Сөж тақырыбы: Ара өнімдерін варроатоз ауруына байланысты ветсансараптау және санбағалау Орындаған: Тобы: Қабылдаған



бет2/9
Дата06.02.2022
өлшемі280,26 Kb.
#65317
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Варроатоз ауруы

1.Кіріспе
Ара шаруашылығының халык шаруашьшығына кажеттшіғі тікелей омарталардан алынған бірқатар құнды өнімдермен (ара балы, балауыз, ара желімі, тозаң, аналық ара сүті және ара уы) ғана шектеліп қоймайды.
Энтомофильдік дакылдардың (бунақденелілер арқылы тозаңданатындар) тиімді тозаңдатқыштары ретінде бал аралары ауыл шаруашылық өндірісінде де елеулі қызмет аткарады. Озық агротехникамен ұштастыра отырып, оларды бунақденелілермен алмасып тозаңдандыру- осы дақыддардың өнімділіғін, тұқымы мен жемісінің сапасын артырудың маңызды қоры болып табылады.
Ара балы - емдік-диеталық қасиеті бар құнды тағам. Кеңінен пайдаланылатын кәдімгі канттан (дисахарид) айырмашылығы, бал көбінесе адам ағзасы оңай сіңіретін моносахаридтерден-жеміс және жүзім қантынан тұрады. Гүлдер шірнесін ара балына өндеген кезде арнайы бездері шығаратын инвертаза ферментінің әсерімен дисахаридтердің басым бөлігі ғлюкөза мен фруктозаға қарапайым қантқа бөлшектенеді. Гүл балында глюкоза мен фруктозаның мөлшері 75-80 % болады. Жетілген ара балында су 16-20 пайызға жуық. Бал құрамына адам ағзасына оңай сіңірілетін тұз, көмір, фосфор және күкірт қышқылдарының тұздары күйіңде оның қалыпты жетілуі үшін минералдық заттар — темір, марганең, кальций, магний, натрий, кобальт, т.б. қажет. Балда шамалы мөлшерде ферменттер (инвертаза, диастаза, каталаза т.б.) мен витаминдер болады.
Балдың әр сортының өзіне тән ерекше дәмі бар, ал балдағы шамалы мөлшерде кездесетін эфир майы оған айрықша бір хош иіс беріп тұрады. Ара балынын бактерицидтік, яғни бактерияларды жою қасиеті бар. Көне заманнан бері ол құнды тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар ішек-қарын, тағы басқа аурулардың емдік дәрі ретінде де пайдаланып келген. Бал ағзасының жалпы күйін жақсартуға себін тигізеді. Ол әсіресе балаларға пайдалы. Ара балы тәтті тағамдарды, бал сусынын даярлау үшін азық-түлік өнеркәсібінде пайдаланылады. Қазақстанда тауарлы балдын орташа жылдык өндірілуі шамамсн 11-14 мың т.
Мәнділігі жағынан ара шаруашылығының екінші өнімі — ара балаузы. Елімізде алынатын балауыздын төрттен уші балауыз зауыттарында балауыз жапырактары күйінде шығарылып, омарта- ларға қайтадан жеткізіледі. Оның калған беліғі өнеркәсіптің бірқатар маңызды: электротехникалық және радиотехникалық салаларда — тұткыр оқшаулағыш заттарды және конденсаторларды, авиация өнеркөсібінде — тұрлі жабынды және сіңірілгіш эмульсия- ларды шығару үшін, мата, былғары, ағаш өндеу, қағаз, шыны, лак- бояу, парфюмерия және фармацевтика салаларында пайдаланылады. Балауыз шаңғы майын, көшірме бедерлер даярлағанда, мүсіндер жасағанда қолданылады; ол бақ сыламасының құрамына кіреді.
Бал мен балауыздан баска, бал араларынан ара уы, аналық ара сүті, ара желімі, гүл тозаңы сияқты онімдерді алуға болады. Фармацевтикалық өнеркәсіп шығаратын арнайы препараттар ретінде ара уы радикулитті, полиартрит ишиасын (жамбас жүйесінің талаурауы), ревматизмді және басқа ауруларды емдеген кезде қолданылады. Аналық ара сүтінен (апилак т.б.) даярланған препараттар медицина тәжірибесінде жүрек-тамыр жүйесі кызметінің бұзылуына байланысты ауруларды емдегенде және қан жаңарту жұмысын күшейту ушін қолданылады. Сонымен қатар аналық ара сүті арнайы крем және жағатын сықпа май даярлау үшін парфюмерия онеркәсібінде пайдаланылады. Бактерицидтік қасиетгері бар ара желімі (прополис) соңғы уакытта кейбір ауруларға карсы күресу үшін медициналык және мал дәрігерлігі тәжіибесінде кеңінен қолданьыып келеді.
Біздің еліміз бен шетелдер медицина мамандығы мен диеталогтар витаминдер мен минералдық затгарға бай гүл тозаңына едәуір ынта қоюда.
Оңтүстік аудандардың арнайы кәсіпке бейімаелген ара өсіруімен шұғылданатын ұжымдардыц тауарлы өнімінде аналық аралар едәуір орын алады Олардың өсірілуі жыл сайын сан жағынан артып келеді. Мысалы, еліміздің ара өсіретін шаруашылықтарында жыл сайын 32,5 мыңға жуық аналақ аралар жұмыс атқарады.
Ірі ауыл шаруашылық өндірісі жағдайында энтомофильдік дақылдарды бадды аралармен тозандандырудың халық шаруашылықтық мәні зор. Қарқынды егіншілік аудандарда ауыл шаруашылығын шоғырландырьш, арнайы кәсіпке бейімдеген кезде, ара шаруашылығы көптеген дәнді, жемшөп, техникалық, жеміс, жидек, көкөніс, эфир-майы және бунақденелілермен тозаңдандырьшатын дәрулік дақылдардың жемісі мен тұқымы өнімділігін арттырудың жөне сапасын жақсартудың елеулі қоры болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет