Аралар омартасындағы ветеринариялық-санитарлық режим
Шаруашылыққа немесе омартаға ескі пайдаланған ұялар, бал шығаратын аппараттар, әртүрлі саймандар, бал салатын ыдыстар т.б. түскенде міндетті түрде дезинфекцялаудан өткізіледі. Омартада ұялардың артық қоры (10-15 %) болуы керек. Аралардың семьяларын бүтін, боялған, номерлеген және жер бетінен 30 см биіктікте аяқтарға отырғызылған ұяларда ұстайды. Омартада қол жуғыш, қақпақты шелек, дәрі-дәрмек, жәшік, сабын, қол орамал және бір жұмысшыға екіден халаттар болуы керек.
Әрбір жаңадан келген аралардың партиясын, басқа омартадан 5-7 км жақын емес жекелеген омартаға орналастырады. Оны малдәрігерлік бақылауда 30 күн ұстап, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының бар жоғын тексереді. Егер лабораториялық зерттеудің нәтижелері аурулардың жоқтығын бекітсе, семьяларды негізгі омартаға орналастырады. Көктемде арашы адам әр ұядағы аралардың ұшу қарқынына көңіл аударады. Омартаның жұқпалы аурулардан амандығын анықтау үшін, әрбір ара семьясынан 10 % есебінен (50-ден кем емес) тірі араларды бөліп алып (немесе сондай мөлшерде өлгендерден) лабораторияға жібереді. Бал жинау аяқталғаннан соң, көктем және күзде аралар семьяларын тексереді. Қарап тексеру кезінде ұялардың ұшу өнештеріндегі өлген аралардың санына көңіл бөледі. Аралардың 5-10 бастарының өлуі табиғи болуы мүмкін, ал өлгендер саны көп болса, ұяларды қараудан өткізеді. Ұялардың алдыңғы алаңдарында жорғалаған аралар, олардың личинкалары, өлекселері және ұшып қонатын тақтайларында, қабырғаларында ара нәжістерінің жұғындылары болса семьяларды мұқият тексеруден өткізеді.
Ұяларды бұзып тексеру кезінде, оның ішінің ылғал-сыздығы, рамкаларының, балауыздардың (сетка) беттерінде көгергендік, саңырау құлақтардың өсуі, басқа буын аяқтылардың, құрт-құмырска, шыбын-шіркейлердің барлығын қарайды. Себебі, көбі олардың жұқпалы аурулардың қоздырғыштары және таратушылары болып саналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ара - жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Аралар топтанып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз еркек аралар және ондаған мың жұмысшы аралар болады. Аналық ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі. Аналық ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Жұмысшы аралар 7 – 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және мұны мүлтіксіз орындайды.
Ара тұқымдары бір-біріне сыртқыы түрі, мінез-құлқы мен шаруашылыққа пайдалы қасиеттерімен ажыратылады.
Негізгі кең тараған тұқымдарына орман арасы, украин арасы, кавказ арасы жатады. Орман арасы орманды солтүстік өңірде өсіріледі. Олар украина арасынан үлкен, түсі қаралау болып келеді. Балауыз ұяшықтарын аппақ балмен жабады. Украина арасы далалы және қара топырақты аймақтарда өсіріледі. Орманды араларға қарағанда түсі ақшылдау тұмсығы ұзын, гүл тозаңдарын жинауға епті келеді. Балауыз ұяшықтарын оларда орман аралары сияқты аппақ балмен жабады. Оларға түтінсіз және арнайы жасалған тор маскасыз жақындау қиын. Кавказ арасы Қап тауының баурайында өсіріледі. Оларды түсіне қарай сары, таулық сұр, абхаз арасы және солтүстік Кавказ арасы деп төрт топқа бөледі. Бұл аралардың тұмсығы ұзын. Сондықтан басқалармен салыстырғанда олар Кавказда кең тараған қызыл жоңышқаны жақсы пайдаланады, ал адамдарды сақтайтындықтан олармен түтінсіз және арнаулы тор маскасыз жұмыс істеуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ГИГИЕНА ЖӘНЕ САНИТАРИЯ - II» пәнінің 05120100 – « Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Семей 2015
2. Интернет желісі
Достарыңызбен бөлісу: |