Сөж тақырыбы: Дамудың қатерлі кезеңдері



бет8/8
Дата26.12.2022
өлшемі1,51 Mb.
#164445
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
494304.pptx

Қауіп-қатерлі кезеңдерде ұрықтардың метаболизмі қатты өзгеріске ұшырайды, тыныс алу күшейеді, РНҚ мөлшері өседі, бұрын болмаған ақуыздар синтезделеді. Сонымен бірге, ұрықтың өсу қарқыны баяулайды, ал сапалық қайта құрылу – ұлғаяды. Нақтылы гендердің белсенділігі кризистік кезеңдерге тура келеді және осы кезде зақымдатқыш факторлар әсерінен пайда болған ақаулар мен кемьарлықтар мутация салдарынан пайда болу арқылы дамитын ауытқулар мен кемтарлықтарға ұқсайды.

Әйгілі орыс эмбриологы П.Г.Светлов адам ұрығы дамуында мына кризистік кезеңдердің маңызды екендігін көрсетті :

Әйгілі орыс эмбриологы П.Г.Светлов адам ұрығы дамуында мына кризистік кезеңдердің маңызды екендігін көрсетті :

  • - имплатанция ұрықтанудан кейін 6-7 тәуліктер
  • - плацентация жүктіліктің 2-аптасының соңы
  • - перинатальды босану кезеңі
  • Өмір сүру ортасының өзгеруіне бейімделуі үшін, ұрықта жаңа талаптарға сәйкес өзгерістер өтуі тиіс. Сондықтан, ұрықтың қан айналым, газ алмасу, қоректену сипаттары өзгереді. Осы кездерде әсерін тигізген зақымдатқыш факторлар эмбрион дамуын тоқтатып, түсіктірге, өлі туылуға т.с.с. ұшыратады.

Бүкіл организмге ортақ осындай жалпы кризистік кезеңдерге қосымша, адам эмбрионы дамуының әр түрлі мерзімдерінде жеке ағзалар дамуының қауіп-қатерлі кезеңдері анықталды. Адамның дамушы жүйелері арасында, әсіресе, мидың орны бөлек. Себебі, ол қоршаған тіндер мен ағза бастамаларының дифференциялануы үшін бірінщілік индуктор.

  • Бүкіл организмге ортақ осындай жалпы кризистік кезеңдерге қосымша, адам эмбрионы дамуының әр түрлі мерзімдерінде жеке ағзалар дамуының қауіп-қатерлі кезеңдері анықталды. Адамның дамушы жүйелері арасында, әсіресе, мидың орны бөлек. Себебі, ол қоршаған тіндер мен ағза бастамаларының дифференциялануы үшін бірінщілік индуктор.

Адам ұрықтары мен нәрестелерінің дамуының кейбір ауытқуларының даму мерзімдері


Аномалия түрлері

Жасы

Анэнцефалия – мидың, бас сүйектерінің күмбезінің болмауы

26 тәулік

Менингомиелоцеле – омыртқаның ақауы арқылы жұлынның қабықшалары мен тіндерінің сыртқа шығуы

28 тәулік

Жырылған ерін – жоғарғы еріннің дамуының ақауы

36 тәулік

Жоғарғы жақтың және таңдайдың жырықтары

9-10 апта

Гипоспадия – еркек жынысты балаларда зәр шығару түтігінің дистальды бөлігінің болмауы, ал оның сыртқы тесігі ұмада немесе шат аймағында болады; әйел жынысты балаларда – зәр шығару түтігінің болмай, оның тесігі қынапқа ашылады

12 апта

Крипторхизм – аталық жыныс безінің ұмаға түсуінің кешігуі

7-10 ай

Қорытынды

Жүктілік кезінде екі организм- ана және ұрық ағзалары арасында функциялық жүйе қалыптасады. Ана-нәресте жүйесі қалыптасу кезінде бірқатар кризистік кезеңдер пайда болады. Бұл кездерде ана-нәресте функциялық жүйесі өте жараланғыш болып келеді. Сондықтан, ана-нәресте организмдері арасындағы гистологиялық, иммунологиялық ерекшеліктерін зерттеу жүктілікті медициналық қорғаудың негізін қалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет