Аралардың қыс мерзіміндегі гигиенасы
Ауа райы суытып, тұрақтаған кезде араларды қыстаққа (зимовка) көшіреді. Араларға қыстақтық қораны, ауа райы суық жерлерде ара ұяларын 5-7 ай бойы қыстату үшін салады. Қыстаққа қатты жел өтінен жасырын, сәл атмосфералық жауын-қар сулары жиналмайтындай, су аағары бар дөңестеу, жер асты сулары төмен орналасқан (2 м жақын емес) құрғақ участок таңдалады. Қыстаққа кеміргіштер кіре алмайтын, күндізгі жарық түсіп және әртүрлі шулар мазаларын алмайтын болуы керек.
Қыстамаға дұрыс дайындалған аралар ұялары аса елеулі күтімді қажет етпейді де, қыстың алғашқы 1-2 айларында ғана қатысып, ондағы температураны, ылғалдылықтың құралы психрометрдің көмегі мен, тексеріп, желдету арқылы микроклиматын қалыпқа келтіреді. Қыстың екінші жартысынан бастап ұяларда аралардың өнуі басталып, балдың шығыны екі есе артады да, ол кездер өте жауапты болып саналады.
Қыстақта температура мен ылғалдық тұрақты болуға тиіс. Аралар ортаның температурасы мен ылғалдықтарының жиі-жиі ауытқуларына сезімтал келеді. Сондықтан қыстақтың ішкі ауа температурасы бір қалыпты 0-2С болып, минус 2С дан плюс 4С дейін ауытқуы рұқсат етіледі. Жоғары температура кезінде аралар мазасызданып, олардың қыстауына зиянды әсерін тигізеді. Ондай температураның ауытқуы кездерінде, аралардың азықтануы жоғарлап, артық шығын болып, және олардың ішек-қарындары азық массасына толып, іші өту ауруына апарып соғады.
Салыстырмалы ылғалдылық қыстама қорасының ауасында 75-85 % аралығында болуы керек. Жоғарғы ылғалдық болғанда ұядағы бал ауа буын бойына сіңіріп алып, ашып кетеді. Аралардың сұйыған балды жегеннен соң іші өтіп, әлсірейді. Ұялар дым тартып, қабырғаларының, төбелерінің ішкі беттеріне су буы жиналып, олардың көгеріп кетуіне апарып соғады.
Қыстамадағы араларға төменгі ылғалдықта зиянды әсер етіп, олар шуылдап өңештен шығып, қыстақтың едендерінің үстінде топталып өліп қалады. Сол сияқты төменгі ылғалдықта ара ұяларындағы бал тез кристалданады да, аралар өте қатты шөлдейді.
Қыстақтағы ауаның ылғалдығын жоғарлату үшін, шағын 20-40 ара ұяларынан артық болмаса, жоғарыға 8-10 суланған мешоктар (қап) іліп қояды. Ірі қыстамаларда жүретін жолдардың бойына мұз кесектерін қойып қояды. Кристалданған балдары бар ара ұяларында, олар қатты гуілдесе (шуласа) ұшатың өңешінің жоғарғы жағына су толтырылған шөлмек іліп, оның мойнын білте арқылы ұшу өңешімен жалғастырып қояды.
Қыстаманың ауасының температурасы мен ылғалдылығын қалыптау үшін, ондағы желдету жүйесінің жұмысын жақсарту қажет. Неғұрлым қыстамада аралдардың ұялары көп болса, солғұрлым онда желдету құбырларының размерлері үлкен немесе тесіктері болуы керек. Ауа кіргізетін және шығаратын желдету құбырларының мөлшерін анықтау үшін, әрбір ара семьясына 6-8 см2 құбырдың көлденең беттерінің ауданын есептеп алу қажет. Әр кұбырдың көлденең кесінді бетінің ауданы 20 см * 30 см (600 см2) артық болмайды.
Қыстамаға желдету құбырларының аудандарының мөлшері үлкен қажет болса, онда оған бірнеше кіші размерлі құбырлар орнатады. Егер өте қарқынды желдету болса, қыстамадағы ауа қозғалысының жылдамдығын, құбырларда қаралған тартпа арқылы (ашып-жауып) қалыптайды.
Суық қыстамада, ауа температурасы сыртқы атмосферадағыдай төмен болса, кейбір ара семьялары қатты қыстарда 20 кг одан көп бал жеп, басқа бос қуыстарға (балы жоқ) кіріп аштан өліп қалады.
Қыстама кезіндегі араларға ең жақсы азық болып қант пен балдың қосындысы: 80 % ұнтақ қант және 45С температурада қыздырылған (кристалсыз) балдың – 20 % алынады. Азықтың дайын болғандығын органолептикалық тәсіл мен анықтайды. Егер бетінде жабысқақ түйірлер қалқып жүрмесе, онда қоспаның дайын болғандығын білдіреді.
Ара қыстағына кіргенде қолға қызыл сәулелі шам ұстайды, себебі оған аралардың реакциясы төмен болады және аралардың ызыңын есту үшін резинка түтікше алып, ұядан өлген араларды жиып алатын сым көсеу, үсігендерді жекелеп (семья бойынша) салу үшін қағаз немесе целлофан пакетиктер керек болады.
Аралар ұясын тыңдаудың алдында, үсіген аралдарды басып кетпеу үшін, сақтықпен сыпырып алады. Ұяны тындаған кезде, резина түтікшенің бір басын ұшу өңешіне жіберіп, екінші жағын құлаққа жақындатады. аралардың біркелкі, ағаш жапырақтарының сылдыры сияқты, шуылы семьяның жағдайының дұрыстығын білдіреді. Егер аралар мазасызданып шуылдаса, ол желдетудің нашарлығын көрсетеді. Азық қоры таусылуға айналған семьяда, аралар қатты мазасызданып, шуылы біркелкі болмай, ал кейбір аралар түтікшеден жақсы етілетін «қауіп хабарын» жібереді. Аралардың аштан өлер алдында семьядан біркелкі емес әр дыбысты және өте әлсіз шулар шығады да, ал ұшу өнешінің маңайынан іш өткеннің белгісі көрінеді.
Аралар сол сияқты варроа кенелері мен немесе басқа зиянды жәндіктер мен зақымдалғанда да, және ауа өте құрғап кеткенде де, шуылдайды. Аралар ұяларын қыстақтан шығарғаннан кейін, қораны мұқият тазалап, кептіріп және жаңа сөндірілген хлорлы әкінің 10-20 % ертіндісімен ақтайды.
Аралардың қыстақтарын, жаз айларында қойма т.б. мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |