Қабырға сынықтары. Жіктелуі: 1) Орналасқан жеріне байланысты: паравертебральді; аксилярлы; бұғана орта және төсмаңы сызығы бойымен сыну. 2) Қабырғалар санына байланысты: жекеленген бир қабырғаның сынуы; көптеген қабырғаның сынуы 2-3 не оданда көп.3)Қабырғалардың бір жақты және екі жақты сынуы. 4) Ығысуына қарай: ығысқан және ығыспаған. Клиникасы:Бір немесе бірер қабырға сынғанда мынандай белгілер болады: терең дем ала алмайды, жөтелгенде ауырады, түшкіргенде ұяғая түседі. Науқас мәжбүрлі қалыпта болады қолымен сынған жерді қысыңқырап ұстайды, сынған жағына қарай қисайынқырап отырады. Жалпы халі онша нашарламайды. Бірнеше қабырғаның сынуы: хал-жағдайы өте ауыр болады, оның түсі көгілдірленуі мүмкін, демалысы өте жиіленіп кетеді, әр демі кеңінен алынбайды. Ауру жата алмай отырған қалыпты дұрыс көреді және отырғанда екі қолын орындыққа тіреп, кеудесін созып отырғанды тәуір көреді. Өйткені, ол онымен сынған қабырғалардың қозғалысыназайтуға, әрі ауырғанын жеңілдету үшін. Сыртынан қарағанда бірнеше қабырғасы сыңған жағының дем алысы сау жағынан төмен болады және сол маңда ісік пайда болады. Бір немесе бірнеше қабырғаның екі жерінен сынуы: ауру өте нашар халде, түсі бозарып, бетінен, денесінен суық тер шығады. Науқас демді жиі алады, дем алғанда жауырыны иықтарымен бірге қозғалады, тамырлардың соғуы жұмсақ және төмен әрі жиі болады. Көбінесе тері астына ауаның жиналуы байқалады. Дем алғанда кезде алақанмен сынған жердің үстін ұстағанда қолға сынық бар жерден сүйектің сықыры білініп тұрады. Дем алғанда, демді ішке тартқанда сау жақ кеуде керіледі, ал жарақаттанған жақтың сынығы бар жері ішке қарай тартылады. Демді сыртқа шығарғанда сау жақ кеуде босап төмен ішке қарай тартылады, ал сынған жақ керісінше сыртқа қарай керіп үлкейе түседі. Мұны анықтап білу үшін ауруды рентгенография жасау керек. Рентгеногрофияда сынықт ғана анықтау емес, сонымен қатар өкпе қабының ішіне ауа немесе сұйықтық не қан жиналуында анықтаймыз. Емі: Емді бірінші ауырсынуды басу үшін 10мл 1% новокаин ерітіндісін не лидокаин ерітіндісін сынған жерге қабырғааралыққа енгіземіз, егер ауырсыну қайталанса тағыда дәріні енгіземіз. Ал, бірнеше жерден сынса Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада жасайды, 40-60 мл 0,25% новокаин ерітіндісімен, ұзын инені бұғана-төсемізікше бұлшықетінің артқы бүйірінен еңгізіп IV мойын омыртқасының беткейіне дейін жеткізіп саламыз. Блокаданың әсерін Горнер үштігі бойынша анықтаймыз: птоз, миоз, энофтальм. Қабырғалардың сыңығы негізінен арнайы емшарасыз да жақсы бітіседі. Негізгі міндет: адекватты өкпенің желдетілуін сақтап отыру керек, ол үшін тыныс алу жаттығуларын жасау керек. Сынықтардың бітісуі 4 аптада жүзеге асады, 5-6 аптадан кейін жұмысқа қабілетті болады. Асқынулары: жұмсақ тіңдердің жыртылуы, зақымдануы,өкпенің жарақаттануы, пневмоторокс, гемоторкс, гемопневмоторакс,