Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер. Сұйық дәрілік түрлерді микстураларды бюреткалық жүйе арқылы дайындау. Концентрлі ерітінділер



бет4/9
Дата20.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#187003
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сұйық дәрілік қалыптар. Сулы ерітінділер-нағыз ерітінділер. Сулы ерітінділердің жеке технологиясында

Фильтрлерге қойылатын талаптар:
- фильтр материалдары белгілі мөлшерде берік болуы керек;
- жоғары өткізгіштік, бөлшектерді ұстап қалу әсерлігін қамтамасыз ететін құрылысы болуы керек;
- ерітіндіге талшықтар мен бөлшектерді бөліп шығармауы қажет;
- дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек;
- термиялық стерильдеуге төзімді болуы қажет;
- қысымға, кернеуге төзімді болуы керек;
- биологиялық индифферентті болуы керек.
Фильтрлеуші материалдардың кемшіліктері: ісінеді; жеткілікті берік емес; теріс зарядталып, суда диссоциацияға ұшыраған кейбір заттардың иондарын адсорбциялауы мүмкін.
Бүрмелі фильтр қағазы арқылы фильтрлеу
а); бүрмелі фильтр; б) фильтр қағазының және воронканың дұрыс орналасуы; в) олардың дұрыс емес орналасуы.
Воронка және штатив арқылы (а), түрлі
саптамалар (б, в) және вакууммен (г) фильтрлеу.
Шыны фильтрлер.
Орамдау, тығындау, безендіру және дайын өнімнің сапасын бағалау
Дайын ерітіндіні орамдау және тығындау ерітінділердің технологиясының соңғы кезеңдерінің бірі.
Сұйық дәрілік түрлерді босату үшін, сыйымдылығы 30, 50, 100, 150, 250 және 500 мл шыны құтылар қолданылады.
Ерітінділерді фильтрлеуге арналған АФРП аппараты (а) және оның құрылысының схемасы (б)
1- табаны; 2- көтерілетін құрылғы; 3- фильтрленетін ерітіндісі бар құты; 4- шыны фильтрлер; 5- фильтрат өткен флакондар; 6- электрлі сорғыш.
Дайын препараттың (ерітіндінің) сапасын бағалау нормативтік құжаттардың талаптарына сай жүргізіледі. Ерітіндінің мөлдірлігіне, түсіне, иісіне, дәміне (әсіресе балаларға арналған дәрілер болса), жалпы көлеміндегі ауытқуларына және т.б.

Рецепттерде ерітінділер концентрациясын белгілеу

1) Пайыз бойынша

Rp: Solutionis Kalii bromidi 2% - 200 ml

M.D.S. Бір ас қасықтан күніне 3 рет.

2) а. Ерітетін зат пен еріткіш мөлшерімен көрсетіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет