Сөж тақырыбы: Араларды күтіп бағу жүйесін оптимизациялау және ауруға деген төзімділігін жоғарылатуға арналған ресурстар және экологиялық қаіпсіз әдістер Орындаған: Райымбек Ә. С тобы: вс – 503 Тексерген: Койгельдинова А



бет4/7
Дата06.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#72498
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Үйлестіру Адилет
СТЖД 1-2
Балара отбасының тіршілігі

Көктемде, күн жылына бастаған кезде, жұмысшы баларалар ұяларынан ұшып шығады. Олар алғашқы гүл ашыла бастағанда гүлден тозаң және шірін жинайды. Ана ара кәрездердің ұяшықтарына жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдерді аралар бал араластырылған гүлдің тозаңымен азықтандырады. Ана ара мен трутеньдердің личинкалары едәуір үлкен ұяшықтарда дамиды



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Аралардың гигиенасы

Омартаға орын таңдау. Омартаны балдық шырындарға бай кең алқаптарға орналастырады. Омартаның орналасқан жерінің бал жинайтын көздерден 1,0-1,5 км қашықтығы балдың түсімін төмендетеді. Омартаны басқа омартадан аралардың ұшатын жолдарына орналастыруға болмайды. Ондай кездерде аралардың қарқынның төмендеп, тіпті басқа омартаның аралары мен төбелесіп, бірін-бірі өлтіруге дейін барады.

Омартаға территория таңдағанда әр араның ұясына орта есеппен 30-40 шаршы метр жер керек екендігін ескеру қажет омартаға таңдаған жер біраз су көздері бар аймаққа таяу болып, желден жақсы қорғалған және қатынас жолдары болуы керек. Омарталар құрғақ, желсіз, мал фермаларына 1 км жақын болмай, темір жолдар мен тас жолдардан 500 м, ал басқа аралардың омартасы мен химия өндірістері және тәтті тағамдар дайындап шығаратын фабрикалардан 5-7 км таяу орналаспауға керек. Тұрақты омартаның территориясын қоршап, айналасына бал шырынды ағаштар және бұталар егіп, ал омартаның аймағындағы бос жерлерді жыртып, бал шырынды өсімдіктер егеді.

Ауыстырылмайтын омартаның ұяларының ара ұшатын алдының өсімдік қыртысын алып тастап, ал үстіне құм сеуіп қояды. Омарта территориясын тегістеп, басқа заттардан тазалап, мезгіл-мезгіл шөбін шауып, өлген араларды және қоқыстарды жинап жағып жібереді. Омартаның территорисында арнайы орындар бөліп, оған бақылау ұясын, аралардың ішетін суын, дезинфекциялау алаңын, кір сулардың ағып жиналатын жабық орындары және туалеттер орналастырылады.

Омартаның размері балшырынды жерлердің ауданына және шаруашылықтардың араларды ауылшаруашылық өсімдіктерін тозаңдандыруға сұранысына байланысты әртүлі болады. Ол кезде балшырынды өсімдіктердің өсу уақыты мен ұзақтығы ескеріледі. Бал алатын омартаның шетінен 2 км радиусы бойында жатқан жерлердің балдық тепе-теңдігін есептейді (аралар жүрген жерлерінің өсімдіктерінен 50 % ғана жинайды). Жердің балдық тепе-теңдігін (балансын) есептеудің нәтижелері, берілген жағдайдағы ара ұяларының қаншасы жоғарғы өнімді болатындығын көрсетеді. Жақсы азық қоры бар аймақтарда бір жерде 130-150 аралар ұясына дейін ұстауға болады. Егер бал жинайтын жағдай бір жерде бірнеше аралардың ұясын жинақтауға болмайтындай болса, онда 100-120 ара ұяларын, жақсы бал жинау үшін, төрт-бес жерге (участок) бір-бірінен 3-4 км қашықтықта орналастырады, яғни әр участкіде 20-30 ара ұясынан келеді. Әр ара ұяларының арасы 3-3,5 м, ал ұялардың қатарларының ара қашықтығы 20 м кем болмауы керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет