125
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
МЕН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
ШАЯХМЕТОВА Гульнар Алшановна, ТЛЕУБАЕВА Алмагуль Сериковна
Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазақстан, Алматы қаласы
Аннотация
Еліміздің бүгінгі таңдағы білім беру үрдісінде оқытудың тиімді технологиялары мен
әдістерінің алатын орны ерекше. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдану
барысында оқушының белсенділігі артып, шығармашылық
ізденістің тиімді жолдарына
үйреніп, білім сапасын көтереді. Оқушының таным белсенділігінің қалыптасуы оны заман
талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған жеке
тұлғаға айналдырады.
Annotacion
The effective teaching methods and technologies play an important role in the modern
educational process of the country. Effective use of new teaching technologies in the classroom
increases the students' classroom engagement, teaches them to work creatively and improves the
quality of knowledge. The formation of student cognitive activity turns him into a modern,
businesslike, versatile, deeply educated and highly developed person.
Тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі басты мақсаттардың бірі –
дүниежүзілік білім әлеміне етене ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа
бұрып, құрылымдық жүйесін
жаңартып, өзгерістер енгізу – білім реформасын жүзеге
асырудың алғы шарттары екендігі баршамызға мәлім.
Елбасының «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси
бағыты» жолдауын жастар зор ынта–ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыру жолында
құлшыныспен еңбек ете бермек. Елбасы ұсынған елімізді өркендетудің жеті бағыты да
маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт «Білім саласының қызыметкерлері үшін маңызды
болып табылады». Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып,
теңдессіз иновациялар
жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз [1] Ол – жоғары
білімді ұлт қалыптастыру қажеттілігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген
ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді оқыту әдістемелерін жаңарту, отандық білім беру
жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізу – заман
талабы.
Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен
қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын
әлемдік білім кеңістігіне
біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді
алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми – зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен
отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
“Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді” деген еді неміс психологі Н.Энкельманн.
Осыған байланысты оқытудың инновациялық технологиясы бойынша қазіргі сабақтар
тренингтер түрінде де өткізіліп жүр.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді.
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады – дегендей, кез келген диалектикалық даму үдерісі
секілді, білім беру жүйесі мамандардан кәсіби
икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы
шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті
талап етеді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами
келбетінің қалыптасуына
игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
126
ұйымдастыруына көмектеседі. Жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі
формаларының пайдалануы оқытудың әдіс–тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілеті
мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты
тәрбиелеуді көздейді.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ
бейнесінен көрінеді. Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың
білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық
еңбек етуге жол салады.
Мектептің қазіргі жағдайында білім берудің ұлттық моделіне өтуі мұғалімнен оқыту
мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-
әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл
мұғалім болуын қажет етеді.
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша
жолдарын талап етіп отыр. Еліміздің әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас
жасауы керек. Ол үшін әр оқушыға мектеп жасынан коммуникацияға түсуді үйрету қажет,
яғни сөйлесім әрекеттеріне, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларына баулуға
тиіспіз. Шәкірттеріміз тілдік дағдыларды
меңгере отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын
тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Ал
оқытудың қазіргі технологиялары еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның
ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті
осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Технология –
оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы,оқу процесін ұйымдастыру және
жүргізу,бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан -жақты ойластырылған үлгісі -
академик В.М. Монахов. [3] Осы орайда мектептерде технологиялары
бойынша зерттеу
жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. Оқушыны ынталандыру үшін
қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу
орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі
сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың
негізгі міндеті болып табылады. Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне
байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Енді бірнеше технологияларға тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: