Ара особьтарының қызметі
Еркек ара - отбасысындағы еркек дарақ. Еркек аралар омартада ешқандай жұмыс атқармайды, шіре мен тозаңды жинамайды. Олардың жалғыз ғана қызметі - аналықпен некелік ұшып келу кезінде шағылысу. Күзге қарай жұмысшы аралар еркек араларды өлтіріп тастайды немесе қыстық азық қорына масыл болмасы үшін омартадан қуып жібереді. Аналық - бұл отбасының отанасы, ол жұмысшы арадан екі еседей дерлік үлкен. Оның міндеті - ұрпақ жалғастығы. Омартадан неке уақытында ұшып кеткенде ол әуеде 9-10 еркек арамен бірге самғайды,содан кейін жұмыртқаларды ұяшықтарға тастайды. Бұл ұяшықтардың кейбірі өте үлкен және бұрыс пішінде - бұл болашақ анаға арналған ұяшықтар. Бал араларын адамдар 5 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Адамдар олардан бал, балауыз, прополис және көптеген аурулардың емдеуде қолданылатын ара уын алуды үйренді.
Дернәсілдері
Үлкен ұяшықтағы аналық пен дернәсілді жұмысшы аралар арнайы ара сүтімен қоректендіреді, ал еншісіне жұмысшы ара және еркек ара болу жазылған дернәсілдерді ара сүтімен тек дүниеге келген сәттен алғашқы үш күнде ғана азықтандырады. Содан кейін олардың негізгі тамағы балтозаңға (балмен дәмі келтірілген тозаң) айналады. Жаңа аналық шыққан кезде бұрынғы аналық бір топ жұмысшы аралармен бірге ұяны тастап шығады және жаңа орынға жайғасады.
Бал сақталатын және дернәсілдер бүр жаратын ара ұялары балауыздан құралады (ол жұмысшы аралардың ағзасында әзірленеді). Дұрыс алты бұрышты пішінінің арқасында ара ұялары таңғаларлықтай үнемді,мығым және сыйымды. Дайындалуына бар болғаны 40 г балауыз кеткен ұялар 2 кг-ға жуық балды сыйдыруға жарамды! Не ағаш саңылауы болсын, немесе олар үшін арнайы тұрғызылған омарта болсын, ара баспанасы өзінің мінсіздігімен таң қалдырады. Аралар онда қажетті микроклимат жасау үшін көп күш жұмсайды: суықта омартаның жүздеген тұрғындарының кеуде бұлшықеттері жылу шығарып, жайлап қысқарады, ал ыстықта олардың бір бөлігі омартаға су тасиды (буланған су температураны төмендетеді).
Достарыңызбен бөлісу: |