Зәр шығару органдары. Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (metanерһгоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан — дене бүйрегі бастамасының алдыңры жағынан дамиды. Дене бүйректері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жүмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жарынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Жамбас бүйрек қалыптасқан соң, дене бүйрегі редукцияла-нады. Ұрғашыларында алғашқы бүйрек толығымен редукция-ланады да еркегінде оның алдыңғы бөлігі қалып қояды. Оны ұрық безінің қосалқысын (еріdіdуmиs) деп атайды.
Жыныс органдары.Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқа жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Ұрық безі, мезонефростың қалдығы, ұрық қосалқысы екені айтылған бо-латын. Ұрық қосалқысының қаналы рептилилерде тек қана ұрық өткізгіш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердің барлығында да шағылыс органы болады. Кесірткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесінен өскен бір пар өсінді болып есептеледі. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады.
Ұрғашыларында вольфов каналы сақталмайды. Жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Мюллеров ка-налы қабырғасы жұқа қос түтіктен тұрады, оның воронка тә-різді бір ұшы дене қуысына ашылады да екінші ұшы клоакамен жалғасады. Тасбақалар мен крокодилдердің жұмыртқа жолының ортасында жұмыртқаның белокты қабығын бөліп шығаратын безі болады. Жұмыртқа жолының төменгі жағында пергамент тәрізді немесе жұмыртқаның известі сіңген қабығы пайда болатьы безі бар.
Аталық жыныс бездері. Жұп тұқым бездері. Олар тұқым шығарғыш каналшалар көмегімен тұқым безі қосалқысымен тығыз байланысқан. Тұқым безінің қосалқысынан тұқым жолдары басталады. Клоакаға құйылар алдында тұқым жолдары несепағарлармен бірігеді де, бір тесік арқылы клоакаға ашылады
Аналық жыныс жүйесі – жұп жұмыртқа бездері. Жетілген жұмыртқа жасушалары дене қуысына түседі, сосын дене қуысының алдыңғы бөлігіндегі жұмыртқа жолының түтікшесіне түседі. Мюллер каналының гомологы жұмыртқа жолы клоакаға жеке-жеке ашылады