Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Жаңа материалды меңгеру сабағы



бет16/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары
140616, ТАРИХ СРСП ОРЫНБЕКОВА БОТАКОЗ, кесте тарих, 55 сабақ Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру 2
^ Жаңа материалды меңгеру сабағы. Бұл сабақ типінің негізгі мақсаты -оқушылардың жаңа материалды толық меңгеруі болып табылады. Ол үшін оқушылар құндылық бағдарлар жүйесін қалыптастыру сияқты әрекет ету әдістер меңгеру өз бетімен іздену әрекетін дидактикалық мәселелерді шешуге қатысуы керек.

Сабақтардың бұл түрлері көбінесе орта және жоғарғы жастардағы оқушыларға қолданылады, себебі орта және жоғарғы сыныптарда кең көлемді материалдар оқытылады, сондықтан оларды оқудың ірі блоктык тәсілі қолданылады.

Бұндай меңгерудің формалары әр түрлі болуы мүмкін: лекция, мұғалім әр түрлі сұрақтар мен жағдайларды талдау кезінде түсіндіруді оқушыларды сабаққа тарта білуі, талдау түріндегі әңгімелер өткізу, кітаппен немесе басқа да ғылыми құжаттармен өз бетінше іздену, тәжірибелер жүргізу, т.б.

Осыдан барып сабақ түрлері де әр түрлі болады; лекция-сабағы, семинар-сабағы, кино-сабағы, теория және практиканы өз бетінше оқу сабағы, аралас сабақ. Бұл сабақтардың барлық түрлеріне тән бір нәрсе, олардың барлығы жаңа материалмен жұмыс істеуге уақыт бөледі. Бұл кезде оқушылардың материалды меңгеруі үшін барлық мүмкіншіліктер жасалады, оқылып жатқан матриалды әр түрлі шешілмеген сұрақтары жағынан қарастырады, мұғалімнің сабақ түсіндіру барысында айқын мысалдармен

дәлелдер келтіруі, оларды талдауға оқушылардың барлығын тарту, көрнекілік материалдармен оқытудың техникалық мүмкіншіліктерін қолдану. Бұның бәрі оқытушының жаңа материалды түсіндіру барысында терең, ұғынықты етіп оқушыларға түсіндіруі мен оқушылардың ойлау белсенділігін бақылауға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа материалды түсіндіру барысында бұрынғы өткендерді қайталап, бекітуге мүмкіндік болады. Себебі, өткен материалды талдамай, қорытындыламай, еске түсірмей, жаңа материалды түсіну мүмкін емес. Сабақты жүргізу барысында тиімді жоспарларды пайдаланғанды ескерген жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет