Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.



бет10/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Орнына салу техникасы. Науқас үстелде жатады, иық әкетілген, қол шынтақ буынында 90" дейін бүгілген, тоқпан жілікті осі бойынша тартады, шынтақ өсіндісін алдынан қысыммен тарту бір уақытта жүргізіледі (80-сурет). Шығуды орнына салған соң қозғалысын және пассивті әрекетін абайлап тексеру керек. Қолды иммобилизациялау артқы гипстік лонгетпен, яғни алақан-фалангалық буыннан басталып, иықтың жоғары үштен бір бөлігіне дейін, ал шынтақ буыны 90° бүгілген қалпында болады. Білек жартылай пронация және супинация аралығында, калыпты жағдайда орналасады. Бақылу рентгенографиясын жүргізеді.
Иммобилизация мерзімі - 2-3 апта, оңалу уақыты - 4-6 апта. Еңбекке қабілеттілік 14-2 айда қалпына келеді. Массаж, жылу шараларын қолданбаған жөн, себебі буынмаңы тіндерінде буын козғалысының шектелуіне алып келетін ізбестену үдерісі тез дамиды.
Білектің алдыға шығуы
Белгілері. Қол шынтақ буынында қатты жазылған, шынтақ буынының артында терінің астында тоқпан жіліктің дисталды шеті байқалады, білек өсі тоқпан жілік өсінен ауытқыған. Буында белсенді қозғалыстар мүмкін емес. Пальпация кезінде шынтақ өсіндісінің орнында ойық, ал одан жоғары тоқпан жіліктің буындық беті сезіледі. Шынтақ бүгілуінде шынтақ өсіндісі және кәрі жіліктін басы аныкталады. Білекті пассивті бүккен кезде серіппелі қарсылык белгісі анықталады.
Иммобилизация сипаты мен оның мерзімі артқа шығудағыдай. Біліктің бүйірлік шығулары өте сирек кездеседі және жазылған, әкетілген қолға құлағанда туындайды. Бұл жағдайда білек латералды немесе медиалды жақка қарай ауытқиды, ол артқы медиалды немесе артқы латералды шығуға алып келеді. Белгілері. Клиникалық көрінісі білектің артқы шығуындағыдай, тек шынтақ буынының кеңеюі қосылады. Білек өсі латералды немесе медиалды жаққа ығысады. Бұл жағдайда тоқпан жіліктің медиалды немесе латералды айдар- шықүсті сезіледі.
Емі. Бірінші бүйірлік шығуды абайлап артка шығуға айналдырып, үйреншікті тәсілмен орнына салады. Иммобилизация гипстік лонгет арқылы жасалады. Құрамдастырылған шығуды бірмезетте орнына салу тәждік өсіндінің жартылай немесе толық иық бұлшықеті үстіне «секіріп» шығып кетуі салдарынан мүмкін болмай калады. Бақылау рентгенограммаларын орнына салған соң және иммобилизациядан кейін бірден және 1 аптадан соң жасалады (қайта шығу қаупі бар!). Балаларда жазылған қалыптағы білекті зорлықпен айналдыра тез тартып қалғанда кәрі жілік басының шығуы туындайды. Осы жағдайда сақина тәрізді байлам жыртылып, кәрі жіліктің басы алға қарай ығысады. Кәрі жілік басының шығуына кәрі жілік төмпегіне бекінген иықтың екі басты бұлшықетінің жиырылуы әсер етеді.
Белгілері. Білек айналған (пронация қалпында), қол шынтақ буынында бүгілген, шынтақ буынының латералды аймағы жазылған. Шынтақ буынының алдыңғы аймағын пальпациялағанда сүйектік шығыңқы аймақ сезіледі. Білектің пассивті супинациясы ауырсынады және шектеледі. Кәрі жілік басының тоқпан жілікке ығысуына байланысты білектің белсенді жәнепассивті бүгу мүмкін емес. Диагноз рентгенограммаға қарап қойылады. Емі. Біріншілік көмекте қолды орамалға асып қояды. Кәріжілік басы шығуын салу жергілікті, өтпелі, толық жансыздандырумен жүргізіледі. Көмекші адам қолды тоқпан жіліктің төменгі 1/,-не бекітеді. Травматолог колды білек осімен тартады, супинациялайды, жазады. Содан соң бірмезетте бірінші саусақпен кәрі жілік басын басады және білекті бүгеді. Шыққан кәрі жілік басы орнына түседі. Қолды үш аптаға артқы гипстік лонгетпен бекітеді.
Сауығу - 2-3 апта. Еңбекке жарамдылық (ересектерде) 1-14 айдан кейін қалпына келеді. Асқынуы: артрогенді контрактура, остеоартроз





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет