Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі



бет12/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.


8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі.

Н.М.Верзилиннің айтуы бойынша, "сабақ -ол күн, оның айналасында айналып жүрген планеталар - оқу сабақтарының барлық басқа түрлері" Сабақ дегеніміз не? (Верзилин Н.М. Проблемы методики преподования биологии). Бүгінгі күні бұл сұраққа жауап беру қиынға соғып отыр. Осы уақытқа дейін педагогика ғылымының көпшілігі немесе басымы болып жеке көзқарас, бойынша, сабақ-оқыту, тәрбие беру, оқушыларды дамыту үшін қолданылатыи жүйелі белгілі бір мерзімде мұғалім мен оқушының тұрақты құралының әрекетін ұйымдастыру формасы (Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. М.,1971. С.149). Сабақ дегеніміз - бір топта оқитын, жас мөлшерлері шамалас, құрамы қалыпты, жалыға бірдей оқыту бағдарламасы мен сабақ кестесі бар оқытуды ұйымдастырудың формасы. Осы түрде оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттері көрсетіледі: мақсаты, мазмұны, құралдар, әдістері, ұйымдастыру және басқару әрекеттері ұйымдастыру қызметтері және оның барлық дидактикалық элементтері. Сабақтың мәні мен мақсаты оқыту барысында біртұтас динамикалық жүйе ретінде мынаған тіркеледі: мұғалім мен оқушылар арасында ұжымдық-даралық қатынастарға әкеледі, оның нәтижесінде оқушылар білім алады, іскерліктіті, дағдыны қалыптастырады, олардың қабілеттерін дамытады, әрекет ету тәжірибесін, араласу мен қарым-қатынасға жасауды кеңейтеді, сонымен қатар мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіреді. Осылайша сабақ, бір жағынан, оқытудың толық қозғалыс түрі ретінде болса, басқа жағынан- алдын-ала анықталған мұғалімнің сабақты құруын ұйымдастыратын негізгі талаптарына сай оқытуды ұйымдастырудың түрі болып табылады. Оқушыларды басқара отырып, мұғалім дидактикалық мәселелерді шешу үшін жүйе ретінде сабақты дайындайды.

«Сабақ» түсінігінің екінші аспектісін, М.И. Махмутовтың тұжырымдамасы байланысты былай құруға болады: « Сабақ дегеніміз - оқыту үрдісіндегі білім беру, дамыту мен тәрбиелеудің міндеттерін шешу мақсатынағы оқытудың мазмұнын, формаларын, әдістерін және құралдарын мұғалім мен оқушылардың белгілі құрамының өзара әрекеті үрдісін ұйымдастыруға бағытталған тамитын және жылжымалы формасы» (Махмутов М.И. Современный урок.2-е .М,1985. 44). Сабақтың қызметі оқытуды ұйымдастырудың түрі ретінде аяқталған жетістіктерден тұрады. Мысалы, бір жағдай ол кең көлемді мазмұны бола тұрып оның бір бөлігінің біртұтас мазмұнын толық менгереді, ал келесі бір жағдайда қабылдау және есте сақтау деңгейіне қарай жүйе, жартылай меңгеріледі. Бірінші жағдайда тұтас жүйе түріндегі сабақтың құрылымы тұтас үрдіс түрінде оқыту құрылымы қайталайды, екінші жағдайда - оқытудың тұтас үрдісін жартылай көрсетеді. Ол дегеніміз - оқытудың ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақ ерекшелігі мақсатқа шартталады және толық оқу үрдісінде әр сабақтың жеке алғандағы орнына байланысты. Әрқашан сабақ сұрау қажет пе, үй тапсырмасын орындау міндетті ме, ұжымдық немесе топтық жұмысты қалай ұйымдастырған дұрыс, оқушылардың дара қабілеттерін қалай есепке алған дұрыс, ағымдағы сабақты өткен немесе келесі сабақпен қалай байланыстырған жөн-бұл сұрақтар оқыту үрдісінің қарастыруы бойынша өте мәнді емес. Олар тек оқытуды оңтайды ұйымдастыру немесе сабақ құрылымы мен түрлерін жспарлау кезінде ғана мәнге ие болады. Осылайша, сабақ көп жақты және көп жоспарлы. Жоғарыда айтылып кеткендей оқыту үрдісінде бүтін бөлігінде осы қиын үрдістің барлық компенентері өзара әсер етеді - оның жалпы педагогикалық мақсаттары, дидактикалық жоспарлары, мазмұндары, әдістері, материалдары және тағы басқалары.

Оқу үрдісіндегі әртүрлі жеке уақытта алынған нақты міндеттерді шеше отырып, сабақ тақырыптың бөлігі болады, оқу пәнінің курсы болады және оқу пәні жүйесінде өзіне сай орынға ие болады, бағдарлама тақырыптары, нақ осы уақыттағы дидакатикалық мақсаттарды шешеді. Бірақ ол үшін сабақтың өзінің дидактикалық мақсаттары мен кұралдармен, әдістерімен және оқыту тәсілдерімен анықталатын, бір ішкі логикасы болуы керек.

Сабақ - бұл педагогикалық шығарма, сондықтан да ол өзінің біртұтастылығымен ерекшеленуі қажет, бөліктерінің ішкі өзара байланысымен,оқытушы мен оқушылардың бірыңғай әрекетін өрістету логикасымен ерекшеленеді. Бұл оқушылардың танымдық әрекетін басқаруды қамтамасыз етеді (Дидактика средней школы \Под. Ред. М.К. Скаткина. 2-е изд. М, с.227).

Әрбір сабақтың басталуы -мұғалімнің нәтижесінде не алуды мақсат ететіндігін айқын анықтаудан, оны түсінуден басталады, сосын мұғалімге мақсатына жетуге көмек беретін кұралдардың, одан кейін әдісін анықтау, яғни мұғалім қалай істесе, оның мақсаты орындалатынын нақтылаудан басталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет