Жоғары молекулалы қосылыстардың (ЖМҚ) ерітінділері. Коллоидты ерітінділерге ұқсас қасиеттері бар, молекулалы-дисперсті, бір фазалы гомогенді жүйелер. ЖМҚ ерітінділері диализге бейім емес, коллоидты ерітінділер секілді диффузия жылдамдығы төмен.
Коллоидты ерітінділер. Коллоидты ерітінділер мицеллалар, олардың бөлшектерінің өлшемдері 1-ден 100 нм-ге (0,1 мкм) аралығында жатыр. Нағыз ерітінділерден айырмашылығы: коллоидты ерітінділер гетерогенді жүйелер. Коллоидты ерітінділердің бөлшектері тұнбаға түспейді, жұқа фильтрден өтеді, бірақ, ультрафильтрде ұсталып қалатындығы белгілі. (натрий хлоридінің ерітіндісі, протаргол ерітіндісі, желатин ерітіндісі)
Суспензиялар. Бұл қатты дисперсті фазамен дисперсті ортадан тұратын гетерогенді жүйе. Бөлшектерінің өлшемдері 0,1-10 мкм және одан жоғары болуы мүмкін. Бұл лайлы сұйықтық, бөлшектері тұнбаға түседі, седиментацияланады және кез-келген фильтр материалынан өтпейді.
Эмульсиялар. Бұл дисперсті фазасы мен дисперсті ортасы бір-бірінде ерімейтін немесе араласпайтын сұйықтықтардан тұратын гетерогенді жүйе. Бөлшектерінің өлшемдері 1 мкм-ден 150 мкм-ге дейін болады.
Күрделі жүйелер (аралас). Күрделі жүйелерге өсімдік шикізатынан сумен сығындылау арқылы алынатын сығындыланған заттар ерітіндісі, суспензия, эмульсия түрінде болатын экстракциялық препараттар (тұнбалар, қайнатпалар, шырыштар) жатады.
Еріткіштерге төмендегідей талаптар қойылады: Еріткіштерге төмендегідей талаптар қойылады: - еріткіштер химиялық және фармакологиялық индифферентті болуы.
- еріткіштер микроорганизмдердің өсуіне тұрақты болуы;
- еріткіштер арзан және қол жетерлік болуы тиіс. Химиялық индифференттілік - бұл еріткіш пен дәрілік зат арасында химиялық әрекеттесудің болмауы. Фармакологиялық индифференттік – еріткіштің ағзаға жағымсыз әсерінің болмауы; Егер жазбада ерітіндіні дайындайтын еріткіш көрсетілмесе, онда сулы ерітінді дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |