Сыныптағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастар диагностикасы. Социометриялық әдістеме. Жоспар



бет1/5
Дата02.12.2022
өлшемі114,68 Kb.
#160975
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу


Сыныптағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастар диагностикасы . Социометриялық әдістеме.
Жоспар

  1. Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама тандау.

  2. Социограмма негізінде сыныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін айкындау.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Социометриялық әдістеме
«Социометрия» термині латын тіліндегі: socius – дос, серіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады.
.
Социометриялық әдіс — саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді.

.


1.Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама тандау.
.Фрейдтің шәкірті — Джекоб Морено (1892-1974).

Морено теориясы бойынша, барлық қиыншылықтар, қарама-қайшылықтар, оның ішінде, әлеуметтік, микро және макро құрылымының сәйкес келмеуіне байланысты.


Социометрия— америка социологі және психологі Джекоб Морено ұсынған шағын топтарда тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеудің ерекше әдісі. Қазір социометрия әдісін топ мүшелерінің арасыңда ұнату және ұнатпауды анықтау үшін кеңінен қолданады.
Социометриялық әдістің мәні белгілі бір шарттарға жауап беретін адамдарға — бірізділік тәртіппен таңдауды іске асыру міндеті қойылған топ мүшелерін сауалдаудың нәтижесін зерттеу. Демек, бұл жағдайда әртүрлі социометриялық өлшемдер немесе нақты сұрақтар ұсынылады, оған әрбір зерттеуші жауап беруі тиіс (мәселен, зеттеуші бірінші кезекте кіммен бірге жұмыс істеуді, көрші болуды, демалуды қалайды, кіммен екінші кезекте, кіммен үшінші кезекте). Сонымен зерттеу нәтижесінде топтағы "социометриялық жұлдыздарды"немесе топтағы ең кеп тандауға ие болғандарды анықтау.
Бұл әдіс тез арада топтағы адамдардың бір-бірімен қатынасын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл әдісті сынып жетекшілері, тәрбиешілер кеңінен қолданады. Мектеп оқушыларына төмендегі сұрақтарға жауап беру сұралады: "Сен кіммен туристік жорықтарға, емтиханға дайындалануға, бір партада отыруға, бір командада ойнауға тілек білдірер едің?" Әрбір сұраққа үш таңдау беріледі: нәтижесінде ұжымның кейбір мүшелері көп тандауға мәжбүр болады. Ұжымның әрбір мүшесінің орны, рөлі, мәртебесі, бағыты туралы негізделген бағалауға, ұжым ішілік топтарды, оның лидерлерін анықтауға мүмкіндік, тәріздес сұрақтар социометриялы өлшемдердеп аталады, топ ішілік тұлғалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасының әртүрлі жақтарын қамтиды. Осындай өлшемдер белгілі бір міндеттерді орыңдаумен тығыз байланысты (оқу, қоғамдық жүктемелер, демалыс, бірге уақыт өткізу және т.б.сияқты).
Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңьектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теори –ялық қорытындыларды жасауда арқау болады.
«Мәртебе» және «әлеуметтік рөл» сөздері негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Бдәл осы ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды. Мәртебе бұл – индивидтің топ тіршілік әрекетінің жүйесіндегі, топтық үрдітердің дамуындағы орны. Мәртебе топ мүшесінің жетекші қызметімен анықталады. Ол бір уақытта обьективті түрде индивидке тән бітістерді әрі айналадағылардың адамның өз қызметтерін қабылдауын біріктіреді. Индивидтің әлеуметтік өзі мінез-құлықтың: «көсем», «ұжымның беделдісі», «әділ сот» және т.с.с.сияқты ерекше ережелерімен сипатталған қайсібір сызбаға біріктірілген топтың индивидке жүктеген қызметтерінің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік рөлдер қатаң болмайды: ол орындаушының тұлғасы біршама ықпал ететін динамикалық және көп өлшемді құбылыс. Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.
Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен ірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың – біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшлікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.
Социометриялық әдістемелер түрлі жас шамаларын қамтыған тұлғалар арасындағы ішкі қатынастардың динамикасын зерттеу үшін, тұйық топшаларды, топтың ішкі ауызбірлігінің дәрежесін, топтық мотивациялық құрлымы мен оның дау — дамайлар шегін анықтау үшін қолданылады. Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама тандау.Социограмма негізінде сыныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін айкындау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет