Овоцитке жеткен 200-400 жуық сперматозоидтар оны қоршап, қабығымен әрекеттеседі. Ұрықтандыру үшін сперматозоид 3 кедергіден: сәулелі тәж, мөлдір зона және плазмалеммадан өтуі керек. Бұл жерде акросомалық реакция – сперматозоид жұмыртқа жасушасының қабығын еріте бастайды.
Сингамия
Кортикальды реакция және аталық және аналық хромосомаларының қосылуы жүреді.
Генетикалық материалдың бірігуі нәтижесінде, сомалық жасушаларға тән хромосомалардың диплоидтық жиынтығына ие ортақ ядро – синкарион қалыптасады. Мұндай ұрықтанған жұмыртқаны зигот деп атайды.
Бөлшектену – көп жасушалы бір қабатты ұрық – бластула қалыптасуымен аяқталатын, зиготаның және одан пайда болған бластомерлердің, бірізді митоздық бөлінулер қатары. Эмбриогенездің осы бірінші сатысы барысында бір жасушалы организм- зигота көп жасушалы түріне бластулаға айналады.
Жатыр түтігінің ампуласында ұрықтанудан кейін 30 сағат шамасында жүреді. Эмбриогенездің 3 тәулік бойы өтетін мұндай өзгерістер бластомерлер арасында мамандандырылған жасушааралық саңылаулы және тығз контакттар қалыптасуына жағдай жасайды.
Дамудың 3 тәулігінде бұрынғыдан да тез өтетін бөлінулер арқасында мөлдір қабат ішінде 12-16 бластомерлер жиналып, ерте кездік морула деген ұрық қалыптасады.
Гаструляция
Ұрықтың іштегі дамуы барысында бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп бағытты орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс. Бір қабатты ұрық бластуланың орталық білікті және билатеральді симметрияға иеленген үш қабатты ұрық – гаструлаға айналу процесі. Ол көп жасушалы организмдердің ұрықтық дамуының ерте кезеңдерінде жасушаларының кұрделі орын ауыстыруы- иммиграция, бластула қабырғасы бір бетінің бластоцельге қарай ойылуы-инвагинация әдістер арқылы өтеді.