Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру



Дата13.11.2022
өлшемі86,93 Kb.
#157966
Байланысты:
Нуриева Мариям бөж тарих


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БОӨЖ
Тақырып: Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру



Орындаған: Нуриева Мариям
1-курс Филология факультеті
Тексерген : Мырзабеков Мольахмет
Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру
Қазақ кеңестік өнерінің дамуы
Жоспар
Кіріспе
Білім беру жүйесі
Тағы мәліметтер
қорытынды


20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары – Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.


Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев керемет туындылар жазды. Қазақ көркемсурет өнерінің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан көркемсурет мектебінің өзіндік даму жолы оның есімімен байланысты. Оның шығармашылығы 20-жылдардың соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. Суретші туындыларынан ұлттық ерекшелікке, адам жанына терең үңілуге, тарихқа, халықтың салт-дәстүріне деген шынайы көзқарасы анық байқалады. Оларда сомдалатын бейне шынайылығы суретші шығармашылығының езіндік ерекшелігі. Ә.Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. Ә.Қастеев туындыларында Қазақстанның жазира даласы суретшіге тән терең лирикамен бейнеленген.
Сағаттар) спектаклін режиссер А.Тоқданов сахнаға шығарды. Бұл — қазақ драматургиясындағы отты жылдар кезеңіне байланысты үгіт көтерген алғашқы пьеса. Жазушы ауыр күндердегі адам жанының ішкі дүниесіне барлау жасады. Кеңес өкіметі адамдарының достық, туыстық, саналы бірлігін өз шығармасына негізгі өзек етіп алды. Ұлы шайқас кезінде кеңес адамдарының патриоттык. Сезімінің артуы, Отан алдындағы азаматтық борышъш терең сезінуі спектакль режиссурасының негізгі ой-түжырымына айналды. Спектакльде еңбек пен соғыс майданындағы адамдардың үлы ерлігі өзіндік әсерлі шешімін тапты. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды. 1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты. Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды. Облыстық және көркемөнерпаздар театрларының саны артты. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, К. Қармысов, X. Бекеева сияқты актерлер елге танылды, Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин және т. б. актерлік өнер жолын бастады Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Сол жылдары «Буратиноның бастан кешкендерінің» авторы A. Н. Толстой, Самуил Маршак, жазушылар Михаил Зощенко және Константин Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазіргі белгілі кинорежиссер Никита Михалковтың әкесі Сергей Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгілі актерлер Николай Черкасов, Михаил Жаров, Любовь Орлова, Марина Ладынина, Николай Крючков, Борис Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет