Сөж тақырыбы: Араларды күтіп бағу жүйесін оптимизациялау және ауруға деген төзімділігін жоғарылатуға арналған ресурстар және экологиялық қаіпсіз әдістер Орындаған: Райымбек Ә. С тобы: вс – 503 Тексерген: Койгельдинова А



бет5/7
Дата06.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#72498
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Үйлестіру Адилет

Ара ұяларының микроклиматы

Ұядағы (семья) аралардың барлық түрлерінің қалыпты өсуі үшін, ұядағы температура бір қалыпты, тұрақты 34-35С болып азық қоры жеткілікті және асырағыш аралардың болуы қажет.

Аралардың ұясында, әсіресе өну зонасында, сыртқы ортаның температурасына байланыспай-ақ тұрақты қалыпты температураны ұстап тұрады. Бұл жерде температураның тәуліктік ауытқуы еш уақытта болмайды. Ұяның өну орталығының шеткі аймақтарында температура +33,5С болады. Сыртқы ортаның температурасы төмендеп +10С болғанда, ұяның шет жағындағы температураның қалыптыдан ауытқуы 1,5С ғана болады.

Аналық аралардың өсу зонасындағы температурада, өте тұрақтылығы мен сипатталады.

Ол арадағы орташа температура 34С болады. Ұяның сыртындағы ауа температурасы 23С тан 11С дейін төмендегенде аналықтар ұясының температурасы 0,5С артық өзгермейді.

Аралардың еркектерінің (трутня) өну зонасында температура жұмысшы аралардың өсу орындағы мен салыстырғанда 1-2 градусқа төмен болады. Қыс мезгілдерінде, яғни өну жоқ кездерінде температура 15-30С аралығында болады. Аралардың ұяларындағы қалыпты температура, олардың пайдаланған оттегісінен бөлінген энергиясы мен теңестіріліп тұрады. Жазғы мезгілдерде, сыртқы ауа температурасы 23-38С болып тұрғанда, ұя аралары ең аз мөлшерде энергия шығындайды. Ең аз мөлшерде энергияның шығындалуы, сыртқы ортаның температурасы 4-6С аралығында болады.

Ұядағы салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері сыртқы ауаның температурасы мен ондағы ссу буының шамасына, сол сияқты аралардың жағдайы және қарқынына байланысты болады. Сыртқы ортаның ауа температурасы жоғары болғанда ұядағы ылғалдылықта жоғарлайды да 20% дан 100 % дейін көтеріледі. Ең тұрақты салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері ұяның ортасында болады да, 72-78 % шамада тұрады, ал ұшып шығатын өңешінде (летка) ылғалдылық – 63 % болады.

Жыл мезгілдеріне байланысты ұяларда ауаның құрамы да біркелкі болмайды. Араның өсіп-өнуі басталған көктем-жазғы мезгілдерде, олардың ұяларында ең жоғарғы мөлшерде оттегі және ең аз көмірқышқылы газының концентрациясы болады. Осы кезде ұяның ортасында көмір қышқыл газының мөлшері – 0,1 % дан 1 % дейін болса, ал шеткі жақтарында – 0,05 % дан 1 % дейін өзгермейді. Тек мерзімнің аяғында ғана оның концентрациясы ұя ортасында 2 % дейін, ал қыста 3 - 4 % көбейеді.

Ұяның ауасындағы газдың концентрациясы оның желдетуіне байланысты болады. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері – 0,3 % болғанда 6-7 ара желдетеді, ал 8 % болса желдететін аралардың саны 20 есеге дейін көбейеді. Көмірқышқыл газының мөлшері 1,4 % болғанда ұяны желдету тежеледі. Қыс айларында көмірқышқыл газының концентрациясы 4 % көтерілгенде аралар ұяны қарқынды желдете бастайды. Көмірқышқылы газының мөлшері өте жоғары болғанда (4 % көп) аралардың физиологиялық жағдайы нашарлап, көктемдегі өсіп-өнуіне зиянды әсерін тигізеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет