Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептили-лер үшке бөледі



бет7/7
Дата02.12.2022
өлшемі33,32 Kb.
#160873
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін

Нерв системасы. Рептилилердің нерв системасы амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Әйткен-мен бұл қыртысы әлі де жақсы жетілмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенірек болуы, аралық миды үстінен жауып қарағанда көрсетпейді. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетілген. Төбе органы өзінің құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесірткелерде жақсы жетілген. Ол төбе сүйектерінің аралығындағы тесікке орналасып, жарықтың әсе-рін өте жақсы қабылдайды.Мишық өте жақсы дамыған. Басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миы сияқты рептилилердің сопақша миы да вертикал бағытта айқын иін жасайды
Жүйке жүйесі. Үлкен жартышарлары сұр заттан құралған ми қыртысымен жабылған. Олардан иіс бөлімдері шығады. Аралық мидың жұқа қақпағында эпифиз, астында дөңгелек денешік – гипофиз орналасқан. Орта мида екі ірі көру төмпешіктері болады. Мишық жақсы дамыған. Сопақша ми ұзынша тәж түрінде жұлынға ауысады.
Сезім органдары. Механикалық қозуларды қабыршақтары-ның үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жи-налған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш “түктері” арқылы қабылдайды. Бірақ суда тіршілік ететін төменгі саты-дағы омыртқалыларда болатын бүйір сызықтарының органда-
ры болмайды.
Иіс органының құрылысында оның иіс сезу жолының ор-таңғы бөлімінің төменгі — тыныс алу, жоғарғы нағыз иіс сезу бөліміне бөлінуінің үлкен маңызы бар. Барлық иіс жолының бас жағында айқын бөлінген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақтың иісін айырады. Кесірткелер тілін аузынан шырарып, кейбір заттарға тигізеді. Тілін шығарғанда иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілін аузына ендіргенде тілімен бірге енген заттан якобсонов мүшесі арқылы оның иісін “аңғарады”, айыра біледі.
Дыбыс органдары. Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңры құлақтан тұрады. Ортадғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкі-реген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.
Олардын, көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұ-рышында көзін ашып, жұматын — үшінші қабағы болады. Жы-лан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен-бірі бірігіп кеткен. Көзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқа-лады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет