Тынысоргандары. Рептилилердің амфибилерден айырма-шылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмай-ды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек ап-параты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ ал-масуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек _рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алура қатыспайды.
Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым — гаттерилердің өкпесінің ішкі қуысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесінің. астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер — өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды.
Көмекей қуысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді ше-міршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көме-кейден ұзын кеңірдек кетеді. Қеңірдек екі бронхаға тарамда-лып, өкпеге жалғасады.
Тыныс алу және шығару көкірек қуысының, кеңейіп, тары-луы нәтижесінде орындалады.
Тыныс алу жүйесі. Кесірткенің тыныс жолдары сыртқы мұрын тесіктері – танау басталады. Әрі қарай ауа мұрын жолы және ішкі танау тесіктері –хоаналар арқылы ауыз қуысына, сосын көмекей арқылы қабырғасында босаңсуына мүмкіндік бермейтін сақинатәрізді шеміршектері бар едәуір ұзын түтік – кеңірдекке келіп түседі. Кеңірдек мойынды бойлай өтіп екі қысқа бронхыларға тарамдалып өкпелерге енеді.
Өкпелердің губкалы құрылысты болуы олардың тыныс алу беткейін арттырады. Кесірткелерде тыныс алу актісін арнаулы еттердің әсерінен көкірек клеткасының кеңейіп-тарылу жолы арқылы іске асады.
Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфиби-лердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке бөліп тұрады.
Жүрек қарыншасының. әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қа-рыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Қарыншанын, сол жақ бөлімі-нен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең со-ңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері ке-теді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаның он. жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды. Қан тамырының осындай жіктелуі нәтижесінде өкпё артерия-ларына тек қана вена қаны құйылады да он, жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына — таза артериялық қан келеді. Тек қана сол жақ колқа шеңберіне, арқа қолқасына аралас қан келеді, бірақ оттегіне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі органдарда, еттерге қан тамыры таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады.
Құйрық бөліміндегі вена қандары — құйрық венасына жина-лады, ол клоаканың маңына келгенде, екі жамбас венасы-на тарамдалады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен қосылады. Құрсақ венасы ішкі органдардың көптеген веналарын қосып алып, бауырға еніп, бауырдың қақпа венасын құрайды.
Бүйректен шыққан вёналардан артқы қуыс веналрдан артқы қуыс вена құралады.Артқы қуыс венасына омыртқаның астыңғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп құяды. Артқы қуыс венасына — бауыр венасы да құйылады.
Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдык венаға жина-лады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып, алдыңғы бір пар венаны құрап, оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарының. қаны кұйылады
Қан айналу жүйесі. Үш камералы жүрегі көкірек қуысының алдыңғы бөлігінің құрсақ жағында орналасқан. Жүрек қарыншасы толық емес перделермен екі қуысқа бөлінген. Кіші және үлкен қан айналым шеңберінің басты артериялық бағандары қарыншадан жеке-жеке шығады. Бұл үш дара тамырлар: өкпе артериясы мен екі (оң және сол) қолқа доғалары.
Қан айналым шеңберлерін қарастырамыз. Кіші қан айналым шеңбері қарыншаның веноздық бөлігінен өкпе артериясы ретінде шығады. Веноздық қаны бар өкпе артериясы екі тарамдалып өкпелерге барады да, сол жерде газ алмасу жүреді. Артериялық қан өкпе веналарының бойымен жүрекке барып, дара тамыр түрінде сол жүрекшеге құйылады.
Қарыншаның сол және ортаңғы бөлігінен қолқа доғасының жүйелері шығады. Үлкен қан айналым шеңбері осылайша басталады.
Қолқаның оң жақ доғасы дененің алдыңғы бөлігіне қан апаратын ұйқы және бұғанаасты артерияларының бастамасын береді. Сосын доғалар иіліп арқа қолқасына бірігеді, ол барлық мүшелерге қан апаратын көптеген қан тамырларының тарамдарын береді. Вена қаны вена тамырлары бойымен жиналып, жоғарғы және төменгі қуыс веналар түзеді де әрі қарай оң жүрекшеге барып құйылады.
Бауырымен жорғалаушыларда веналар бүйректер мен бауырдың қақпа веналарын түзеді.