Технологиясы: Ыдысқа бюреткалық қондырғыдан 948 мл тазартылған суды өлшеп алып, онда 200,0 натрий бромидін ерітеді.
3-ші жолы: Концентрлі ерітіндіні, ерітіндінің тығыздығын ескере отырып, салмақтық әдіспен дайындау.
20% натрий бромиді ерітіндісінің тығыздығы р= 1,1488 г/мл;
Теңдеу бойынша:
m = v∙р;
мұндағы: m - ерітіндінің салмағы, г;
v - ерітіндінің көлемі, мл;
р - ерітіндінің тығыздығы, г/мл
Судың мөлшері: (1000 x 1,1488) - 200 = 948,8 г
Б.П.
Aquae purіfіcatae 949 г
Natrіі bromidi 200,0
mж. = 1083,0 г
Судың 40С және 200С-температуралардағы тығыздығы айырмашылығы аз болғандықтан, оны елемей-ақ, ыдысқа 949 мл тазартылған суды өлшеп алып, онда 200,0 натрий бромидін ерітеді.
- Сұйық дәрілік түрлердің жалпы көлемі жазылу тәсіліне , еріткіш ретінде хош иісті сулардың, пертуссиннің, тұндырмалардың және басқа галендік препараттардың рецептіде болуына байланысты анықталады. Мысалы:
Rp.: Solutіonіs Calcіі chlorіdі 10% - 200 ml
Tіncturae Valerіanae 10 ml
Adonіsіdі 5 ml 193
Mіsce. Da. Sіgna. 1 ас қасықтан күніне 2 рет
1. Микстураның жалпы көлемі жазылым бойынша сұйық ингредиенттердің: судың, дәрілік заттар ерітінділерінің, экстракциялық препараттардың және басқа сұйықтықтардың көлемдерін қосу арқылы анықталады:
Vж = 200 мл + 10 мл + 5 мл = 215 мл
Адонизид күшті әсер ететін дәрілік препарат, сондықтан оның дозасы тексеріледі:
215 мл : 15 = 14,3 ≈ 14 қабылдау саны
5 мл : 14 = 0,36 мл
0,36 * 2 = 0,71 мл, сонда
Рецепт бойынша: ҚР МФ бойынша:
ЖРД 0,36 мл 1 мл
ЖТД 0,71 мл 3 мл
Қорытынды: дозасы аспаған.
2. Кальций хлоридінің мөлшерін есептеу:
10 - 100
х - 200 х = 20,0 г
Кальций хлориді өте гигроскопты зат, сондықтан, дәріханада 50%-дық ерітінді түрінде сақталады.
50%-дық ерітінді (1:2) 1 - 2
20 - х х = 40 мл 50%-дық ерітінді алу керек
Достарыңызбен бөлісу: |