^ Сабақ типтері.
Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған. Осыған карамастан бүгінгі таңда бұл мәселе қазіргі заман дидактикасында шешілмеген мәселе болып отыр. Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше әдістері де бар. Мысалы, мына түрлер бойынша жіктеледі, дидактикалық мақсатына қарай (И.Г. Огородников, И.Н. Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай (С.В. Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық мәселелеріне қарай (Н.М. Яковлев, А.М. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н. Борисов), оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне қарай (Ф.М. Кирюшкин). М.И. Махмутов жасаған сабақ құрылымы, негізінен дидактикадағы осыған байланысты талас мәселелерді шешеді деуге де болады. Ол өз еңбегінде жіктеудің мына түрлерін бөліп көрсетеді, сабақты ұйымдастыру мақсатына қарай, жалпы дидактикалық мақсатының заңдылықтарына қарай, оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне қарай. Осы әдіске сәйкес сабақтың бес типі бөлінеді: (1-тип) жаңа оқу материалын оқу сабағы; (2-тип) білімді жетілдіру сабақтары, қабілеті мен дағдыларын дамыту сабақтары; (3-тип) білімді оқыту және жүйелеу сабақтар; (4-тип) құрама сабақтар; (5-тип) білімді, іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойындамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады. Ал енді сабақтың әрбір түріне қысқаша тоқтала кетейік.
Достарыңызбен бөлісу: |