Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер. Сұйық дәрілік түрлерді микстураларды бюреткалық жүйе арқылы дайындау. Концентрлі ерітінділер


Rp: Kalii bromidi 4.0 Aquae purificatae 200 ml



бет5/9
Дата20.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#187003
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясында

Rp: Kalii bromidi 4.0

Aquae purificatae 200 ml

M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет

б. Ерітілетін зат мөлшері және еріткішті қаншалық көлемге және

салмаққа дейін жеткізу көрсетіледі:

Rp: Kalii bromidi 4.0

Aquae purificatae 200 ml

M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет

3) Ерітілген зат пен еріткіш мөлшерінің қатынасы көрсетіледі

Rp: Solutionis Kalii bromidi ex 4.0 - 200 ml

M.D.S. Бір ас қасықтан күніне 3 рет.

4 ) Ерітіндідегі заттар концентрациясы басқаша көрсетіледі:

Rp: Solutionis Kalii bromidi 1:50 200 ml

M.D.S. Бір ас қасықтан күніне 3 рет.

Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер

  • Егер дәрілік заттың мөлшері 3%-ға дейін болса, онда тазартылған су мөлшері рецептіде көрсетілген көлемде алынуы керек.
  • Егер құрғақ дәрілік зат мөлшері 3% және 3%-дан жоғары болса, онда ерітіндіні:

  • а) өлшегіш ыдыста дайындайды;
    б) ерітіндінің көлемін көрсетілген көлемге дейін еріткішпен жеткізеді;
    в) еріткіштің қажетті көлемін дәрілік заттың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК) қолданып, есептейді. Көлем ұлғаю коэффициенті – 1 г заттың еруі кезіндегі ерітінді көлемінің ұлғаюын көрсететін шама.

Сұйық дәрілік түрлерді (микстураларды) бюреткалық жүйені пайдаланып дайындау


Сұйық дәрілік түрлерді дайындау салмақтық және салмақтық-көлемдік тәсілдерімен жүргізіледі.
Салмақтық тәсілмен:
- қатты және сұйық дәрілік заттардың, салмақпен дозаланатын тұтқыр және ұшқыш еріткіштердегі ерітінділері;
- дисперстік орта табиғатына байланыссыз (сулы, спиртті-сулы, бейсу), дисперстік фаза концентрациясы 3% және одан жоғары суспензиялар;
- дисперстік фазасының концентрациясына байланыссыз эмульсиялар;
- сұйық гомеопатиялық дәрілік құралдар.
Салмақтық-көлемдік тәсілмен:
- сулы ерітінділер;
- сулы-спиртті ерітінділер;
- галенді, жаңа галенді дәрілік құралдар (тұндырмалар, сұйық экстрактылар, адонизид және басқалар) дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет