Смагулова асемкул дуйсеевна



бет22/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
01-География

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңдағы білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жекебастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.


Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және дамуында үлкен рөл атқарады.
Ұғым – шындықтағы заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша қорытындылайтын ой немесе ойлар желісі. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасай отырып, оқушыларда географиялық ұғымдарды қалыптастыру мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттердің тұтастығында құрылды.
Мотивациялық компонент орта сынып оқушыларының географиялық білімге қызығушылығымен сипатталады.
Мазмұндық компонент географиялық алғашқы білімдер көлемімен анықталады.
Іс-әрекеттік компонент табиғат заттары мен құбылыстарын танып-білу бағытындағы құзыреттіліктер жиынтығын құрайды.
Ұғымдардың негізгі көзі - обьективті болмыс болғандықтан, географиялық ұғымдар нақты табиғи нысандар мен құбылыстарға негізделіп берілетіндіктен, орта сынып оқушыларының түсінігіне лайық болып келеді. Түсініктер мен ұғымдар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нақты ұғым қалыптасады.
Географиялық ұғымдар екі топқа бөлінеді – жалпы және жеке. Жалпы ұғымдардың анықтамасы аталған ұғымға қатысты барлық объектілерге жалпы болып табылатын, маңызды деген белгілерін қамтиды. Жеке ұғым деп, нақты бір объект пен көріністер туралы түсініктерді айтамыз.
Ұғымды саналы меңгеру әр уақытта қабылдауға негізделеді. Орта сынып оқушыларының кез-келген құбылысты, заттарды, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін дұрыс қабылдауы көптеген жұмыс жүргізуді керек етеді.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

  • Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, және педагогикалық талдаулар барысында география сабағында оқушыларда географиялық ұғым қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделіп, географиялық ұғымның мазмұны, жүйесі, көлемі айқындалды.

  • Географиялық білімнің мазмұны мен құрылымы ғылыми түсініктерді, атауларды, табиғи заңдар мен құбылыстарды, географиялық деректерді географиялық нысандар туралы ұғымдармен байланысты жүзеге асады.

  • Географиялық ұғымдарды қалыптастырудың мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттеріне сәйкес өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды.

  • Географиялық ұғымдарды қалыптастырудың қазіргі жағдайына талдау жасау оны сабақта және сабақтан тыс кезеңдерде жүзеге асырудың формалары мен әдіс-тәсілдерін анықтауға себеп болды.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен болжамына сәйкес белгіленген міндеттер орындалып, оң нәтиже алынды. Теориялық қағидалар негізігде төмендегідей ұсыныстар жасалынды:
– бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесі мен ғылыми ұсыныстарын бастауыш мектептің тәжірибесіне енгізу;

  • география пәнінен қолданылатын географиялық ұғымдарды қалыптастыру бағдарламасын аудандық, қалалық, облыстық, республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институттарының іс-тәжірибесіне енгізуге ұсыну, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға пайдалану;

  • ұсынылған әдістемені 12 жылдық білім берудің оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге ұсыну.

Географиялық сабақтарда географиялық ұғымдарды игеру және жеке ұғымдарды оқып-үйрену ерекшеліктері күрделі мәселесі болғандықтан, оны толығымен қарастырып, бір ғана зерттеу проблемасының аясына сыйғызу мүмкін емес. Зерттеу барысында алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы болғандықтан, бұл бағыттағы ізденістер болашақта арнайы, дербес зерттеуді қажет етеді.
Қорыта келгенде, оқушыларда географиялық ұғым қалыптастыру ісі жаңа технологияларды қолданып, оқушылардың ізденушілігін дамыта отырып, сабақтарда қолдануға ұсынған әдістеме балалардың географиялық ұғымдарын игерулеріне етер әсері зор болады деп сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет