Сөж тақырыбы: Араларды күтіп бағу жүйесін оптимизациялау және ауруға деген төзімділігін жоғарылатуға арналған ресурстар және экологиялық қаіпсіз әдістер Орындаған: Райымбек Ә. С тобы: вс – 503 Тексерген: Койгельдинова А



бет3/7
Дата06.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#72498
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Үйлестіру Адилет

Жұмысшы балараның құрылысы

Баларалардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі көзі, олардың аралығында үш жай көзшелері болады. Алдыңғы жағынан ұзын имек мұртшалары шығып тұрады.

Балара тіршілігінде сезім мүшелері маңызды роль атқарады.

Қараңғы ұялардың ішінде негізінен мұртшаларына орналасқан сипап сезу мүшелерінің маңызы зор. Балараларға гүл іздеуі үшін иіс сезімі мен көру сезімі қажет. Баларалар сары және көк түстерді , адам көре алмайтын ультракүлгін сәулелерді ажыратады, бірақ қызыл түсті көрмейді.

Баларалар ұяшықтар жасағанда балауызды жақсы жетілген кеміргіш жоғарғы жақтарымен илеп өңдейді. Олар гүлдерге қонғанда аталықтардан тозаң алады. Төменгі жақтарымен және төменгі ұзын ерінімен балара шірінін жалап, сорады, сондықтан баларалардың ауыз мүшлері кеміріп жалағыш мүшелер деп аталады.

Гүлден сорылып алған шірін көлемділеу келген жемсауға түседі, жемсау бездерінен бөлініп шыққан сұйықтықпен араласады. Осыдан соң ара шірінді кәрез ұяшықтарына орналастырады, ол сонда балға айналады.

Балараның көкірегін қалың түк басқан, оның арқасында екі жұп мөлдірлеу жарғақ қанаттары болады. Жұмысшы баларалардың аяқтары гүл тозаңын жинауға, кәрез ұяшықтарын жасауға бейімделген. Жұмысшы балараларда құрсағының ұшында шаншары болады. Оны жануарлардың немесе адамның денесіне шанышқанда у құйылып, қатты ауыртады. Ұсақ жәндіктер араның уына өліп кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет