СөЖ тақырыбы: Тоғызыншы сыныптағы Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңін жаңаша мазмұндап түсіндіру тәсілдері



бет1/5
Дата13.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#125766
  1   2   3   4   5
Байланысты:
13.СӨЖ ҚӘ Кәдірбек Динара


Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ тақырыбы: Тоғызыншы сыныптағы Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңін жаңаша мазмұндап түсіндіру тәсілдері



Орындаған: Кәдірбек Динара

Орта мектептегі ЖББ бойынша Т.Айбергеновтың «Сағыныш" өлеңі 9-сыныптың 3- тоқсанында «Адам жанының құпиясы" тарауында оқытылады.

Төлеген өлеңдерінің құлақ күйі сағыныш болғандықтан ол адамның ұлылығын, ойының даналығын, махаббатының баяндылығын осы бір сезімнің ақыл-таразысына салып өлшейді. Оның барлық арман-мұраты сағыныш сезімінің бесігіне құндақталған.

«Сағыныш» атты өлеңдер топтамасында бұл алапат сезім буырқанып, теңіздей толқып, таулардай асқақтап кетеді. Дүниеге деген ынтызарлығыңызды тірілтіп, өмірге деген құштарлығыңды оятатын ақын жырларындағы лапылдап жанған сағыныштың оты жүрегіңді шарпиды. Өлеңінің біссімілләсін «Сағындым жаным мен сені!» деп бастап, жан сырып айтып, алдыңда ақтарылып сала берген ақ жүректі ақын бірден сенің сырласыңа, мұңдасыңа айналып қоя береді.

Сағыныш

Сағындым жаным, мен сені!

Көркіңді жүрген қуаныш қылып,

мендей ме екен бар ағаң...

Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.

Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те,

Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.

Онсыз сен, тіпті, тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға.

Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.

Сағынбай барсаң теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай.

Бұлбұлдың даусын ести алмайсың,бауларға кірсең сағынбай.

Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,

Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап...

Үмітке толы, арманға толы әр жерде бір түп қарағай,

Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкін жамырасуға да жарамай.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет