Сөж тақырыбы: Дамудың қатерлі кезеңдері


Жыныс жасушаларының құрылысы



бет2/8
Дата26.12.2022
өлшемі1,51 Mb.
#164445
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
494304.pptx
1 ä?ð³ñ òà?ûðûáû. Á³ë³ìí³? åðåêøåë³êòåð³ ìåí îíû? ?àç³ðã³ ?ëåóìå, Отчет по устранению пробелов в знаниях Чередниченко, Астрономия пәні және оның басқа пәндермен байланысы, қосымша 25.11

Жыныс жасушаларының құрылысы

Аталық және аналық жыныс жасушаларының жамуы және пісіп жетілуі, яғни гаметогенез, жыныс бездерінде өтеді.

Прогенез – ұрықтануды және жаңа организм дамуының алғашқы кезеңдерін қамтамасыз етуге, яғни репродуктивтік қызметті атқаруға қабілетті жыныс жасушалар пайда болады.

Аталық жыныс жасушасы

Жыныстық жетілу кезінен (13-15 жас) бастап, аталық жыныс безінде үздіксіз пайда болып жатады. Жетілмеген жас жыныс жасушалардан – сперматогонийлардан бастап, 72 тәулік бойы өтетін сперматогенез арқасында, кемелденген сперматозоидтар дамып шығады.


Сперматогенез.
Көбею кезеңі. Бұл кезеңде бастапқы жасушаларды сперматогония деп атайды. Жыныс жасушалары митоз жолымен бірнеше рет бөлінеді де, олардың саны көбейеді. Сперматогония ер адамадарда барлық репродуктивті кезең барысында көбейеді.
Өсу кезеңі. Бұл кезеңде жасушалар көлемі бойынша өседі. Сперматогония I ретті сперматоциттерге айналады.
Жетілу кезеңі. Бұл кезеңде бірінен кейін бірі келетін екі реттік бөліну – мейоз I және мейоз II жүзеге асады. Бірінші бөлінуден кейін II ретті сперматоциттер қалыптасады. Ал екінші бөлінуден кейін төрт сперматидтер түзіледі.
Қалыптасу кезеңі. Бұл кезең тек сперматогенезге ғана тән. Жетілмеген сперматид өзіне тән қалыпқа еніп, сперматозоидқа айналады. Сперматозоидтардың түзілуі ер адамдарда жыныстық жетілу кезеңінде басталады. Сперматогонийдің жетілген сперматозоидқа дейін даму кезеңі 74 тәулік.
Ұрықтану өтетін жерге дейін 150-400 млн сперматозоидттан тек 200-400 ғана жетеді. Ал, аналық жыныс жасушасына тек бір сперматозоид кіре алады, қалғандары аналық жыныс жолдарында опатқа ұшырайды.
Сперматозоид құрылысы:
Плазмалеммамен қапталған бас, мойын, дене және құйрық бөлімдерінен тұрады. Басында гаплоидты жиынтығы бар ядро; Акросома протелеизидтік ферменттері бар Гольджи туындысы; Мойын бөлігінде 2 центриоль; Құйрығында көптеген митохондрия бар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет