Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептили-лер үшке бөледі



бет3/7
Дата02.12.2022
өлшемі33,32 Kb.
#160873
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін

Ми сауыты. Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер да-мып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытынын, түбі негізделген.
Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде сүйегінің алдыдғы жағында негізгі сына тэрізді (hаsіsрһепоіdеиm) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытынын. түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына Жалғасып жатады.
Есіту капсуласының маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі — алдыңғы құлақ — бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі — артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сү-ііекпен, үстіңгі құлақ сүйегі — жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді.
Иіс бөліміндегі шеміршектер сүйектенбей, сол шеміршек кү-йінде қалып қояды. Ми сауытының төбесі мынадай жұп сүйек-терден: мұрын, маңдай алды (ргаеігопtаlіа), маңдай және маң-дай артындағы (роstfгопtаlіа), төбе және тақ төбе аралық (іпtеграгіеtаlіа) сүйектерден құралған. Төбе аралық сүйегінің ортасында төбе органының тесігі болады.
Ми сауытының бүйір жақтары мына сүйектерден тақ жақ-аралық, жұп жоғаргы жақ, көз үсті, бет және бұдырбетті сүйек-терден қалыптасады. Ми сауытының төбесінін, астықғы жағында, самай маңында, кесірткелерде — бүйір самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады.Төменгі жағы Меккелев шеміршегіне ұқсас, буындасқан сү-йектен тұрады. Бұл шаршы сүйекпен ұштасады. Тіс, бұрыш, және бұрыш үсті (sиргаапgиlаге), садақша (согопаге) және тақташа (sрlепіаlе) сүйектерде жақ құрамына енеді.
Тіл асты доғасының үстіңгі бөлімі гиомандибулярға ұқсас, ол есіту сүйегі — үзеңгі деп аталады. Висцеральдық скелеттің басқа элементтері шеміршек пластинкаларынан және үш пар өсіндіден тұратын тіл асты аппаратын құрайды.
Басқаңқасының ми бөлімі: шүйде бөлімі төрт сүйектерден (негізгі, жоғарғы және бүйір шүйделік) тұрады. Екі бүйірі – құлақ, қабыршақ, шықшыт, жас және көз ойығын түзетін сүйектерден құралады. Басқаңқасының қақпағын төбе, маңдай және мұрын сүйектері түзеді. Басқаңқасының түбінің құрамына сына тәрізді, таңдай, өре және шаршы сүйектер кіреді.
Басқаңқасының висцеральдық бөлімі. Жоғарғы жақ және жақаралық сүйектер жоғарғы жақтарды құрайды, тіс сүйектері төменгі жақтың құрамына енеді. Тіласты доғасының гиомондибуляре элементі үзеңгі сүйекке айналған.
Өстік қаңқада бірінші мойын омыртқаның денесі болмайды, әрі сақина түрінде (атлант), екіншісінің тіс тәрізді өсіндісі болады (эпистрофей). Омыртқалары процельді, сондай-ақ әртүрлі өкілдерінде амфицельді немесе опистоцельді болуы мүмкін.
Кәдімгі сарыбас жыланда омыртқа екі бөлімге (тұлға және құйрық) бөлінген, кесірткеде көкірек омыртқаларының төспен байланысатын қабырғалары болады. Тасбақаларда өстік қаңқа сауыттың сүйекті негізін түзуге қатысады, тек омыртқаның мойын және құйрық бөлімдері қозғалмалы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет