Сөж тақырыбы: Дамудың қатерлі кезеңдері



бет3/8
Дата26.12.2022
өлшемі1,51 Mb.
#164445
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
494304.pptx

Аналық жыныс жасушасы

Әйелдердің аналық жыныс бездерінде жыныстық жетілу мезгілінен, яғни 12-14 жастан бастап, ұзақтығы 24-28 күндік әрбір овариальді-менструальді циклдің соңында әдетте бір ғана аналық жыныс жасуша овоцит пісіп-жетіледі.

Көбею кезеңі. Бұл кезеңде бастапқы жасушаларды овогония деп атайды. Олардын дамуы барысында аналық жыныс жасушалары қалыптасады. Жыныс жасушалары митоз жолымен бірнеше рет бөлінеді де, олардың саны көбейеді. Овогония эмбриондық кезеңде көбейіп, жатыр ішінде дамудың 2-5 ай аралығында қарқынды жүреді.

Көбею кезеңі. Бұл кезеңде бастапқы жасушаларды овогония деп атайды. Олардын дамуы барысында аналық жыныс жасушалары қалыптасады. Жыныс жасушалары митоз жолымен бірнеше рет бөлінеді де, олардың саны көбейеді. Овогония эмбриондық кезеңде көбейіп, жатыр ішінде дамудың 2-5 ай аралығында қарқынды жүреді.

Өсу кезеңі. Бұл кезеңде жасушалар көлемі бойынша өседі. Овогония I ретті овоциттерге айналады. I ретті овоциттердің көлемі үлкейіп, қоректік заттар жиналады.

 Жетілу кезеңі. Бұл кезеңде бірінен кейін бірі келетін екі реттік бөліну – мейоз I және мейоз II жүзеге асады. Бірінші бөлінуден кейін II ретті овоциттер қалыптасады. Ал екінші бөлінуден кейінкөбею үдерісіне қатыспайтын үш полярлы денешікпен жетілген жұмыртқа жасушасы түзіледі.

Овоцит құрылысы:

Овоцит құрылысы:

Шар пішінді, көлемі сперматозоидтан 300 есе үлкен; 3 қабаттан: нұрлы тәж, мөлдір зона, плазмалемма; Олигоцетальды және изолецитальды сары уыз болады; Кортикальды гранулалар Гольджи аппаратыняың туындысы; Гаплоидты жиынтығы бар ядро.

Сперматогенез бен овогенездің бұл ерекшеліктері аталық және аналық гаметалардың әртүрлі қызметтеріне байланысты. Овогенез барысында жасушалардың теңдей емес бөлінуі ірі жұмыртқа жасушасының дамуын қамтамасыз етеді және онда көп мөлшерде қоректік заттар жиналады, себебі ұрықтанған жұмыртқадан жаңа ағза дамиды. Сперматогенез бен овогенезді салыстырмалы сипаттауда сперматозоидтар көп дамитынын байқауға болады. Бұл үдерістің өзіндік биологиялық мәні бар, себебі жұмыртқа жасушасына тек бір сперматозоид еніп, өзінің хромосома жиынтығын жеткізеді. Ал қалғандары жұмыртқа жасушасын іздеу барысында тіршілігін жояды. Сперматогенез бен овогенезді салыстыруда сперматозоидтарға қоректік заттар қорының қажет еместігі түсінікті, себебі олардың тіршілігі ұзақ емес, ал қозғалғыштығы жылдам болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет