Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер. Сұйық дәрілік түрлерді микстураларды бюреткалық жүйе арқылы дайындау. Концентрлі ерітінділер


Еріткіштер Егер рецептіде еріткіш көрсетілмесе, онда тазартылған су



бет3/9
Дата20.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#187003
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясында

Еріткіштер
Егер рецептіде еріткіш көрсетілмесе, онда тазартылған су қолданылады. Микробиологиялық тұрақсыз, сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспайды.
Тазартылған суға қатаң талаптар қойылады:
- ол мөлдір, түссіз сұйықтық;
- суда көмір ангидриді, нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар және ауыр металдар болмауы керек;
- құрғақ қалдығы 0,001%-дан аспауы керек;
  • аммиак қоспасы болуы мүмкін, оның мөлшері 0,0002%-дан аспауы керек.

  • Тазартылған суды алуға дистиллятор деп аталатын айдау қондырғылары қолданылады.
    Әр қондырғы негізгі үш элементтен құралады: буландыру камерасы, конденсатор, қабылдағыш.

ДЭ-1 дистилляторы.
Дәріханада үздіксіз жұмыс істейтін аквадистилляторлар
қолданылады: ДЭ-1, ДЭ-25 және басқалар.
Тазартылған суды қабылдағыш.

Сулы ерітінділер (нағыз ерітінділер)


Ерітінділер – инъекцияға, ішуге, сыртқа қолдануға арналған, бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр.

Сулы ерітінділер технологиясы келесі сатылардан тұрады:


Жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау.
Өлшегіш құралдар, дәрілік заттар ерітуге арналған ыдыстар, босатуға арналған құты, араластыру үшін қолданылатын шыны таяқша, воронка, фильтр қағазы, тығындауышы құрал, негізгі және ескерту этикеткалары жұмыстың алдында дайындалады.
Дәрілік заттарды еріту.
Еріту – ерітінді дайындаудың негізгі сатысы. Ерітілетін заттардың және еріткіштің қасиеттері ескеріледі. Барлық заттардың физика-химиялық қасиеттерінің ішінде ең маңыздысы – олардың судағы немесе басқа еріткіштердегі еру қабілеті.
Заттардың ерігіштігіне байланысты терминдер
Сүзу (colatio) немесе фильтрлеу (filtratio). Ерітіндіні көзге көрінетін бөлшектерден фильтрлеу немесе сүзу арқылы тазартады.
Фильтрлеу үшін қолданылады: фильтр қағазы, асбест, шыны фильтр, ал сүзу үшін бос борпылдақ (мақта, дәке, мата) материалдар.
Фильтрлеу – сұйық фазаны көзге көрінетін барлық бөлшектерден тазарту. Фильтрлеу жылдамдығы процесс жүрген кездегі қысымға, фильтрлеуші материалдардың саңылауының өлшемдеріне, сұйықтықтың тұтқырлығына және басқа факторларға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет