Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
|
7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білім алушыларға мысал келтіру арқылы газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру және сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдана білуді меңгерту.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Арнайы пәндік лексика мен терминология: Диалог үшін қолданылатын тіркестер: Қысым – дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш. Паскаль заңы – Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Гидростатикалық кысым – тек қана сұйық бағанының биiктiгiне және оның тығыздығына тәуелдi.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Газдар мен сұйықтардың қысымының пайда болуын түсіндіре алады;
Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңының ұғымдарының теориялық негізгі мағынасын біледі;
Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады;
Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біліп өмірмен байланыстыра алады.
|
Бағалау критерийлері:

Құндылықтарды дарыту:
|
Құндылықтарға баулу жауапкершілікті сезіну, қарым-қатынас жасау қабілеті, жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы іске асырылады. Өндіріс пен ауыл шаруашылығын индустрияландыру мақсатында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану.
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
презентация
|
Пәнаралық байланыс:
|
Ағылшын тілі, математика, география, биология, қазақ әдебиеті.
|
Бастапқы білім:
|
Қатты денелердегі қысым
|