлестің оң жағындағы барлық цифрлар алынып тасталынады. Егер алынып жатқан цифрлардың ең біріншісі 0,1,2,3,4 болса, айтылған үлестегі цифр өзгертілмейді. Егер алынып жатқан цифрлардың ең біріншісі 5,6,7,8,9 болса, айтылған үлес 1 бірлікке арттырылады. Мыс:
45,23 45 -бүтінге дейін
0,861 –ондық үлестерге дейін;
2,734 2,73 –жүздік үлестерге дейін.
ЖИЫН Жиын белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгілі бір заңдылықпен біріккен нәрселерді құрайды.Жиын оны құрайтын элементтердің аталуымен немесе жиын элементтерінің белгілі ортақ қасиеттері бойынша беріледі. Мыс: музыканттар жиыны, жемістер жиыны, жай сандар жиыны
Бос жиын деп элементі жоқ жиынды айтамыз.
А жиынының ішкі жиыны –В жиыны – әрбір элементі А жиынына тиісті болатын А жиынының бөлігі. В . Мысалы: жай сандар жиыны, натурал сандар жиынының ішкі жиыны. Домбырашылар жиыны музыканттар жиынының ішкі жиыны.
Екі жиынның екеуіне де ортақ элементтерден ғана тұратын жиынды сол жиындардың қиылысуы деп атайды. А Мысалы: АЛМА сөзімен АНАР сөздерінің әріптер жиынының қиылысуында бір ғана А әрпі бар.
Екі жиынның кем дегенде біреуіне тиісті элементтерден тұратын жиынды сол екі жиындардың бірігуі деп атайды. А . Мысалы: А= B={2,4,6,8} А ={0,1,2,3,4,5,6,8} n(A }=8
ПАЙЫЗ Бір процент дегеніміз: бүтіннің жүзден бір бөлігі. 1%=1/100
Процентті жай бөлшек немесе ондық бөлшек түрінде жазу үшін, процент санын 100-ге бөлу керек. Мысалы: 85%=85/100=17/20=0,85